Аймақтар • 06 Наурыз, 2018

Шымкентте облыстық балалар шығармашылық сурет байқауы өтті

498 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр мезгілдің өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше.

Шымкентте облыстық балалар шығармашылық сурет байқауы өтті

Терезелерді қырау басып, аяз әр әйнекке өзіне тән шебер­лікпен көркемдеп, бір-біріне ұқсамайтын өрнектер салады. Бейне-бір қарлы ханымның мұздан са­лынған сарайы тұр­ғандай. Бұл мезгілде адамдар таби­ғаттың құпия­сын, ерекше бір ұмтылыс сәт­терін тамаша­лайды. «Аяз салған өрнектер» жо­басының дәстүрге айналып жал­ғасуы да осы сұлулықтың әсері.

Жуырда Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебінің ЮНЕСКО Клубына 10 жыл толу мерекесіне орай, «Он жылға – он іс-шара!» аясында «Аяз салған өрнектер» атты облыстық балалар шығармашылық сурет бай­қауы өтті. Көрмеге 221 ба­ланың 300-ден астам әр­түр­лі техникамен жасалған жұ­мыс­тары қойылды. Бұл сұлу кө­рі­ніс­терімен көз тартарлық су­рет­­тердің авторлары – 5 пен 17 жас аралығындағы өнерлі жас дарындар. «Сақ» кино­студиясының директоры Ну­риддин Паттеев пен Сурет­шілер одағының мүше­сі Серік Жорабеков және ОҚО «Жастар ресурстық орталығының» «Та­лантты жастарды қолдау» бө­­­лімінің инспекторы Ос­пан Құдайбергенұлының қы­ра­ғы көзінен өтіп, 28 бала же­ңім­паз атанды. Жеңімпаз жас су­ретшілерімізге «Сақ» кино­студиясының атынан Н.Паттеев мырза балалардың сүйіп кө­ретін «Томпақ» фильмінің бас кейіпкері бейнеленген футболкаларды сыйлыққа тартты. Іс-шара барысында Балалар көркемсурет мектебінің «Алтын жүрек» белсенділер тобының тіл­шілері, мектепішілік «Өрлеу» газетінің кезекті басылымына материалдар жинақтап , келген қонақтармен сұхбаттасты. «Аяз салған өрнектер» атты облыстық сурет байқауының қорытынды кезеңі Оңтүстік Қазақстан облы­с­ындағы алғашқы ЮНЕСКО клубы Шымкент қалалық Бала­лар көркемсурет мектебі дайын­даған қызықты тосын сыйлар мен түрлі шеберлік сыныптарға жалғасты.

Гүлнара Кулиева

ШЫМКЕНТ