Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин облысқа жұмыс сапармен келіп, күзгесалым Ресей және Қазақстан Президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралық аймақтағы халықаралық форумға дайындық барысымен танысты.

Егемен Қазақстан
03.03.2018 6881
2

А. Маминның жұмыс сапары қайта жаңғыртудан өткен Петропавл халықаралық әуежайынан басталды. Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген қаржыға ұшып-қону жолақтары кеңейтіліп, ұзартылған. Инженерлік-коммуникациялық жүйелер ауыстырылған. Рентген-телевизиялық тексеру құрылғылары, бейнебақылау камералары орнатылған. Бүгінгі күні кез келген санаттағы әуе кемелерін қабылдай алады. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың әуежай есебіндегі арнайы техникалар ескі, ауыстыруды қажет етеді деген өтінішіне орай сатып алу мүмкіндіктері қарастырылатын болды. Әуежайға апаратын тасжолды қалпына келтіруге 985 миллион теңге жұмсалмақ.

Форум қонақтарының көпшілігі әуе және автомобиль жолдарымен келетіні ескеріліп, «Астана–Петропавл» жол дәлізі қалпына келтірілген. Енді ұзындығы 60 шақырым болатын облыс орталығы мен Ресей шекарасы арасындағы тасжол жөнделуде. Сондай-ақ қалаға кіреберістегі жол өткелін жөндеу қолға алынған. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 1,2 миллиард теңге қарастырылған. Сиқы кеткен теміржол вокзалы жаңарып, лифт, эскалатор қойылады. Көшелерге электр қуатын үнемдейтін шамдар орнатылады. Осылайша қала абаттандырылып, өзгеше сәулетпен өрнектелетін болады. Қаланың кіре берісінде Қожаберген жыраудың ат үстіндегі еңселі ескерткіші «мен мұндалап» тұрады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына жаңадан бой көтерген «Жас өркен» ықшамауданында қызу жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының кешенді жоспары таныстырылды. Бұл аумақта 2700 пәтерді қолданысқа беру белгіленген. Спорт сарайы мен теннис орталығының құрылысы аяқталды. Қазақ театрының қазығы қағылып, іргетасы қаланды. Облыс әкімі биыл салынатын оқушылар сарайы IT-технологиялармен жарақтандырылып, балалардың ғылыммен шұғылдануына кең жол ашылатынын, танымдық және түрлі ойын-сауық қызмет түрлері құрылатынын баяндады. Дербес киностудия, киберқауіпсіздік және виртуалды кабинеттер, бағдарлау зертханасы,кинотеатр жұмыс істейді. Осы ықшамауданда Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған 332 пәтерлік жаңа баспана, әрқайсысы 90 орындық екі шағын орталық өз есігін айқара ашады. Жобаның жалпы құны 3,7 миллиард теңгені құрайды.

А. Маминның қатысуымен өткен алқалы жиында Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірлік шаралары жан-жақты талқыланды. Форумға «Қазақстан және Ресей туризмін дамытудың жаңа қырлары мен бағыттары» тақырыбының таңдап алынуы кездейсоқтық емес. Қазақстан бұл салаға үлкен көңіл бөліп келеді. Солтүстік Қазақстан да зор мүмкіндіктерге ие. Ішкі әлеуетті барынша пайдалануымыз қажет. Көрші елдің нарығына шығудың жолдарын қарастыру керек, дей келіп Үкімет басшысының орынбасары форумды жоғары деңгейде атқару қазіргі атқарылып жатқан шаралармен тығыз байланысты екенін, қала инфрақұрылымына баса назар аудару қажеттігін, қажет болса қосымша қаражат қарастырылатынын атап көрсетті. Петропавл-Ресей шекарасы автожолын жедел аяқтауды тапсырды.

Қ. Ақсақалов өз сөзінде туризм саласы бойынша біурнеше ауқымды жобалардың жүзеге асырылып жатқанын, Имантау-Шалқар аймағында жаңа демалыс орындары мен автокарнинг іске қосылатынын жеткізді. Форумға бір мыңнан астам мейман келеді деп күтілуде. Бүгінде 750 орындық қонақүйлер дайын. 27 мейрамхана қызмет көрсетеді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары ЗИКСТО, Петропавл ауыр машина жасау және С.Киров атындағы зауыттарда болып, ұжымдармен кездесті. Атқарылған істермен, алдағы жоспарлармен танысты.

Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу