Қазақстан • 12 Наурыз, 2018

Үйі жоқтың күйі келмейді

1503 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дейді дана халқымыз. Бұл қисын отау көтерген екі жастың тұрмысы түзу болуы үшін өз басында баспанасы болуы қажеттігін аңғартады. Үйі жоқ адамда қайдан күй болсын.

Үйі жоқтың күйі келмейді

Оңтүстік Қазақстан облысы адам ресурсына бай, мұн­да­ғы халықтың саны үш мил­лион­ға жетеқабыл болып қал­ды. Мың­даған жастар бас құр­ағаны­мен пәтерлері болмай, қиындық кө­ріп, тағдыр жолы екі айырылып жат­қандары көбейіп барады. Бұл жағ­дай Мемлекет басшысын да қатты алаңдатып жүргенін білеміз.

Сондықтан да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде әлеуметтік жоба­лар­дың алғашқысында баспана мәселесін шешудің халыққа аса ыңғайлы тетіктері айтылды.

Жұмысы бар әрбір шаңырақ үшін Елбасы «7 – 20 – 25» бағдар­ламасын ұсынып отыр. Қазір ірі қалаларда мыңдаған отбасы айы­на 100-150 мың тең­геге пәтер жалдап тұрып жатыр. Мұның ішінде коммуналдық төлемдерді өзі төлейтіндігін қоссаңыз, жас шаңырақтың ғұмыр бойы баспаналы болуына жағдайы келмеуі мүмкін. Мемлекет басшысы ипотекалық несие пайызын азайтып, 7 пайызға түсіруді ұсынды. Бұл екі жеп биге шығып қалған банктер үшін тиімсіз болғанымен, қазақстандықтардың баспаналы болуына бірден бір жақсы жол. Біреулер осы жылдар ішіндегі пайызды қайта-қайта есептеп, ала өкпе болып жатыр. Тегін ірімшіктің тек тышқан аулағыш қақпанда болатынын ескерсек, бұл пәтер жалдап алдағы өмірден үмітсіз болғаннан мың есе артық жоба ғой. Қазір – нарық заманы, тегін бер дейтіндей уақыт емес. Қаржы шығарып отырған құрылымдар банкроттыққа бара алмайды.

Алғашқы жарна 20 пайыздан аспағандықтан миллиондаған азаматтар таяу жылдарда баспаналы болады.

Оңтүстік үшін тағы бір өзек­ті мәселе жұмыссыздықтың алдын алу болып отыр. Нәти­желі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарла­масына Үкімет 85 млрд теңге бөліп, жұмыссыздарды оқыту арқылы қысқа мерзімде маман­дықтар беріп жатыр.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін «Бастау Бизнес» жобасы аса маңызға ие болуда. Елбасы «2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несие­лер­дің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде шағын несие ала­тындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады» деді.

Қазіргі кезде Қазақстанның агроөнеркәсіп секторы тұрақты даму үстінде. Оңтүстік өңірі аг­рар­лық аймақ болғандықтан, бұл бағытта да жаңа технология­лар енгізу бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылып отыр. Бүгінгі таңда өңірдегі аграрлық секторды игеру және инновация­ларды енгізу ең маңызды мәсе­лелердің біріне айналуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ал­дағы уақытта интенсивті бақ, тамшылатып суару, жылыжай көлемін ұлғайту бағыттарында жаңа технологиялар енгізу ар­қылы өнімділікті артыруға болатынын үнемі айтып келеді. Яғни мемлекеттік қолдау ар­қылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік мол.

Оңтүстік Қазақстанның ең­бек­қор халқы Мемлекет басшы­сының бұл үндеуден үлкен жақ­сылықтар күтіп отыр.

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, заң ғылымдарының докторы

Оңтүстік Қазақстан облысы