Берекелі бастамалардың берері мол

Жұрт жағдайын жақсартатын жобаларға жол ашылды

 

Еліміздегі әр азамат мемлекеттің қорғауы мен қолдауын және қамқорлығын сезінетін жағдайға жету – орындалмас арман, қол жетпес сағым емес екен, бұйыртса, жуық жылдарда жүзеге асатын  жоталы жобалардың қатарына енгенін естіп-көріп, шынын айтсам, балаша қуандым. Президент Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа бетбұрыс басталғанын жариялауы қоғам өміріне наурыздың жаңа лебіндей әсер етті. Елбасы өз Үндеуінде ұсынған 5 бастамасының баршасы мән-мағына, маңызымен жүрекке жылы тиіп, көкейге қонды.   

 

Егемен Қазақстан
07.03.2018 4966
2

Бірінші – әр отбасының бас­паналы болуына жағдай жасау мәселесі. «Отан от басынан басталады», «Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейтін исі қазақ баласы бұл бастамаға қалайша мейірленбесін?! Қазіргі нарық қыспағында отырған кезеңде арзан баспана алу дегеніміз ас­пан­дағы айға қол жеткізгенмен бірдей көрінеді.

«Біз соңғы жылдары азамат­тары­мыздың үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс істедік. Өткен жылы ауданы 11,2 млн шаршы метр болатын қыруар тұр­­ғын үйлер салынды. Бұл – бұрын бол­ма­ған рекордтық көрсеткіш. Алайда бұл атқарылған жұмыс­тар жеткіліксіз. Әлі күнге дейін көптеген отбасында өзі­нің үйі жоқ. Бұл – әлеуметтік маңызы зор про­­бле­ма­ның бірі. Біз ипотекаға қолжетім­ділікті арт­тырып, осы мәселені шешу үшін бар­лық жағдайды жасауымыз керек», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ұсын­ған, тұрғын үймен жаппай қамту­ға арналған «7 – 20 – 25» бағдар­ламасы тығырықтан жол тапқан ұтқырлығымен көңілден шықты. Озық шетелдердің деңгейімен шендесетін жоба. Ең төменгі 7%-дық ипотекалық несиеге 20%-дық бастапқы жарнасын төлеп қалаған пәтеріңді алу, оны 25 жылдық мерзімде өтеу – қай отбасына болса да үлкен көмек, тәуел­сіздік тұсында бұрын-соң­ды болмаған жақсылық.

Біз қазір төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өмір сүріп отырған елдердің қатарындамыз. Жер шарында жаһандық осы құбылыс қарыштауда. Бұрынғы үшеуі қандай еді дейсіздер ғой? Біріншісі – ХІХ ғасырда бу қозғалтқышын жаппай қолда­нысқа енгізу кезеңі, екіншісі – ХХ-ғасырдың басындағы электр­лендіру дәуірі, ал үшіншісі осы өткен ғасырдың соңында келген автоматтандыру мен компьютер заманы. Ентелеп келген соң­ғысы– осы үшінші кезеңнің жалғасы, бірақ анағұрлым жоға­ры деңгейдегі, кибер­фи­зикалық жаңа технологиялар дәуірі.

Біз технологияны өзгертумен шұғыл­данып жүргенде технологиялар біз­дің өзімізді өзгерте бастады. Жаһандану жық­пылында адасып қалмау үшін қандай қаре­кеттер керек?

Осы орайда еске түседі. Ұлы Бернард Шоудан бір тілші: «Сіз ғылыми-техни­калық революция жетістіктеріне қалай қарайсыз?» деп сұрағанда: «Біз осы ҒТР-дың арқасында суда балықша жүзуді, аспанда құсша ұшуды үйрендік, бірақ жер бетінде адамша өмір сүруді бәрібір үйрене алмадық», деп жауап берген екен.

Шынымен, қалай адамша өмір сүруге болады? Әрине, жауап айқын – адам бола білу керек, адам болып қалу керек дейміз. Дегенмен, бір сәт төмен түсіп, құдай­шы­лығын айта­­йық­шы. Қарапайым адамға ең ал­­дымен керегі не нәрсе? Ең бас­ты қажеттілік – баспана, азық, киім, білім... Басқасы кейін... Ал бәрінің түбі айналып келіп қар­жыға тіреледі. Тапшылықтан зәру­лік туындайды. Мемлекетің бай болып, қарапайым адамың бас­пана­сыз, аш-жалаңаш, білімсіз болса, киберфизика мен нанотехнология көмектесе ала ма? Міне, Президент Н.Назарбаевтың осы бір қалың бұқара үшін аса маңыз­ды, әлеуметтік мәні зор, өте өткір де өзекті мәселені шешуді ба­тыл қолға алғаны сүйсінтті. Бұл – бас­­па­на­сыздық проблемасын мейлінше жеңіл­дететін игілікті, берекелі бастамалар.

Мемлекет басшысы өзінің Үндеуіндегі екінші бастамасында жалақысы төмен жұртшылық­тың жағдайын жақсарту үшін салықты 10 есеге азайтып, 1-ақ пайызбен салық салуды ұсынды. Мұндай жағдайда жалақы көлемі анағұрлым ұлғаяды. Бұл да білген адамға зор жеңілдік, үлкен көмек.

«Болашақ – жастардікі» деген­ді көп айтамыз. Біз «Бола­шақ» бағдарламасы­мен жастарымызды шетелдерде оқыту­ды сәтімен жолға қойдық. Ол тү­лектер өз Отанына мол біліммен оралып, Қазақ­станның даму жолына лайықты үлестерін қосу үстінде. Оларға хош көңілмен сүй­сіне қараймыз. Бірақ өз елі­міз­дегі білім беру жайы қалай? Сын көтере ме? Осы мәселеде, биыл бір жыл толып отырған «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы бойынша қазақ тіліне аударылып жат­қан «100 озық оқулық» жобасы­ның келешегіне үлкен үміт артатынымыз рас.

Үндеуге үңілейік: «Үшінші бастама. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру үшін төмендегідей шара­ларды ұсынамын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грант­қа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техни­ка­­лық мамандықтар бойынша ба­калаврлық білім беруге тие­­сілі болады. Бұл төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайын­дағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, роботты техника, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр».

Міне, мұның бәрі – болашаққа талпынған әрбір қабілетті жасқа туғы­зылған қосымша тың мүм­кіндіктер. Қарапайым қазақ балалары жаңа дәуірге лайық сирек те жаңа мамандықтарды меңгеріп жатса, еліміздің ертеңі жарқын болмай ма?

«Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалып­тас­тыра отырып, сту­дент­тердің білім алуына және тұрғын орны­на жағдай жасауға жете назар аударуымыз қажет. Өздеріңіз білесіздер, сырттан келетіндер қаланың шетіндегі ескі үйлерді жалдап, содан қиындық көріп, зардап шегіп жатады. Мұндайда, әрине, сапалы білім алу туралы айтудың да қажеті жоқ. Бүгінде жоғары оқу орындары мен кол­ледж­дердің студенттерін жатақ­ханамен қам­­та­масыз ету мәселесі өте өзек­ті. Бұл мін­­­детті шешу үшін ЖОО-лар, колледж­дер және девелопер-компаниялар мем­ле­кет-же­ке­­меншік серіктестігі бойынша жатақ­хана құрылысын бастауы қажет», деді Елбасы.

Оқу грантын көбейтіп, жатақ­хана тапшылығын жою деге­німізді – келешекке жол ашу, болашаққа жағдай жасау, жас буынға мемлекеттік қамқорлық, еліміздің ертеңіне салынатын отандық инвестиция деп есептеу керек.

Сондай-ақ шағын несие беру мен аймақтарды газбен қамтама­сыз ету туралы бастамалар да ха­лықтың көкейінен шығары анық.

Елбасы өз сөзінде ұсынылған бес бас­таманың ойдағыдай іске асуына бірден-бір кепілдік – елдің бірлігі екенін баса айтты. Шынында да, бүкіл берекенің бас­тауы мен түп қазығы ұлтымыз­дың тұтас­тығында жатыр.

Конституциямызда белгі­ленген әлеу­меттік мемлекет ұғымы әр азаматқа мемлекет тарапынан қамқорлық жасаумен өлшенеді. Бұл бастамалар, түбе­гейлі алған­да, әлеуметтік мемлекетті нығайтуға жасал­­ған нық қадам деп бағалауға ла­йық. Сонымен қоса қарыштап басқан Қазақ­стан­ның халықаралық қоғамдастық алдын­дағы абырой-беделін де айтарлықтай арттыра түсері сөзсіз.

Еліміздің тілегі – жастар, тірегі – ауыл. Ендеше, олардың мүд­десі мемлекет мүд­десіне айналғаны бізді неге қуант­пасын?!

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

АЛМАТЫ

 

 

 

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу