Парламент • 01 Наурыз, 2018

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңей­тіл­ген отырысы өтті

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңей­тіл­ген отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы қосар­ланған салық салуды болдырмау туралы келісімге түзетулер қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңей­тіл­ген отырысы өтті

Аталған комитеттің отырысында «Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Беларусь Рес­пуб­ликасының Үкіметі арасын­дағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарлан­ған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтару­ға жол бермеу туралы Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республи­ка­­сының Үкіметі арасындағы келі­­сімге өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы хаттаманы рати­фикациялау туралы» заң жобасы қаралды. 

2016 жылғы 16 наурызда Минскіде қол қойылған Хаттама салық төлеуден жалтаруға жол бермеу және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі елдің салықтық құрылымдарының ынтымақтастығын кеңейтуді көз­­дейді. Құжатпен «Қазақстан» де­ген терминге өзгеріс енгізілді, сон­­дай-ақ қолданыстағы заң­на­ма­ға сәйкес Келісім қолда­ны­ла­­тын салықтардың атаулары нақ­ты­ланды.

Сондай-ақ «тұрақты меке­ме» деген термин барлау жүр­гі­зудің бірінші күнінен бас­тап та­биғи ресурстарды барлаудан тү­сетін табыстарға салық салуға мүм­кіндік беретін мәтінде жазылды. Одан басқа, еліміздің эко­но­микалық мүдделерін қорғау мақ­сатында акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде жекелеген табыстарға пайыздар, роял­ти, құн өсімі бөлігінде салық салу мәселелерін қайта қарауға байланысты өзгерістер енгізілді.
Заң жобасы Палатаның қа­рау­ына жіберілді.