Қазақстан • 28 Ақпан, 2018

«Үздік жас заңгер – 2018» конкурсы жарияланады

1152 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры 2018 жылдың 1 наурызынан бастап «Үздік жас заңгер – 2018» сыйлығын тағайындау үшін конкурстың басталуы туралы жариялайды.

«Үздік жас заңгер – 2018» конкурсы жарияланады

Фото: teenlife.com

Конкурсты өткізудің мақсаты - жоғары білікті заңгерлердің қоғамның және мемлекеттің алдында сіңірген еңбегін мойындау, Қазақстанның құқықтық саладағы тиімді мамандарының пулын қалыптастыру болып табылады.

Конкурстың міндеттері құқықтану саласындағы жас қазақстандықтарды анықтау және қолдау, аталған мамандықтың беделін нығайту, оның қоғамдағы маңыздылығын көрсету болып табылады.

Конкурс үш номинация бойынша жүргізіледі:

  1. Заң ғылымына қосқан үлесі;
  2. Заң шығару қызметіне қатысуы;
  3. Құқықтық білім беру және ағартушылық.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру мерзімі - 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2018 жылғы 28 тамызда, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі 1, Назарбаев Орталығында өтеді.

Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) болып табылады. Конкурсты өткізудің әріптестері: ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, ҚАЗМЗУ университеті, Қазақстан заңгерлерінің одағы және Қазақстанның криминология қауымдастығы.

Конкурсқа қатысу үшін 18 бен 40 жас аралығындағы қатысушылардың қазақ және/немесе орыс тіліндегі өтінімдері қабылданады.

Қатысушы тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін номинация ұйымның немесе тұлғаның өзін-өзі ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімде көрсетілуі тиіс мәліметтер:

1) Үміткердің аты-жөні

2) Білімі

3) Ғылыми дәрежесі және басқа да атағы

4) Конкурстың номинациясы

5) Жұмыс тәжірибесі

6) Жетістіктері және өзге де сіңірген қызметі 

7) Қатысудың қысқаша негіздемесі

8) Пошталық мекенжайы

9) Байланыс мәліметтері: телефон, электрондық пошта

Өтінімге біліктілігін және сіңірген еңбегін растайтын құжаттар және өзге де материалдар қоса беріледі: пікірлер, рецензиялар, дипломдар, наградалар, патенттер, басылымдар, ұсынымдар және басқа да құжаттар.

Өтінімдерді бағалау және Конкурстың жеңімпаздарын анықтауды Қазақстанның белгілі заңгерлері, сондай-ақ Ұйымдастырушы мен Конкурстың әріптестері арасынан құрылатын конкурстық қазылар алқасы жүзеге асырады.

Барлық номинациялар бойынша Конкурстың жеңімпаздарына «Үздік жас заңгер – 2018» атағы беріледі (номинацияға байланысты), сондай-ақ төс белгі, диплом және ақшалай сыйлық беріледі.

Өтінім Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мекенжайы бойынша пошта арқылы жіберіледі, сондай-ақ [email protected] электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

Конкурстың ережелерін www.fpp.kz сайтында табуға болады.