Қазақстан • 02 Наурыз, 2018

Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметі. 

Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

«2 наурыз күні сағат 14:19-да  «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы орталық өрт қызметінің пунктіне хабарлама келіп түсті. Тұрғын үй кешені Е38, 30/1 көшесінде орналасқан. Оқиға орнына 4 негізгі, 3 арнайы өрт көлігі жіберілді. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына барғанда тұрғын үй кешенінің 7-қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Өрттен 5 адам құтқарылды», - делінген хабарламада. 

Видеода екі баланы төменгі қабаттарға лақтырғаны байқалады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, түскі астан келген құрылысшылар өртті көріп, паркингтегі жарнама баннерлерін алған. Кейбірі адамдарды құтқару үшін жоғары қабатқа кеткен.