Үкіметтік комиссия Қарабатандағы жатақханадағы өрттің мән-жайын анықтаумен айналысуда 

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Нұржан Әлтаев Қарабатан станциясындағы вахталық  қалашықтағы  өрт кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайын білді, деп хабарлайды Атырау облыстық баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
03.03.2018 18733

Атап өтейік, Нұржан Әлтаев Атыраудағы 7 адам қаза тапқан вахталық  қалашықтағы өрт жағдайы салдарын анықтайтын үкіметтік комиссияны басқарды. 3 наурыз, сенбі күні, Атырау облысының Қарабатан станциясында газ турбиналық электр станциясының құрылыс алаңында болған төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін комиссия келді. 

Комиссия құрамына ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, төтенше жағдайлар комитеті мен Атырау облыстық әкімдік өкілдері кірді. 
Қарабатан станциясында орын алған оқиғаны тексеруден кейін еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Атырау облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімінде ем алып жатқан  екі зардап шегушіге барды. Бүгінде олардың жағдайы тұрақты, жұмысшылар  оқиға орнынан төмен жағдайдағы күйікпен ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем қабылдауда.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, төтенше жағдай орын алған жерде болған компанияның барлық қызметкерлері сақтандырылған, сондықтан тергеу аяқталғаннан кейін зардап шеккен қызметкерлер мен қаза болған қызметкерлердің туыстары қаржылық көмек алады. 

- Заңнамада белгіленген рәсімдер бар, кімнің кінәсі - жұмыс берушілердің немесе жұмысшылардың  өздерінің кінәсі болғанын анықтау үшін барлық рәсімдерді жүргізуіміз керек. Біз қазір барлық сақтандыру келісімшарттарын көтеріп, қызметкерлерге қандай өтемақы төленетінін қарастырамыз. Бұдан басқа, төтенше жағдай орын алған нысанды тексергеннен кейін,  барлық жатақханалар жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды», - деді Нұржан Алтаев.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта компанияның басқа қызметкерлері  тергеу аяқталғанға дейін үйлеріне жіберілді. Олар  үшін жалақы сақталады. Барлық контейнерлік үлгідегі жатақханалар қауіпсіздіктің стандарттарына және талаптарына толық сәйкестендірілгеннен кейін, жұмысшылар қайта келіп, жұмысын жалғастыра алады.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

25.06.2018

Сенат комитетінде білім беру мәселелері туралы заң жобалары қаралды

25.06.2018

Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысының Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды

25.06.2018

«Біліммен – болашаққа» түлектер кездесуі өтті

25.06.2018

Қырымбек Көшербаев: Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы»

25.06.2018

Тартылыс заңы немесе туристерді тамсандырған шаһар

25.06.2018

Ұлттық домбыра күні Астанада «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуені өтеді

25.06.2018

Сенат Төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

25.06.2018

Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ жетекшілерімен кездесу өткізді

25.06.2018

Бессайыстан әлем кубогы аяқталды

25.06.2018

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті

25.06.2018

1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері артады

25.06.2018

Тәртіпті таксидің жұлдызды шағы

25.06.2018

Сағынтаевтың қатысуымен Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі талқыланды

25.06.2018

Семейде Сабантой мерекесі облыстық деңгейде тойланды

25.06.2018

Мың бояулы шаһардың бір күні

25.06.2018

ҚР ЕХӘҚМ базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді

25.06.2018

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

25.06.2018

Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды

25.06.2018

77 жылдан соң оралу

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Асқақтатам деп, аласартып алмайық

Бір әріптесіміз көгілдір экраннан «тақыр жерде тұрғызылған қала» туралы көсіліп сөйлеп тұр. Тақырып Астана туралы екен. Мерейтойы иек астына келіп қалған шаһарды мақтауға теңеу таппай қатты қиналса керек, тілінің ұшына оралған тіркестің түрі әлгіндей.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу