Аймақтар • 02 Наурыз, 2018

Созақта киім тегін таратылды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастардың бойына адамгершілік, қайырымдылық, туған жерді сүю, еліңнің ізгі қасиеттерін біліп, бағалау қасиеттерін сіңіру сынды ізгі ниеттер де түпкі мақсатының бірі саналатын Алғыс айту күніне орай, Созақ ауданында «Бәрі рахмет үшін» атты әлеуметтік акция өтті.

Созақта киім тегін таратылды

Аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 85 отбасыға, 1000-ға тарта киім таратылып берілді. Оған ауданның кәсіпкерлері, мекемелер белсенді түрде қатысты. Осыншама отбасына қол ұшын созып, қуаныш силаған демеушілер де ескерусіз қалған жоқ. Әрине, ең бірінші олар тұрғындардың алғысын алды, сондай-ақ   аудан әкімі Салыхан Полатов Созақ ауылынан Ыдырыс Жұманазаров, Таукент кентінен Ошақбай Мырзабеков, Ақсүмбе ауылына түрлі шараларға демеушілік жасаған Ербол Қарнақбаев, Жуантөбе ауылында жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсеткені үшін Анас Жайлаубай сынды азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»​​​​​​​          

Соңғы жаңалықтар