Астананың арай шашқан айшықтары

Метрополитен ішіндегі менмұндалаған әдемі әлем көпшілікті еріксіз баурайды. «Алмалы» стансасындағы арай шашқан бұл көрмеде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына бағытталған шығармалардың тарихи, заманауи тақырыптағы ең үздік деген картиналары мен мүсіндері қойылып отырғанын тілге тиек етеміз.

Егемен Қазақстан
07.03.2018 13941
2

Көрмеде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мек­теп-ин­тернат, колледж, сондай-ақ Кес­кін­деме, мүсін және дизайн факуль­теті­нің профессор-оқытушылары мен студент­­терінің әр алуан тақырыптағы еңбек­тері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл маңызды іс-шараның мақсаты мен маз­мұны жайында Өнер академиясының Тәр­бие ісі жөніндегі проректоры Шыңғыс Құлбекұлы:

– Жолдауда айтылған рухани құнды­лықтарды өнер тілімен насихаттауды мақ­­сат тұттық. Барша адамзатқа ор­тақ өнер тілімен жеткізе білу – үл­кен жауап­­кершілік. Әлемге танымал сурет­шіле­ріміздің көрмесі тек ел ішімен шек­теліп қалмайды. Италияда, Фран­цияда осындай көрме өткіземіз. Айта кетер жайт, көрмеге барлық жерде бірдей дәл Алма­тыдағыдай жағдай жасала бер­мейді, – деді.

Жыл сайын метрополитен аумағында отызға жуық түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өткізіледі. Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бауыржан Нұрбекұлы көрмені му­зейде емес, жол торабында өткізудің өзіндік артықшылығы бар екенін тілге тиек етті.

– Көрмеге қойылған өнер туындылары сан түрлі тақырыптарды қамтыды. Қазір ақпараттың, жарнаманың заманы. Қарбалас тіршіліктен қолы босамайтын қала тұрғындарында уақыт тапшы. Метрополитенде көрме өткізгендегі мақсатымыз – мың қатпарлы жер астымен жол жүретін жолаушыларға ерекше көңіл күй сыйлау. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, жас таланттарды елге таныту. Көрмеге елдігімізді танытатын, ерек­шелігімізді айқындайтын таңдаулы картиналар қойылды. «Астана – ардағым» байқауында үздік деп танылған таңдаулы туындылардың дені – біздің шәкірттердің еңбегі. Атап айтқанда, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасында үздік деп танылған Анар Әбжанованың жұмыстары бір төбе. Оның шығармашылығының бас­ты ерекшелігі – тақырыптарының сан түрлілігі, алуан түсті бояуды құбыл­та білетіндігі. Ол 2001 жылдан бері рес­пуб­ликалық, халықаралық көрмелерге қа­тысып жүр. Халықаралық өнер бәйге­сінің жүлдегері. Туындылары Қа­зақ­стан, Италия, Швейцария, Фран­ция, Түркия, АҚШ, Жапонияда жеке коллек­цияларда сақталған. Оның Лувр музейіне қойылған еңбектері әлем сурет­шілерін таңғалдырған. Біздің талантты су­ретшілеріміздің әрқайсысының орны бө­лек. Әсіресе жастардың бейнелеу өнерін тың тақырыптарда дамытып жат­қан­дығы қуантады. Болашақтың тізгіні жас­тар­дың қолында, – деді ол ойын түйіндеп.

Алматыда көрме атаулы жиі өтеді. Бірақ бұл көрменің артықшылығы – көркемөнердің барлық саласын қамтуға бағытталғандығында. Кескіндеме және мүсін кафедрасының меңгерушісі, профессор, Көркемсурет академиясының академигі Болат Тұрғымбаевтың айтуынша, тарихи тақырыптағы көрмелерді өткізудің маңызы зор.

– Көрме Астананың 20 жылдығына арналды. Көпшілік назарына кейінгі 5-6 жыл көлемінде салынған картиналар, мүсіндерді ұсындық. Сурет, мү­сін өнерінің әр бағытын қамтыдық. Бірі Астананың көріністерін, енді бірі Елбасының бет-бейнесін арқау етті. Өнер өз заманымен бірге дамиды. Қазіргі жастар интернет арқылы шетелдегі жаңалықтардан жан-жақты хабардар. Бір қуантарлығы, қазіргі жастар жаңаша ойлайды. Шәкірттеріміздің жаңашылдыққа ұмтылысы ерекше, – дейді ол.

Көрмедегі ең ғажап деген тақырыптық туындының бірі – «Елбасы» картинасы. Суретші Дәурен Бекназар картинаға бү­гінгі кезеңді ғана емес, бедерлі бола­шақты да бейнелеген. «Картинада тәуелсіз ел өмірінің ең жарқын сәттерін қамтуға тырыстым. Өткен тарихты бейнелеумен қатар Елбасының болашақ үшін жасаған жоспарларын да әспеттедім. Келешек ұрпақ үшін жасалған жұмыстарды насихаттасам деймін. Тәуелсіздіктің әрбір жылы тарих. Мақсатым – Елбасының тұлғасын жан-жақты етіп көрсету. Сондық­тан картинаның атауын «Елбасы» деп атадым. Президент бейнесінің төңі­регіне Астананың ең сәулетті ғимарат­тарының бәрін бір картинаға сыйдыру әрине мүмкін емес» дейді «Елбасы» карти­насының авторы.

Метрополитенде Астананың 20 жыл­дығына орай ұйымдастырылған әдемі бір шуақ шашқан керім көрменің ықылас танытар кейпі көз арбай береді.

Аялдамаға тоқтаған электровоз сәлден соң келесі стансаға қарай жөңкиді. Алма­лыға келген жолаушыға құшағын айқара ашқан Астанаға арналған ғажап көрме өзіне елік­тіріп алады. Өнерлі жастар­дың әс­петті шығармалары ынтық­тыра түседі. Алдыңызда Астананың арай шашқан айшықты көріністері көз арбайды екен.

...Көз алдыңызда арай шашқан алтын айдарлы Астана.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу