Өнер • 01 Наурыз, 2018

Үздік карикатураға бәйге жариялаймыз

648 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Карикатура өнерін көпшілік қауым тек адам танымына әжуәлі әзіл әкеледі деп түсінеді. Асылында ол бір сәт ой-сананы сергітіп, әжуадан бөлек әсерлі ой нұрын шашатын ауқымы кең өнер. Әр қоғамның саяси, әлеуметтік, психологиялық, моральдық болмыс сипаты осы өнерде қылқалам шеберінің қиялы арқылы қапысыз қалыпталады.

Үздік карикатураға бәйге жариялаймыз

Биыл «Егемен Қазақстан» газеті кенжелеп қалған осы өнердің кеңінен дамуына өз үлесін қосып, қылқалам шеберлерінің оспақ өнерін оқырмандарға терең насихаттауды қолға алып отыр. Осы ретте тұңғыш рет газетіміздің карикатурашыларға арналған арнайы сыйлығы тағайындалды. Аталмыш конкурстың биылғы тақырыбы – Астана қаласының 20 жылдығына арналады. «Астана айшықтары» тақырыбындағы өнер додасына төмендегі ережелер бойынша кез келген талантты суретші өзінің бағын сынап, бабын байқауына болады. Ендеше іске сәт!

«Егемен Қазақстан» газетінің карикатурашыларға арналған сыйлығы үшін конкурсқа қатысу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды ұйымдастырушы –  «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ. Орналасқан мекенжайы:  Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13.

1.2. «Егемен Қазақстан» газетінің карикатурашыларға арналған сыйлығы үшін конкурс жылына 1 рет ұйымдас- т­ы­рылады және конкурстың  тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады. Конкурс тақырыбын «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ редакция алқасы бекітеді. Конкурс туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» газетінде және www.egemen.kz сайтында жарияланады.

2018 жылғы карикатура конкурсының тақырыбы: Астана айшықтары.

1.3. Конкурқа қатысушыларға жасына байланысты шектеу қойылмайды.

1.4. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 3 ай мерзім ішінде қабылданады. Конкурс қорытындысы 3 ай мерзім аяқталғаннан кейінгі 5-10 күн ішінде шығарылады. 

1.5. Конкурсқа келіп түскен материалдарды «Егемен Қазақстан» газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.

2. Негізгі шарттары мен талаптар

2.1. Конкурсқа ұсынылатын карикатура бұрын басқа басы­лымда немесе интернет-ресурста жарияланбаған болуы тиіс.

2.2. Суреттер ақ-қара немесе түрлі түсте болуы мүмкін. Материалдың  көлемі A4 форматынан аспауы тиіс.

2.3. Ең көбі 5 жұмысқа дейін қабылданады. Әр кари­катураға атау немесе айдар қойылуы тиіс. Материал электронды нұсқада ұсынылған жағдайда карикатураның атау/айдары файлдың атауы ретінде сақталуы керек.

2.4. Конкурсқа қабылданған материал плагиат екені немесе бұрын басқа басылымда/интернет-ресурстарда жария­ланғаны анықталған жағдайда туындайтын құқықтық жауапкершілік сол материалды ұсынған қатысушының жауапкершілігінде болады.

2.5. Қатысушы конкурсқа жолдаған материалдарымен бірге өзінің  толық аты-жөнін, нақты мекенжайын, электронды поштасын және телефон нөмірін көрсетуі тиіс.

2.6. Қағазда салынған туындылар «Карикатура конкурсына» деген айдармен мына мекенжай бойынша қабыл­данады: Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13. 

Электронды нұсқадағы файлдар  [email protected] электронды поштасына қабылданады.

2.7. Материалдары конкурсқа қабылданған авторлар осы еңбектерін конкурстан кейін «Егемен Қазақстан» газеті (авторын көрсете отырып) өз мақалаларына иллюстрация ретінде пайдалануға құқылы екеніне келісім береді.

3. Сыйлықтар мен марапаттар

Бірінші орын – 300 мың  + диплом

Екінші орын – 200 мың  + диплом

Үшінші орын – 100 мың + диплом

Конкурстық комиссияның шешімімен қосымша ынталандыру сыйлықтары болуы мүмкін.