Қазақстан • 13 Наурыз, 2018

Жазекеңді ұлықтаған жайсаңдар. 1981 жылы түсірілген сурет туралы

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сурет 1981 жылы түсірілген. Биыл қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай, біраз мұрағат ел назарына ұсынылу үстінде. Сол үрдіспен бұл сурет те өз тарихынан бүгін сыр шертпек.

Жазекеңді ұлықтаған жайсаңдар. 1981 жылы түсірілген сурет туралы

Заманында Қазақ телевизиясының насихат хабарлары бас редакциясы екі мәр­те Социалистік Еңбек Ері, шопан ата Жазылбек Қуанышбаевтың 80 жасқа толуы­на орай мерекелік хабар ұйымдастырған бо­латын. Еңбек «маршалының» шашбау­ын көтеруге келгендерге көз жүгіртсек оң жағында Мойынқұм аудандық партия ко­митетінің бірінші хатшысы, Сталин­град майданының жауынгері Айтбай Назарбеков, сол қапталында КСРО халық әртісі Роза Бағланова, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ғабиден Құрманов отыр. Оның сол жақ ше­тінде домбырасының құлақ күйін кел­ті­ріп отырған актер, режиссер Досқан Жол­жақсыновты көреміз.

Біз бүгін сол 1981 жылы «Үш бәйтерек» телеповесін және «Жазылбек ата» деректі кинофильмін Одақ көрермендеріне ұсынып жатқан тұста таспаға түсіп, тасқа басылған суретті тарихтың ажарына, елдің назарына тарту еттік.

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

ардагер журналист