Жайдарбек Күнғожинов: Атқа қонсақ қаны қызатын қазақпыз

Жайдарбек Күнғожиновтің әрбір күні  жарты жыл бұрын жазылып қойған бағдарламаға бағынады. Жұмыс аумағы – Голливуд пен Боливуд арасы. Алматыны аңсағанда екі сағатқа ұшып келіп, мауқын басып, қайтып кеткен сәттері аз емес. Ол бізбен әңгімесінде туған жерімді түсімде де сағынатын болыппын дейді. Қазір ол басшылық ететін «Nomad Stunts» Болливудта жүр. Аттың құлағында ойнап, қазақтың айбыны мен асқақ рухын бүкіл әлемге танытып жүрген каскадер азаматпен біздің әңгімеміз Алматы мен Мумбайдың арасында «WhatsApp» желісінің аудижазбасымен екі күн бойы жалғасты.

Егемен Қазақстан
06.03.2018 6491
2

– Жайдарбек, қазір Бол­ливудта, «Princess» та­ри­хи туындысының тү­сірі­ліміне қатысып жатқаны­ңызды БАҚ арқылы оқып, біліп жа­тыр­мыз. Ат құла­ғында ойна­ған көшпенділер мен үнді та­ри­хында ұқсастық­тар бар сияқ­­ты ғой.

– Ат құлағында ойнау, асау тұлпарды ауыздықтау тек азия­лықтарға немесе қа­зақтарға ға­на тән өнер емес шығар. АҚШ-та, Ла­тын Америкасында мұ­ны спорт­тың бір түрі ретінде қарас­­тырады. Бірақ халықтың мен­талитеті, мінез-құлқы хас тұл­­парларды тізгіндеудің так­тикалық тәсілдердеріне өз­герістер алып келгені даусыз. Мысалы ЕО, АҚШ немесе Үн­діс­тандағы каскадерлер тек ережеге бағынады. Белгілі бір қалыптың шеңберінен шықпай­тын өнерден сен еш­қашан ләззат ала алмайсын. Атқа мінгеніңде сен оған ер­кіндік беруің керек. Сенің ше­берлігің – хас тұлпардың еркіндігін өзіңнің ерік-жігеріңе бағындыра бі­луің­де.

Маған елде жүргенде кино­өнімнің бюджеті маңызды емес. Кино алаңы мен үшін тә­жі­­рибемді, шеберлігімді арт­­тыратын алаң. Өз фильм­деріміздің бірінде менің ко­ман­­дамдағы дублердің бірі жіп-жіңішке сымға байланып, 9-шы қабаттан жерге құлады. Трост кез келген сәтте үзіліп кетсе, не боларын көз ал­дыңа елестетудің өзі қиын ғой. Шетелдік әріптестерім мұны көріп «ақымақсыңдар, азғантай ақыға бола мұндай жан­кештілікке барудың қажеті жоқ» дейді.

Шетелдік кинолардағы мұндай қауіпті тәсілдерімді қым­батқа бағалаймын, ал туған жерімде ақша маңызды емес. Біз тек тиесілі жұмысымызды жақсы істегіміз келеді. Қазақ каскадерларын олардың бо­йын­дағы отаншылдық сезімі мен жаратылысынан бірге да­рыған жанкештілігі ғана дараландырылып тұрады.

– Болливудтағы каскадерлер мінетін атты үйрету тәсілі қандай екен? Бала күні­мізде құ­лындарды қолы­мыз­дан қант беріп, өзімізге икемдеп алушы едік...

– Кез келген тактика өзіңе берілген тұлпардың иісін алумен басталады. Ол үшін үш немесе алты ай кетеді. Құлын күнінен бауыр басса, мүмкін басқаша болар ма еді. Бірақ бізде ондай мүмкіндік жоқ. Мы­салы, қазір Мумбайда мен үй­ретіп жатқан тұлпар осыған дейін кемінде он каскадердің қолынан өтті. Солардың мінезі оның бойына сіңді. Бір айда үйренетіндер бар, тіпті үш жыл бойы ұстаған үйреншікті ат кино алаңында мінез көрсетіп, тулайтын сәттер бар. Ең бастысы, каскадер мен жылқы ара­сындағы гармония.

Бір қызығы, менің тобым­дағы жігіттері аттарды тез жуа­сыта біледі.

Мен о баста ат қанша жер­ден асау болғанмен, жат­ты­ғу­­­­ға тез бейімделеді, кез кел­ген трюкті алып шығады деп ой­лайтынмын. Бірақ жыл­қы баласының да, театр, кино әртістері тәрізді образдан шыға алмай қалатын сәттері болады екен. Осы орайда Ти­мур Бекмамбетовпен бірге «Днев­ной дозордың» түсірі­ліміне қа­тысқан кездегі оқиға еске түсіп отыр. Тимур хат жа­­­­зып, аттар қандай жағ­дайда қа­быр­ғаны жарып жіберердей тепкілейтінін сұ­рады. Киноға сондай көрі­ніс қажет болып тұр екен, түсі­рілген сюжеттердің бір­де-біреуі сәтті шықпаған. Ал Тимур, бірінші кезекте шы­найылыққа басымдық бе­ре­тін режиссер. Мен атты қабырғаны тепкілеуге дайындау үшін бір апта сұрадым. Сол кезде маған «мінезді» деп каскадерлердің бәрі сырт айналып кеткен, 300 рет сатылымға қойылған ат бе­ріл­ген болатын. Алғашында сырт­тай зерттедім, кейін бір-бірімізге үйрене бастадық. Қант бердік, сәбіз бердік. Сонымен қойшы, тілін тауып жаттығуға кірістік. Бір аптадан соң ол қабырғаны тесіп жіберетіндей тепсініп, күшін бойына жинады. Бірақ түсірілімі біткен соң, «образдан» шыға алмай, кинода қолданған тәсілдерді қайталаймын деп қалыпқа сыймай, есікті сындырып, сыртқа шығуға жанталасқан сәттері болды. Оны бейнетаспаға тү­сіріп алдым. Аттың құла­ғын­да ойнасақ та, оларды сақ­­тауға, жарақаттап алмауға ты­­рысамыз. Себебі бір атты дайын­дауға кемі 5-6 жыл кетеді. Егер ондай жағдай болса, проблеманың астында қаласың.

Қазақтар, табиғатынан жыл­­­­­­­­қыға жақын ғой. Мінезін бі­леміз, әйтеуір тез тіл табысып аламыз. Кинолардағы ат­пен жасалатын трюктердің сәт­ті шығатыны содан шығар. Ат­тың бабын білетін мамандар әлем­де Англияда, Испанияда бар. Ал Қазақстанда – бізбіз, бұл мақтанғаным емес, шын сөзім.

– Сізді ең алғаш рет 2003 жы­лы египеттіктердің қа­ты­суымен түсірілген «Бей­ба­рыс» фильмінде көр­дік. Бұл сіз үшін дебюттік жұ­мыс бол­ды ма? Сіздерді кім дайын­дады?

– Бұл фильмге қазақ кас­кадер­­лерінің қатысуына сол кезде Мысырда елші болып жүр­ген Бағдат Әміреев бауы­рымыз ықпал етті. «Бей­барыс­тың дублерін ойнау­ға қазақ каскадердері қатыс­сын» деген ұсынысты сол кісі айтты деп естідік.

Ол кезде, жаспыз, тәжіри­бе аз. КСРО кезінде «Қазақ­фильм­нің» киноларына қырғыз касакадерлері шақырылып, үш-төрт қазақ сол топқа кіре­тін. Атқа қонғанда аруағы асып, жан-жағындағылардың мысын басып кететін қазақпыз ғой. Бейбарыс сұлтан жайлы бала кезден есіттік. Менің кас­кадерлік мамандықты таңдап алуыма сол Мысыр сапары әсер етті, өзіміздің «Көш­пен­­­­ді­лер», режиссер Сергей Бод­­­ров режиссерлік еткен, Қазақ­­стан, Ресей, Германия бі­рігіп түсірген «Моңғолға» жол ашты.

– Асанәлі Әшімов бір сұх­батында Бекежан бейне­сін сомдағанда кейбір мими­ка­лық детальдарды Құрман­бек­ Жан­дарбековтен алдым деген еді. «Nomad Stunts» тобы­ның кас­кадерлік тәсіл­де­ріне ресей­лік продюсерлер «эксклюзив» деп баға беріпті. Кино алаңдарында сіздердің қосымша трюктерді қол­данған сәттегі қым-қуыт қи­­­­мыл­­дарды Голливудттің өз­­деріңіз қатыспаған кино­өнім­дерінен байқайсыз ба?

– Астыңдағы хас тұлпарды ауыздығымен алыстырып, кино алаңына атойлап шыққан сәттегі сезімді дәл бейнелеуге сірә, сөздің құдіреті жетпейтін шығар. Ал менің санам оны най­зағайды ауыздықтап мін­ген­мен бірдей дейді. Ол сәт­терде... құлағыңа тек Құдай ғана сыбырлап тұрғандай әсер­де боласың. Сен Құдайдың еркіне ғана бағынасын. Кинода қосымша көріністерде ойнайтын каскадердің өнері туралы киносарапшылар тоқ­там­ды пікірге келген жоқ. Бірі ат спорты дейді. Екіншісі өнер дейді. Сондықтан мынау маған тиесілі деп ешбір көрі­ніс­ті патенттей алмаймыз. Бі­рақ әріпестер арасындағы әңгімеде «Nomad Stunts» тобы шетелдік каскадерлердің қойған трюктерін қайталады» деген сөз болған емес. Кері­сінше, кейбір шетелдің кино­өнімдеріндегі қосымша көрі­ніс­терде біз тапқан тәсіл­дер­дің қолданылғанын байқап қа­ламыз.

2016 жылы режиссер Ан­дрей Кравчуктің «Викин­гінде», режиссер Маркус Нис­пелдің (АҚШ) «Конан-Варва­рында» екі аттың қатар құла­ғандағы тюрктерді біз кино­тарихында алғаш орында­ғанымызды бәрі біледі. Құдай қаласа, Ақан Сатаевтың «Томи­ри­сінде» де әлемдік кинотарихында болмаған трюктерді жасауға дайындалып жатырмыз. Өзімізден кейін бізді кімнің қайталағаны маңызды емес.

Мен үшін, менін командам үшін бірінші болу маңызды.

– «Nomad Stunts» тобы­ның каскадерлері Силь­вестр Стал­лоненің коман­да­сында өнер көрсетті. Ар­нольд Швар­ценеггер, Брюс Уиллис, Джет Ли, Киану Ривз, Натали Порт­ман­мен гол­ливудтық және ресей­­лік кин­о алаңдарын­да кез­дес­тіңіздер. Шетелдік жобалар сіз­дер үшін тек мате­риал­дық жағынан ғана керек пе?

– Шетелдік жобалар бізге материалдық жағынан да, тәжірибе жинау үшін де керек. Бізде кино ісін ұйымдастыру жағынан көп мәселе ақсап жатыр. Біріншіден, олардан мен бір жүйеге бағынған тәріпті үйрендім. Каскадерлеріміз сол үдерісті көзімен көрді. Бос уақыттарында трюк жасаумен жүйелі түрде айналысады. Мен кино түсіру процесі кезінде кас­кадерлік команданың әрбір мүшесін юнитқа, жиынтығы режиссерға бағынатын тәр­тіп енгізгенін қалар едім. Мы­салы, «Неудержимые» киносында барлық атыс-шабыс, өзен бойындағы барлауды тек каскадерлік юниттер орындады. Бұл уақытты үнемдеді.

– Сіз үшін, ат үстіндегі немесе әскери-соғыс тақы­ры­бын­­дағы трюктерді жасау­дың эталоны кім? Кімді үлгі тұ­тасыз?

– Мен үшін бе? Мүмкін, Джеки Чан шығар. Оның соққысы қатты. Сонымен бір мезгілде әдемі композиция сияқ­ты. Осыдан бірер жыл бұрын біз Джеки Чанның командасымен бір кино түсіру алаңында жұмыс істедік. Қалай жұмыс істейтінін сұрадық. Жігіттерінің айтуы бойынша, Джеки Чанның трюктерінің 90 пайызы – импровизация. Алдын ала жаттықпайды. Тек кино­ға түскен кезде, түсірілім барысында ойлап табады. Бұл үлкен талант қой. Табиғи талант...

– Джеки Чанның өмірін Голливудың миллиардтаған қар­жылық капиталы бар сақ­тандыру компаниялары сақтандыруға қорқады екен. Сіздерді кім сақтандырады?

– Енді жанымызды Құ­дайдың аманатына бе­ріп­ қой­ған қазақпыз ғой. Қазақ­стандық компаниялар бізді сақтандыруға соншал­ықты ықыласты емес. Қорқатын шығар. Ал Ресейде кино заңы бар. Сақтандыру компания­лары сол заң мінддеттеген шарттар бойынша каскадерлерді сақтандыруды бастады. Ал шетелдік жобаларда сақ­тандыру міндетін сол елдің ком­паниялары алады. АҚШ-қа табанымыз тие салысымен келісімшарттың бір бума қағазын алдымызға тосады. Онда дене қызуың қанша градуста тұрғанда жұмыс істеу­ге болатыны, тіпті суықта қан­ша уақыт жүруге рұхсат еті­летіні – бәрі-бәрі жазылған. Ма­лайзияға «Марко Полоға» қа­тысуға барғанда, сумен бір­ге түрлі дәрумендерді ішуді мін­деттеді. Жарақат алып қал­­ған каскадердің жазылып, қа­тарға қосылуына кино компания­лары мүдделі. Бізде, кино индустрия­­сында сақтандыру мәселесінің болмауы көптеген жайттардың дамуына кедергі.

Мұны тиісті орындар қолға алатын шығар деп үміттенемін.

– «Nomad Stunts» каскадерлер тобы халықаралық, мем­лекетаралық топ екенін білеміз.

– Біздің топта 74 каскадер бар. Орыс, қырғыз, болгар, әзер­байжан, украйндар... Сіз айтпақшы, мемлекетаралық топқа айналып кетіппіз. Түр­киядан келіп жатыр. Оның 12-сі қыз бала. Менің әйелім де сол топта.

Құдай қаласа, күз айынан бастап «Nomad Stuntsтың» Әзер­байжандағы филиалын ашқалы жатырмыз. Түркиядан да ашу ойда бар. Онда 20 жігіт командаға кіруге дайын отыр. Сөйтіп керегемізді жайып жатырмыз.

– Қазақстанда экшн-кө­рініс­терді түсіруге маман­дан­ған операторлар бар ма?

– Біздің тобымызда экшн түсіретін екі жігітіміз бар. Олар өзі аз, көп емес. Режиссер Ақан Сатаевтың командасында осы салаға әбден бейімделген Ха­сан Қыдырәлиев деген жақ­сы маман бар. Бірақ өзіміз түскен киноларда камераны қай жерден қою керектігі жөнінде опе­ра­торларға ақыл-­кеңес беріп отырамыз. «Томи­риске» атысу үшін каскадер қыздар көп керек. 15 қызды қосымша Томирис үшін дайын­дап жатырмыз. Әлия Ысқақовамыз Канадада жүр. Жібек Жаппасбаева бізбен бірге Болливудтың киносына қатысып жатыр. Жолдасым Альфия «Көшпенділерде» дублер болды. АҚШ-тың «Конан-Варварында» бас кейіпкердің дублері болды. Ақан Сатаевтың «Томирисіне» қатысуға дайындалып жүр.

– Технология дамыған сайын әлемде каскадерлерге деген сұраныс артып келеді. Сіз мұның себебі неде деп ойлайсыз...

– Технология дамыған са­йын кино жасандылықтан бас тартып жатыр. Мысалы, кез келген сюжетті экрандау үшін тірі адам керек. Сурет, картина, тіпті робот та адамды алмастыра алмайды. Өйткені пластикасы басқа, жақыннан көрсете алмайды. Әйтеуір мың түрлі кілтипаны шығып тұрады. Аттың үстіндегі қи­мылдарды картинамен беру мүмкін емес. Қазір кө­рерменді алдай ал­майсың. Ки­но технологияны молынан енгізіп жатыр, әйтседе кино­студиялардың кас­кадерлерге деген сұранысы азаймай отыр. Мысалы, бү­гін­де біз қатысып жатқан Бол­ливудтың «Princess» киносына 111 кас­кадер қатысып жатыр.

– Сіз үшін каскадер болу бизнес пе, әлде өзіңіз жақсы меңгерген спорт түрі ме?

– Қазір әлемдегі мамандық­тың кез келген түрі бизнес­пен қабысып кетті. Сіз де осы сұх­батты жақсы дайындап, оның басшыларыңыз тарапынан жақсы бағаланғанын қалайсыз. Қазір әлем жақсы мамандарды бір-бірінен қызғанып, өзіне тартып жатыр. Бұл бизнестің үстемдігін арттыра түсуде.

 Бизнестік сипаты тартымсыз өнер өспейді. Ол біреудің асыранды күшігі тәрізді болып қалады. Шетелде кино – бизнес, спорт – бизнес, тіпті журналис­тика да – бизнес. Шетелдік БАҚ-тың немесе ше­тел­дік кино­туындылардың бірнеше миллиондық аудиторияны жаулап алуының себебі сол. Мен үшін де өнер әрі бизнес, әрі кәсібім. Мысалы, Гол­ливуд пен Болливудқа тек аттың үстінде отыра алатындар керек болса, испандарды ала салатын еді. Испандар аттың үстінде жақсы отырады, жақсы шабады. Бірақ ат үстінде қылыштаса алмайды.

Таңдау – қазақтарға түсті. Себебі әлемде аттың үстінде арқаланып кететін қазақтар ғана екенін жұрттың бәрі біліп болды.

– Сіздер мұндай деңгей­ге қалай жеттіңіздер. Жаттық­ты­рушыларыңыз мықты бол­­­ды ма?

– Біздің жаттықтырушы­ла­рымыз жоқшылық болды де­сем сенбейсіз. 1990 жыл­дар­дың басында болмашы тиын-те­бендерге бола ки­но­ға түстік. Шы­нықтық. Қа­ламақымыз дәм­ханаға баруға зорға жететін. Сол жанкештілік қанымызда қалып қойған шы­ғар. Қазір де елде кейбір кино­ларға тегін түсуге дайынбыз. Бізге қанымызды суы­тып алуға бол­майды...

– Каскадерлік мектеп ашу ойда бар ма?

– Жоқ. Бұл қауіпті маман­дық. Себебі­ өзім түсірілім ба­­­ры­­­­сында қабырғамды сынды­рып ал­ғанмын. Каскадерлік–еш­­бір ережеге бағынбайтын қа­­­уіп­ті кәсіп. Мектеп ашамын деп ниеттенген адам тек кәсіп­қой ғана емес, қалталы да азамат болуы керек. Сақтандыру компанияларының жұмысы әлсіз. Киноға түсу барысында шәкірттеріңнің бірі жарақат алып қалса, оның обалы кім­ге? Қазір біздің командамызда әртүрлі бэкграундолар – бұрынғы чемпиондар, мен сияқты ауылдан шыққан азаматтар бар. Олардың бә­рі шыныққан, каскадерлік ше­бер­­ліктің заңымен өмір сүреді.

– Сіздер «Неудержимые 2» киносынан кейін Атлантик-ситидің спорттық «Оскар» сый­лығын алдыңыздар. Ал­дыңыздан үлкен мүмкіндік­тердің есігі ашылды. Көп адам­дар сіздерді Голливудқа кетіп қалатын шығар деп сәуе­гейлік айтқан еді.

– Иә, «Оскар» бізге Гол­ливудтың есігін ашты. Бұл кас­кадерлерге арналған ха­лық­­аралық марапатат. Ол Швар­ценеггер, Сталлоне сияқ­ты үл­кен спорттан кеткен каскадер-актерлердің ұсынысымен белгіленген. Голливудтың кас­кадерлер қауымдастығына мүшелікке қабылдады. Қазір бізде, шетелдік қана емес, қазақстандық жобалар да көп. Мысалы, қаңтар айының басында Италиядан ұсыныс ке­ліп түсті. Оның түсірілетін уа­қыты Ақан Сатаевтың «Томи­рисімен» қатар басталады. Мен  «Томиристі» тастап қайда кетемін..

Уақытымның көпшілігі ел­де өтеді. Дүниеде ақшамен бағаланбайтын құндылықтар бар.

 

Әңгімелескен  Гүлбаршын САБАЕВА,

журналист

АЛМАТЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу