Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы өтіп жатыр

Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды inform.kz.

Егемен Қазақстан
12.03.2018 2668
2

Жазушылардың басты жиынында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының қазіргі төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.

«Қазақстан жазушылар одағы Кеңес одағы кезіндегідей идеологиялық құрал емес. Олай болуы да мүмкін емес. Біз құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқан еркін қаламгерлердің еркін бірлестігіміз. Ондаған, жүздеген қоғамдық ұйымдар сияқты біз де қоғамдық бірлестіктердің бірі ғанамыз. Заңда көрсетілген талаптарға сай жарғымызда көрсетілген баптарға байланысты өмір сүруге міндеттіміз. Бүгінде одақтың құрамында 780-нен астам қаламгер бар. Әдебиет дейтін киелі ұйымға 84 жыл ие болған Жазушылар одағының жұмысын түгел түгендеу мүмкін емес, біз соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды айтып шықтық. Ұйым одақ негізін қалаған Алаш арыстары заманында да, одан кейін Мұхтар, Ғабиттер басшылық еткен кезеңде де жойылып кетпеген. Жазушылар одағында өткен 22 жыл мен үшін үлкен мектеп болды. Барлығыңызға алғысымды айтамын. Өзіме бата берген ағаларым аруағы алдында басымды иемін. Осы мінбеден барлығыңызға ризашылығымды айта отырып, төрағалыққа сайлауға түспейтінімді жеткізгім келеді. Енді жаңадан сайланатын бауырларымызға сәттілік тілеймін. Әдебиетіміз мәңгі болсын!», деді Нұрлан Оразалин.

Нұрлан Оразалин баяндамасында әдебиетке қолдау білдірген бірқатар облыс әкімдері мен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке алғысын айтып, жас жазушылардың әдебиет әлеміне жол ашқан коммерциялық ұйым басшыларына ризашылығын білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

14.11.2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

14.11.2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

14.11.2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

14.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

14.11.2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

14.11.2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

14.11.2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

14.11.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтіп жатыр

14.11.2018

Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

14.11.2018

Елбасы АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу