Қазақстан • 07 Наурыз, 2018

Бірлігіміз – байлығымыз

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пар­ла­мент палата­лары­ның бірлескен отырысында жариялаған бес әлеу­меттік бас­­т­а­­масын мұқият тың­дадым. Ма­ған Ел­ба­сы­ның қазіргі таң­да қазақ­­ста­н­дық­тардың әлеу­мет­­тік жағ­дайын жақсарту мақ­са­тын­­дағы бес әлеу­меттік бас­та­­маны жүзеге асыруға ел эко­но­ми­ка­сы­ның әлеуеті жете­ті­ні жөнін­де айт­қаны ұнады. Бұл орайда тұр­ғын-үй құрылысын дамыту, ипо­те­­ка­лық несие пайызын төмен­де­ту, білім гранттарының са­нын өсі­ру, студенттерді жа­тақ­хана­мен тү­гелдей қамту мәсе­лелері маңызды.

Бірлігіміз – байлығымыз

Сондай-ақ мені Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалалары ар­қы­лы Астанаға дейін газ құ­бы­рын тарту жобасы қатты қуант­т­ы. Бұл өз кезегінде елорданы 35 мың тон­на зиянды газ қал­дық­тары­нан арыл­туға, тұрғын­дар­дың денсау­лығын жақсартуға, Аста­наның эко­ло­гиялық ахуалын түзеуге жол ашады екен.

Аталған жиында Елбасы ұлт­аралық келісімнің, татулық пен бірліктің маңыздылығын наси­хаттап, мемлекеттің ынты­маққа шақырған саясатына үнемі қолдау білдіріп келе жатқан барша қазақ­стан­дықтарға алғыс білдірді. Бұл алғыс бізді еліміздің бірлігі мен тұра­қ­тылығын көзі­міздің қарашы­ғын­дай сақ­тауға үндейді, міндеттейді.

Салман ГЕРОЕВ,

ҚХА Кеңесінің мүшесі,

Астана қалалық «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы

АСТАНА