Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018

Елбасы Үндеуі ертеңгі күнге ынталандыра түседі

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбекақысы төмен қызмет­керлер үшін жеке табыс салығын азайту Елбасы­ның Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған маңызды бастамаларының бірі.

Елбасы Үндеуі ертеңгі күнге ынталандыра түседі

Біріншіден, бұл іс-шара еңбек­ақысы 25 айлық есептік көр­сет­кіштен аз 2 миллион қазақ­стан­дық­тың өмір сүру сапасын арт­тыруға көмектеседі. Яғни салық­тық жүктеменің азаюы есебі­нен 60 мың теңге жалақы алатын жұ­мысшы ендігі уақытта 5400 тең­ге көл­емінде қосымша қаражат ала­тын болады. Төмен жалақыны негізінен ауыл шаруашылығы, бі­лім беру және денсаулық сақтау са­ла­сының қызметкерлері алатын болғандықтан, бұл бастама ауыл халқы­ның өмір сүру деңгейін қолдау­ға бағытталған десе де болады.

Екіншіден, жұмыс беруші­лерге деген салықтық жүктеме бұрынғы деңгейінде қалады. Нәтижесінде, аталған іс-шара бей­ресми жұмыс істеп жүрген азама­т­­тардың санын, жалақыны «конверт­пен» беру фактілерін азайтуға ықпал етеді. Бұл қатарға шағын кәсіпорындарда еңбек қатынас­тарын рәсімдемей жұмыс істей­тін азаматтар кіреді, яғни олар үшін осы уақытқа дейін жұ­мыс беру­шілер ешқандай салық төлемеген.

Үшіншіден, еңбекақының өсуі тұтынушылық шығындар­дың көбеюіне алып келеді, бұл өз кезе­гінде жергілікті экономиканы ынталандырады.

Айжан МҰХЫШБАЕВА,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы