Аймақтар • 02 Наурыз, 2018

Атырау облысында құрылысшылар жатақханасы өртенді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Қарабатан «Газтурбиналық электр стансасының» құрылыс аумағында жатақхана өртенді.

Атырау облысында құрылысшылар жатақханасы өртенді

Облыс орталығынан 42 шақырымда Қызылқоға ауданының аумағында жүріп жатқан құрылыс маңында вахталық қалашық орналасқан. Өрт 2 наурыз күні сағат 08.41-де шыққан. Сағат 10.25-те оқшауланып, 20 минутта толығымен сөндірілді.

Өкінішке қарай, 6 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті. Олардың бәрі де Оңтүстік Қазақстан облысынан Атырауға келіп жұмыс істеп жүрген жастар.  «Бір қабатты жатақханадағы 480 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған. Өртті сөндіруге департаменттің 18 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ, Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниясының өрт сөндіру-апаттық қызметі, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және Полимер Продакшн ЖШС қызметі қатысты», - деп хабарлады   облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған 4 адам облыстық ауруханада дәрігерлер бақылауында. Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов бастаған құқық қорғау мен құзырлы органдардың басшылары бар.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ.