Паролимпиадашылар Алматыдан Пхенчанға аттанды

XII Қысқы паролимпиада ойындары Наурыз айының 9 мен 18 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчань қаласында өтетіні мәлім. Әлемнің әр қиырынан келген 700-ге тарта спортшы бақ сынайтын төртжылдықтың басты бәсекесіне Қазақстан паролимпиада құрамасы да аттанды. Алматы маңындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Егемен Қазақстан
28.02.2018 14380
2

Паролимпиада ойындарында еліміздің атынан алты  спортшы өнер көрсетеді. Олардың сапында шаңғы жарысы мен биотлон бойынша бақ сынайтын Қайрат Қанапин, Александр Герлиц және Сергей Уссольцев, сондай-ақ шаңғымен сырғанаушылар Денис Петренко, Александр Колядин, Жаңыл Балтабаевалар бар. Тартысты додада ел байрағын ұстау құрметі Қайрат Қанапиннің еншісіне бұйырған. Шығарып салу рәсімінде төрт жыл бұрын Лондонда өткен жазғы паролимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Ғабидуллина спортшыларға табыс тілеп,  ел туын Қанапинге өз қолымен тапсырды.

Естеріңізде болса Сочиде өткен қысқы паролимпиада ойындарына бұл спортшылардың үшеуі қатысқан еді. Жарыс қорытындысы бойынша Александр Колядин жиырма шақырымдық жекелеген жарыста 13-ші, спринт бойынша 33-ші орынға тұрақтаған. Ал Қайрат Қанапин спринтте 13-ші, он шақырымдық жекелеген жарыста 17-ші орыннан көрінсе, Жаңыл Балтабаева бес шақырымдық жекелеген жарыс жолында 23-ші орынға тұрақтаған еді. Ол кезде жіберген олқылықтың орнын толтырамыз деген  паролимпиадашылар, жарыста ел намысы үшін бар мүмкіндігін салатынын айтты.

«Бізге сенім артып отырған отандастарымыздың, жаттықтырушыларымыздың үмітін ақтау үшін аянбаймыз. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Паролимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын алып шығатыныма қуаныштымын. Бұл маған артылған үлкен жауапкершілік. Бәрі жаттығудағыдай сәтімен болады деп үміттенемін», дейді Қайрат Қанапин.

Биылғы паролимпиада ойындарында барлығы 80 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл Сочиде өткен қысқы олимпиадамен салыстырғанда 8 медаль жиынтығының артқанын көрсетеді. Ұлттық штаттық командалар және Спорт резерві дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крюковтың сөзінше алтын медаль алған спортшыға 250 мың, күміс жүлдегерге 150 мың, қола медальға қол жеткізгендерге 75 мың ақш доллоры көлемінде ақшалай сыйақы берілмек. Оған қоса паролимпиада ойындарында 4-орын алған спортшығы 30 мың, 5-орынға 10 мың, 6-орынға 5 мың АҚШ доллары көлемінде қомақты  сыйақы табысталатын болады.

– Басқа мемлекеттермен салыстырсақ Қазақстанда паролимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері едәуір көп. Бұл қарсыластарын ғана емес, басындағы ауыр дертін жеңуге талпынған жарымжан спортшыларға жасалған үлкен қолдау деп түсінуге болады. Артылған сенім мен алға қойылған мақсат орындалады деп сенеміз, – дейді Алексей Крюков.

Бізде өз кезегінде газетіміздің  қалың оқырмандарының атынан спортшыларымыздың жеңіспен оралуына тілектестік білдіреміз.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу