12 Наурыз, 2018

Бес әлеуметтік бастама – халықтың тұрмысын жақсартатын шешім

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев анық­тап берген басымдықтар институттық және ұлттық бағдарламалардың орындалуына зор ықпал етті. 

Бес әлеуметтік бастама – халықтың тұрмысын жақсартатын шешім

Kerek-info.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы бері Президенттің барша бастамаларын қолдап келеді. Мемлекет басшысының арқасында біз достық пен қоғамдық келісімнің идеясын жүзеге асыратын осындай бірегей институт құруға мүмкіндік алдық. Таяуда Алғыс айту күні мен ҚХА-ның құрылған күнін атап өттік. Осы сәтті пайдалана отырып, Елбасы Н.Назарбаевқа Ассамблеяны құрғаны үшін зор алғыс білдіремін. Қазақстанның киелі топырағында жүзден аса этностың өкіл­дерін жылы қабылдап, құшақ жая қар­сы алған қазақ халқына да алғысым шексіз. Бүгінде Қазақстан сол этностардың Отанына айналды. Заманауи Қазақстанның қалыптасқаны үшін рахмет айтамын.

Парламенттің бірлескен отырысында Елбасының жаңа әлеуметтік міндеттер жөнінде айтқанының маңызы зор. Тұр­ғын үй алуға берілетін жаңа мүмкіндік, төмен жалақы алатындарға салынатын салық көлемін азайту, жоғары білім сапасы мен қолжетімдігін арттыру, шағын несиелеуді ұлғайту және елді газдандыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмалары ең алдымен қарапайым халық үшін жасалған қолдау болды.

Шағын және орта кәсіп өкілі ретінде шағын несиелеуді ұлғайту жөніндегі бас­тамаға тоқталғым келіп отыр. Бұл кәсіп­керлік саласындағы қызметті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биыл қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиелеудің жалпы саны 62 миллиард теңгеге жететіні қатты қуантты.

Н.Назарбаевтың Үндеуінде айтылған жаңа әлеуметтік бастамалар жөнінде біз­дің қоғамның әлеуметтік бірлігін, әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсарта беруге бағытталғанына сенімдімін. Осының барлығы іске асуы үшін ең алдымен халық­тың ауызбіршілігі, жұдырықтай жұмылуы қажет. Бүгінге дейін Қазақстан жеткен табыс­тардың барлығы ынтымақтың арқа­сында жүзеге асып жатқанын біз жақсы түсі­неміз. Сондықтан бұл жолы да елді жақсы бастамаларға жұмылдыруға барынша үлес қосуға тырысамыз.

Владимир ШИХОТОВ,

Жетісу казактары

одағының өкілі

Соңғы жаңалықтар