Банктер, теңге бағамы, криптовалюталар және басқа да мәселелер туралы

Данияр Ақы­шев­тың онлайн-конференциясына дай­ындық барысында оған 300-ден астам сұрақ жолдады. Үш сағатқа созылған марафон ішінде еліміздің бас банкирі экономиканың қаржы секторына байланысты қоғамды толғандыратын мәселелердің басым бөлігіне жауап беріп үлгеруге тырысты.

Егемен Қазақстан
01.03.2018 18799
2

Халықпен дәстүрлі ауқымды интерак­тивті әңгіме құру – Ұлттық Банктің жүйелі түрде іске асыратын, мәселенің ашықтығы мен бол­жамдығын арттыруға бағытталған сая­сатының құрамдас бір бөлігі. Елдің бас банкі­нің басшылығы азаматтардың барлық сұ­рақ­тарына ашық та шынайы және кәсіби тұр­ғыдан жауаптар берілген жағдайда түр­лі әңгімелер мен өсек-аяңдарға және басқа да жел сөздерге орын қалмайды деген қағидат­ты негізге алады.

Ағымдағы жағдай туралы

Данияр Ақышев өзінің кіріспе сөзінде Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты, сондай-ақ қаржы нарығындағы ағым­дағы жағдай туралы айтып берді. Ол қаң­тарда жылдық инфляцияның төмендеуі жал­ғасқанын және айдың соңында 6,8% бол­ғанын атап өтті. бұл 2018 жылға белгі­лен­ген жаңа дәлізге (5-7%) сәйкес келеді. Қаңтардың қорытындысы бойынша инфля­циялық болжамдарды бір жыл бұрын сандық бағалау 6,6%-ды құрады және іс жүзіндегі инфляцияның көрсеткішіне сәйкес келетін деңгейде белгіленген.

– Ұлттық Банктің алтын-валюта ре­зерв­тері, алдын ала деректер бойынша, қаң­тарда 31,7 млрд АҚШ долларын құрап, 3,2%-ға ұлғайды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 млрд АҚШ доллары болды. Елдің жалпы халықаралық резервтері 90,1 млрд АҚШ долларына немесе ІЖӨ-нің 57%-ына жуықтады, – деді Данияр Ақышев.

Сонымен бірге ол 16 қаңтардан бастап базалық мөлшерлеменің 9,75%-ға дейін тө­мен­детілгенін еске салып, енгізілген сәт­тен бастап алғаш рет оның деңгейі бір мән­ді шамаға жеткенін атап өтті. Содан кейін ол ақша нарығында артық теңге өтім­ділігі сақ­талып отырғанын, оны алу үшін Ұлт­тық Банктің қысқа мерзімді нотт­ары пай­даланылатындығын айтып берді. Қаң­тар­дың соңында айналыстағы ноттар көлемі 4 трлн теңге болған.

– Валюта нарығында Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін ұстануда. Биыл теңгенің нығаюы байқалып отыр. Жыл басынан бері теңге 4%-ға, 1 доллар үшін 318,99 теңгеге дейін нығайды. Бұл мұнай нарығындағы жағымды конъюнктура аясында мүмкін болуда. Ақпанда салық төлемдері кезеңіне орай теңгеге сұраныс ұлғайды, – деп түсінік берді Ұлттық Банк басшысы.

Ол сондай-ақ банктердің экономикаға кредит беруі қалпына келіп жатқандығын атап көрсетті.

– Үстіміздегі жылғы қаңтарда жаңа кре­дит­терді беру көлемі 830 млрд теңге болды, бұл 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 44%-ға көп. Қаңтарда кредиттер бойынша мөл­шерлеме – 14,7%, бизнес кредиттері бойынша 13,4% болды. Қаңтарда тартылған салымдар көлемі өткен жылғы қаңтармен салыс­тырғанда 21%-ға ұлғайды. Теңгемен салымдардың жалпы көлемі 2,1%-ға артып, 9,4 трлн теңгеге дейін өсті. Керісінше, шетел валютасымен салымдар 7%-ға, яғни 7,8 трлн теңгеге төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру 45,4%, оның ішінде жеке тұлғалардыкі – 51%, заңды тұлғалардыкі 40% болды, – деді Данияр Ақышев.

Банк секторының тұрақтылығы туралы

Сонымен бірге Ұлттық Банк басшысы өзінің сөзінде қаржы секторын «қайта іске қосу» шеңберінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу бойынша өзі басқаратын мекеменің жұмысы туралы да әңгіме қозғады. Бұл саладағы жұмыстың басты бағыты Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыру болып табылады.

– Бүгінде дағдарысқа қарсы шараларды табысты іске асырғаннан кейін біз Ұлттық Банк тарапынан қадағалауды күшейтуге көшеміз. Банктердің жоғары деңгейде сақ болу саясатын ынталандыру тәуекелге бағдарланған қадағалау мақсатынан туындап отыр. Заңнамаға тиісті түзетулерді біз Үкіметпен де, Парламентпен де белсенді түрде талқылап жатырмыз, – деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ ол бағалы қағаздар нарығы­ның тартымдылығын арттыру шеңберінде Үкімет пен Ұлттық Банктің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданғанын хабарлады.

– Біз қандай да болсын бағдарламалық мәлімдеме жасаудан аулақ болуға тырысып, қор нарығын реттеуді ырықтандыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, осы саладағы нарықтық бәсекелестік бойынша баға белгілеу мәселесінде нақты ағымдағы міндеттерді шешуге баса назар аудардық. Бірқатар шара іске асырылды. Эмитенттердің қор нарығына шығу және бөлшек инвесторлар үшін сауда-саттыққа қолжетімді болу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді, брокерлердің қызметін ырықтандыру және банк холдингтерінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту KASE-де бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жандануына алып келді, – деді Данияр Ақышев.

Сұрақтар мен жауаптар сессиясына көшкеннен кейін пікірталас интерактивті сипатқа ие болды. Модераторлардың көме­гімен Ұлттық Банк басшысына интернет-пайдаланушылардан түрлі арналар бойынша келіп түскен сұрақтар қойылды. Бұдан басқа, Алматыдағы Ұлттық Банктің офисінде онлайн-конференцияға қатысқан журналистер, сондай-ақ өңірлік БАҚ өкілдері Ұлттық Банктің аумақтық бөлімшелеріндегі бейнебайланыс арқылы өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Банктер – экономиканың бет-бейнесі

Интернет-пайдаланушыдан алғашқы сұрақ та банк секторына қатысты қойылды. Оған жауап бере отырып, Данияр Ақышев 2017 жылы іске асырылған Банк секторының қар­жылық орнықтылығын арттыру бағ­дар­­ламасы туралы айтып берді. оның шең­берінде бес банк үстеме капиталданды­рылып, сондай-ақ Казкоммерцбанкті қа­лып­қа келтіру жүргізілген. Сонымен қатар ол банк секторындағы ахуалдың әдетте эко­номикадағы жағдайды көрсететінін еске сал­ды.

– Банктер экономиканың бет-бейне­сі болып табылады. Егер экономика­да қан­дай да бір дағдарыстар немесе проб­ле­малық құбылыстар байқалса, банктер эко­номиканың кез келген субъектісі сияқты бұл қиындықтарды сезіне бастайды, – деді Данияр Ақышев. Сондай-ақ ол банк­тер өздерінің салымшыларымен есепте­се алу үшін олар сыртқы және ішкі күйзе­ліс­тердің теріс әсерінен қорғай алатын түрлі тос­қауылдардан капитал түрінде резервтер құру­ға тиіс екендігін баса айтты.

Бұл ретте қазіргі уақытта банктердің көпшілігінің жеткілікті беріктік қоры бар екендігіне екпін түсірілді және банк секторын одан әрі дамыту өзіне жағымды тұрғыдан көрінетінін білдірді.

Сын өте орынды

Ұлттық Банк басшысы сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың қаржы реттеушісінен банк­тер­дің проб­ле­маларын түпкілікті шешуді та­лап еткен сыни ескертулеріне түсінік берді.

– Біріншіден, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған сыны өте орынды. Ұлттық Банк реттеуші ретінде банк секторының 2008-2009 жылдардан бастап жинақталған проблемаларын шешу мәселесінде көп кешікті. Статистикаға сәйкес, банктердің проблемалық портфелінің 90%-ы олардың 2006 – 2012 жылдар ара­лы­ғында берілгенін көрсетіп отыр. Яғни ақ­шаны асыра мақсатсыз пайдалану көп анықталған банктердегі кредиттік бел­сен­ділік ұзақ жыл бойы жүргізіліп, бұл ке­лең­сіз жайт таяу уақытта ғана анықталды, – деді Данияр Ақышев.

Ол 2009 жылғы дағдарыстан кейін банк-
тер шетелдерден қаржы тарту мүмкіндігін жоғалтқан кезде, олар квазимемлекеттік сектордың айтарлықтай ақшасын өз баланстарында жинақтағанын еске салды. Бірнеше жыл ішінде банктердің шоттарындағы мемлекеттік қаражат 2,5 трлн теңгеден 7 трлн теңгеге дейін өскен.

– Алайда, өкінішке қарай, 2016 жылға дейін көптеген банктер сараланған кредит­тік саясатсыз бұл ақшаны өз қалауы бойын­ша пайдаланды. Жалпы алғанда, квази­мем­лекеттік сектордың ақшасы сенімсіз банк­терге, не біз лицензиясын қайтарып алған банктерге қалай және неліктен түскенін жеке қарастыру қажет, – деп толықтырды ол.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, барлық қазақстандық банктерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа дағдарыстан кейінгі кезеңде қорландырумен жағдайдың жақсаруына қарамастан сақ кредиттік саясатты жүргізуін жалғастырып, өз тәуекелдерін барабар бағалаған банктер кіреді. Олар өткен жылдардың проблемала­рын уақтылы шешіп, өздерінің кредиттік порт­фелін барынша әртараптандырды. Тиісінше, 2015 жылғы құнсызданудан кейін олар­да елеулі проблемалар байқалмады, сон­дықтан да мемлекеттік қолдаудан үміт­тенген жоқ.

Екінші топ – бұл ірі банктер, олар кредит­теудің дұрыс саясатын ұстануға тырысты, алай­да өткен кезеңдерден бастап баланс­тарында жинақталған нашар портфельдің ауқымына қарай және экономиканың жекелеген секторларына тәуелді болуына байланыс­ты жеткіліксіз капиталдандыруға ұшырады.

– Өкінішке қарай, бұл мәселені осы банк­тердің акционерлері тез әрі дербес шеше алмады. Бұл банктердің жоғары әлеуметтік мәніне, депозиттердің ауқымды көлеміне, баланстарындағы квазимемлекеттік сек­тор­дың ақшасына байланысты қаржы секторын қалыпқа келтіру бағдарламасы арқылы бұл банктерге көмек көрсету туралы шешім қабылданды, – деп айтып өтті Ұлттық Банк басшысы.

Банктердің көбінесе орта және ұсақ банк­тер кіретін үшінші тобы кезінде акцио­нерл­ерді кредиттей отырып БТА Банк жүр­гіз­ген саясатты жалғастырды. 2015 жылғы құн­сызданудан және квазимемлекеттік сек­тор қаражатын орналастыру саясатын қатаң­дат­қаннан кейін осы банктер жасырған бар­лық проблемалар жария бола бастады. Бұл проблемалардың ауқымы да айтарлықтай болды.

– Ұлттық Банк саясатының қандай да бір проблемаларды болдырмау жөніндегі кос­метикалық іс-қимылдарға емес, проб­ле­маны нақты шешуге бағытталуы дәл сол 2015 жылы күшейді. Біріншіден, біз бұл проб­леманы бірден мойындадық. Яғни шын­ды­ғына келгенде, оны біз өзіміз анықтап, оны шешу жөніндегі шаралар кешенін айқындадық. Сондықтан да осы уақыт бойы Ұлт­тық Банктің қадағалау және реттеу саясатын қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жү­р­гізілді, – деп атап өтті Ұлттық Банк төр­ағасы.

Болашақта банктерде осындай проблемалар туындамас үшін Ұлттық Банк өзінің реттеу және қадағалау құралдарын банктердегі ахуалдың нашарлауының алдын алу үшін ден қою бөлігінде күшейтпекші. Атап айтқанда, Ұлттық Банк, егер банк өзіндегі жағдайдың нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін тәуекелі жоғары саясат жүргізіп отырғанын байқаса, онда ол оның қызметіне араласу құқығын алуды жоспарлап отыр.

– Өкінішке қарай, қазіргі құралдар бұл проблемаға ден қоюға мүмкіндік бермейді, біз оны орын алғаннан кейін ғана шешеміз. Сондықтан да біз Ұлттық Банктің қадағалау функцияларын күшейту жөніндегі заң жобасын дайындадық. Айтып өткенімдей, біз оны қазір Үкіметпен және Парламентпен бірлесіп қарқынды түрде пысықтаудамыз, – деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Бірқатар банктердегі жағдайға түсінік беру жөніндегі өтінішке Данияр Ақышев реттеушінің мұндай түсініктеме бере алмайтынын түсіндірді, себебі банктердің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат өте нәзік мәселе, оны жария ету қалыпты жұмыс істеп тұр­ған банктің өзін де дағдарысқа соқтыруы мүм­кін. Дегенмен де, ол банктерді жауап­кер­ші­лікке тарту туралы хабарларды Ұлттық Банк өзінің сайтында үнемі жариялап отыратынын атап өтті.

Егер анықталған бұзушылықтар реттеу­ші­ге уақтылы ұсынылмаған есептілік немесе қандай да бір нормативті орындамауға қа­ра­ғанда барынша маңызды болса, Ұлттық Банк бұл жағдайда ақпаратты құқық қорғау органдарына береді.

– Заңнаманың бұзылуы, корпоративтік басқару қағидаларын менсінбеу орын ал­ған барлық материалдарды, егер банк­тер­дің ақшаны акционерлердің немесе менед­ж­менттің пайдасына шығаруына қатысты кү­мән болса және бұл банк салымшыларымен ахуалдың нашарлауына әкелсе, біз, әрине, ондай материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз, – деп атап өтті ол.

Теңге бағамы туралы

Қазақстандықтарды қызықтыратын тағы бір мәселе теңгенің айырбастау бағамының өзгеруіне болжам жасау болып табылады. Осы тақырыпқа тоқтала келе, Данияр Ақышев Қазақстанда 2015 жылғы тамыздан бері еркін өзгермелі айырбастау бағамы қолданылатынын қаперге салды.

– Бұл теңге бағамының көптеген фактор­лар­ға байланысты қандай да бір жаққа қарай күнде ауытқып отыратынын білдіреді. Бағам­ның күнделікті ауытқуы – болмай қоймай­тын құбылыс. Мұндай жағдайларда көптеген жылдар бойы белгіленген бағамға үйренген қоғам айырбастау бағамы туралы кез келген ақпаратты қиын қабылдайды. Бұл тақырып қоғам үшін де маңызды, сондықтан да сарапшылар мен осындай атақ иеленгісі келетіндер көбейіп кетті, – деп атап өтті ол.

Данияр Ақышев 2015 жылғы құнсыз­данудан кейін қоғамның дәл осы жағымсыз ойлар мен жарияланымдарды қабылдауы айтарлықтай арта түскенін атап көрсетті. Мұндай «сарапшылардың» көпшілігінің білік­сіздігін уақыттың өзі көрсеткеніне қара­мас­тан, ахуалдың нашарлауын ғана болжайтын пікірлерге деген сұраныс жоғары, – деп то­лықтырды ол.

– Біздің ойымызша, фактілер, айғақтар мен қалыптасқан шынайы ахуалға қарамастан, жағдайдың жағымсыз дамуын болжайтын сарапшылардың мақсаты Ұлттық Банк саясатының ғана әрекеттерін сынамай, тұтастай алғанда, қоғамды тұрақсыздандыру болып табылады, – деді ол.

Қаржы реттеушісі басшысының пікірін­ше, ақша-кредит саясатының жаңа режіміне үйренісу үшін қоғамға уақыт қажет.

– Қазір ақша нарығы толығымен қалпына келтірілген, қатысушылар ашық әрі түсінікті ойын ережелеріне үйренген. Ақша-кредит саясатының құралдары және трансмиссиялық тетік біртіндеп қалпына келуде. Теңге бағамы әлемдік тауар нарықтарындағы ахуал және Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары сияқты іргелі факторлардың өзгеруіне барабар жауап қатуда. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді бола­шақта барлық мәлімделген заңдылықтар рас­талды. Жекелеген сарапшылардың қысқа мер­­зімді уақыт аралығында ахуалдың тұрақ­сыздығын пайдалану ниеттері іске аспады, – деп атап өтті Данияр Ақышев.

Бұл ретте ол үстіміздегі жылы айырбас­тау бағамы бойынша айтарлықтай өзгерістердің күтілмейтіні туралы болжамымен бөлісті.

– Қазіргі уақытта ахуал ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да қолайлы. Тұтастай алған­да, 2018 жылды айтарлықтай тыныш әрі Қазақстан экономикасы үшін тәуекелдер тудырмайтын жыл болады деп бағалаймын. Тиісінше, айырбастау бағамы бойынша қандай да бір айтарлықтай өзгерістер болады деп күтпеймін, – деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ипотека мәселесі туралы

Онлайн-конференцияға бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысқан Ақмола облысы журналисінің өтініші бойынша Данияр Ақышев ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының кеңей­ген­дігі туралы айтып берді. Ол ипоте­ка­лық қарыз алушылардың, оның ішінде валютамен кредиті барлардың проблемасы­мен Ұлттық Банк сонау 2015 жылдан, ипотекалық қа­рыз­дарды қайта қаржыландыру бағдарламасы қабыл­данғаннан бері айналысып келе жат­қанын еске түсірді. Дегенмен, бұл бағдар­ла­ма бірқатар факторға, атап айтқанда, ре­сурс­тардың шектеулі болуына байланысты проб­леманың бір бөлігін ғана шешті.

– Мемлекет басшысының бұл мәселе­лер­ден хабардар болуының арқасында, ол Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде осы мәселені түпкілікті шешу туралы тапсырма берді. Біз бүгінгі күні қолданыстағы қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейтудеміз. Бұл қосымша қаржы ресурстарын, оның ішінде Ұлттық Банк бюджетінің қаражаты есебінен қаржы қажет ететіні түсінікті. Соған қарамастан, қазірдің өзінде біз қоғамдық бірлестіктермен де, екінші деңгейдегі банктермен де негізгі тәсілдерді талқыладық. Жалпы алғанда, біз қандай да бір проблемаларды көріп отырғанымыз жоқ, жақын уақытта барлық осы түзетулерді нормативтік-құқықтық деңгейде қабылдауды жоспарлаудамыз. Ұлттық Банк Басқармасының не жақындағы, не келесі отырысына бұл бағдарлама енгізілетін болады, – деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы.

Оның айтуынша, бағдарлама қабыл­дан­ған­нан кейін жылжымайтын мүлік кепілімен валюталық кредиттері бар ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын осы жылы түпкілікті шешу үшін реттеуші Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі осы шаралар кешенін айтарлықтай жылдам іске асыруға ниетті.

Цифрландыру туралы

Бел­гілі болып отырғандай, Қазақстан бас­шы­лығының ерекше бақылауында тұрған елді дамытудың басым бағыттарының бірі экономиканың әртүрлі саласын цифрлан­ды­ру болып табылады. Қаржы секторын­да цифрлы технологияларды пайдалану перспек­тивалары туралы Данияр Ақышев қаржы жүйесіндегі цифрландыру қалыптасқан факт деп түсіндірді. Қолма-қол ақшасыз жасала­тын төлемдердің өзі жеке тұлғалармен емес, олардың банктердегі электрондық шоттар­да­ғы жазбалар түрінде көрсетілген цифрлы баламаларымен операциялар жүргізуді білдіреді.

– Банк секторы осы бағыттағы алғаш­қы­лардың бірі болып табылады. Қаржы тех­нологиялары мәселесі қалай болса да қол­ма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің алуан түрін пайдалануға байланысты. Осы тұр­ғыда қаржы нарығындағы цифрлы қыз­мет­тер үнемі алда жүретін болады, олар экономиканың ақша ағындарына қызмет көр­сетуге байланысты басқа секторлары үшін де өз әсерін тигізеді, – деді Данияр Ақышев.

Прогрестің тағы бір қыры

Қаржы секторындағы цифрлы технол­огиялардың дамуына, онлайн-төлемдердің танымалдығының өсуіне және интернет-банкинг жүйелерін пайдалануға қарай қаржы мекемелерін арам пиғылдағылардың кибершабуылдарынан қорғау мәселесінің маңыздылығы барынша артуда.

– Бір жағынан алғанда, сіз өз ақшаңызға қол­жетімділікті қамтамасыз ете отырып, қаржы­лық қызметтерді алудың қолайлы тәсіліне ие боласыз, бірақ, өкінішке қарай, осы ақшаны осы шотқа рұқсаты жоқ адамдар пайдалануы мүмкін. Осыған байланысты бұл – прогрестің басқа қыры. Және де бір жағынан алғанда біз осы прогресті қамтамасыз етуіміз, біздің азаматтарымыз үшін осы технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет, – деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ұлттық Банк қаржы нарығының қатысушыларымен киберқылмысқа барынша тиімді түрде қарсы тұру үшін жағдайлар жасау бойынша тығыз жұмыс істеуде.

Криптовалютаға инвестициялау тәуекелдері туралы

Онлайн-конференция барысында Данияр Ақышев криптовалюталарға қатысты өзінің теріс көзқарасын кезекті рет растады және қазақстандықтарды осы тәуекелді құралға инвестициялаудан сақтандырды.

– Криптовалютаның ешқандай құнды­лы­ғы жоқ, нақты құны және қандай да бір тұл­ғалардың міндеттемелері жоқ. Крип­то­валюталар нарығын толық тиімді реттеу мүм­кін емес, себебі олардың трансшекаралық си­паты бар. Тиісінше, осы процесті ұлттық рет­теуші тарапынан реттеудің ешқандай мүм­­кіндігі жоқ. Және де олар жекелеген ел­дер­дің юрисдикцияларының шеңберінен тыс болады. Мен біздің азаматтарымызға крип­т­о­валюталарға ақша салмауды тағы да ұсынамын, салынған инвестицияларды жо­ғалту тәуекелі өте жоғары, салынға ақша­ның сақталуына ешқандай кепілдік беріл­мей­ді, – деді ол.

Данияр Ақышевтың айтуынша, Ұлттық Банк осы салаға қатысты бірқатар ұсыныс әзірледі және олардың көпшілігін Үкімет қолдап отыр.

– Біз теңгемен криптовалюталар сатып алуды, Қазақстанда криптовалюталарды жарнамалаумен, оларды шығарумен айналысатын осындай компаниялардың қызметін шектегіміз келеді, – деп атап өтті ол, азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін не жасалып жатқанын айта отырып.

Сонымен бірге ол базасында криптовалюталар жасалатын блокчейн технологиясына қатысты оң көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, бұл технология кез келген тізілімді, дерекқорларды жүргізудің және қабылданатын шешімдердің айқындылығын арттыру үшін табысты түрде пайдаланылады.

Депозит – қауіпсіз құрал

Интернетті пайдаланушылардың сұрауы бойынша Данияр Ақышев халық үшін меншікті қаражатын қауіпсіз басқару бойынша бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. Ұлттық Банк басшысының негізгі кеңестерінің бірі – ақшаны банкте сақтау және реттеушінің тиісті лицензиясы жоқ, азаматтардың қаражатын тартуға тырысатын компанияларға сенбеу. Данияр Ақышев Ұлттық Банктің өзінің сай­тында қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін бірнеше рет жариялағанын хабарлады. Жағдайды пайдалана отырып, онлайн-конференция барысында олар туралы еске салды.

• Клиенттердің ақшасын тартуға тырыса­тын компанияда Ұлттық Банктің депо­зит­тер­ді қабылдауға лицензиясының болмауы;

• Жарғысының болмауы және мемлекеттік тіркелмеуі;

• Компанияның қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болмауы;

• Салымның сақталуына кепілдіктің болмауы;

• Салынатын қаражаттың қарыз нарығы бойынша орташа деңгейден асатын, негізсіз жоғары кірістілігіне уәде беру;

• Тартылған әрбір жаңа қатысушыға бонустар төлеуге уәде беру;

• Міндетті кіру жарнасы;

• БАҚ-та жаппай жарнамалау;

• Қымбат сыйлықтар бере отырып, жарнама шараларын және таныстырылымдар ұйымдастыру;

• Кіріс көздерінің, қаражат айналы­мы­ның, бизнес-процестердің айқын емес құрылымы және басқалар.

– Егер ұйымда осы белгілердің бірнешеуі бол­са, онда оған өз ақшасын сеніп беруге бо­латынын не болмайтынын ойлану керек. Сіздің ақшаңыздың сақталуы өзіңіздің пай­­ымыңызға және қаржылық сауат­ты­лы­ғыңызға ғана қатысты болады, – деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Оның ақпараты бойынша, құқық қорғау орган­дарымен бірлесіп жүргізілген осындай қаржы пирамидаларының қызметін тек­серу тәжірибесі қаржы пирамидаларына ин­вес­тицияланған қаражаттың көп бөлігінің қай­таруға болмайтынын көрсетіп отыр.

– Алаяқтар осы ақшаны пайдаланды, елден шығарды, өздері жоқ болып кетті және адамдар ештеңесіз қалды. Сондықтан, жедел және тым көп табыстарды жарнамалауға беріліп кетпеуді сұраймыз. Осының барлығы сізді өз жинақ ақшаңыздан айыруы мүмкін. Екін­ші деңгейдегі банктермен жұмыс істе­ңіздер, – деп қорытындылады ол.

Уақыттың шектеулі болуына қарай, онлайн-конференция барысында Ұлттық Банктің басшысы өзінің атына келген барлық сұраққа түсінік бере алмады. Сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар осы сұрақтардың ешқайсысы да жауапсыз қалмайтынына уәде берді. Олардың барлығы Ұлттық Банктің ақпараттық ресурстарында және іс-шараның басты ақпараттық әріптесі болған «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің сайтында жарияланады.

Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

20.11.2018

ШҚО-да бір аптада 125 жиналыс өткізетін әкімдіктер де бар

20.11.2018

Лондонда Димаштың жеке концерті өтті

20.11.2018

Солтүстік Қазақстанда заманауи оқушылар сарайы ашылды

20.11.2018

Шымкентте «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтті

20.11.2018

Түлкінің керуі (Бүркітшінің әңгімесі)

20.11.2018

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

20.11.2018

«Қазақквартет» көрермендермен қауышты

20.11.2018

Әмина Өмірзақованың ғасыр тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

20.11.2018

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

20.11.2018

«Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

20.11.2018

Жолдау-2018: Табыс артса, өмір сапасы жақсарады

20.11.2018

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

20.11.2018

Батыс Қазақстан облысында 50 кәсіпорын қызметкерлерінің айлық еңбекақысын өсірмек

20.11.2018

Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

20.11.2018

Киелі жерлердің рухани маңызы

20.11.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

20.11.2018

Төкпе жырдың төресі - Мұрат Мөңкеұлы

20.11.2018

Атырауда 13 мектеп үш ауысыммен оқытады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу