Футбол • 11 Наурыз, 2018

Футбол: «Тобыл» «Жетісу» клубын жеңді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 1-турында «Тобыл» «Жетісу» клубын жеңді.

Футбол: «Тобыл» «Жетісу» клубын жеңді

Шыға сала «Тобыл» команда капитаны Азат Нұрғалиев «Жетісу» қақпасына екі-үш мәрте соққы бағыттады.  Сөйтіп басымдық танытқан команда кезекті қарымта шабуылда есеп ашты. Алаң ортасынан пас алған Бауыржан Тұрысбек сол жақ бұрышқа тепкен добы нысанаға дәл тиді. Гол! 1: 0

Осы есеп ойын аяқталғанша сақталып, «Тобыл» 1-турда жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, бүгін еліміздің алты қаласында Қазақстан футбол чемпионатының бірінші тур ойындары өтті. «Ордабасы» Шымкентте Қарағандының «Шахтерімен» күш сынасты. «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбемен» ойнады. «Ертіс» болса «Атыраумен» кездесті. Еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары саналатын «Астана» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады.