Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері ертең қандай мәселелерді талқылайтыны белгілі болды

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егемен Қазақстан
13.03.2018 3863

«Мемлекет басшыларының ертеңгі кездесуі шағын және кеңейтілген құрамда өтіп, оның барысында өңірлік күн тәртібіндегі және халықаралық форматтағы өзекті мәселелер талқыға түседі. Сонымен қатар сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды сапалы жаңа деңгейге көтеру мәселелеріне де айрықша назар аударылады. Әдетте, біздің тараптың тауар айналымының тізілімінде астық пен ұн ғана қалыптасқан. Алайда, уақыт өз дегенін жасатып, локомотивтер, автомобильдер сынды жаңа дүниелерді ілгерілетуді талап етеді. Сондықтан тауарларымызды Тәжікстан нарығына одан ары экспортқа шығару жолдары талқыланады», - деді ол бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінде БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз мәслихатында.

Н.Сейтімовтің атап өтуінше, келіссөздер қорытындысында Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланған. Мұнан бөлек, үкіметаралық үш келісімді рәсімдеу де көзделіп отыр. Аталған құжаттардың барлығы да көші-қон мәселелеріне, бір елдің азаматының екінші елге келу тәртібіне қатысты болмақ.

«Сондай-ақ екі мемлекеттің Сыртқы істер министрліктері арасында ынтымақтастық бағдарламасына қол қою көзделген. Ол елдер арасында екіжақты мәселелермен қатар көпжақты форматтағы ынтымақтастық бойынша саяси консультациялар өткізу тәртібі мен кестесін қарастырады. Мұндай келісім әрбір екі жылда бір рет жаңарып отырады», - деді Елші

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

25.06.2018

Сенат комитетінде білім беру мәселелері туралы заң жобалары қаралды

25.06.2018

Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысының Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды

25.06.2018

«Біліммен – болашаққа» түлектер кездесуі өтті

25.06.2018

Қырымбек Көшербаев: Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы»

25.06.2018

Тартылыс заңы немесе туристерді тамсандырған шаһар

25.06.2018

Ұлттық домбыра күні Астанада «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуені өтеді

25.06.2018

Сенат Төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

25.06.2018

Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ жетекшілерімен кездесу өткізді

25.06.2018

Бессайыстан әлем кубогы аяқталды

25.06.2018

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті

25.06.2018

1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері артады

25.06.2018

Тәртіпті таксидің жұлдызды шағы

25.06.2018

Сағынтаевтың қатысуымен Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі талқыланды

25.06.2018

Семейде Сабантой мерекесі облыстық деңгейде тойланды

25.06.2018

Мың бояулы шаһардың бір күні

25.06.2018

ҚР ЕХӘҚМ базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді

25.06.2018

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

25.06.2018

Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды

25.06.2018

77 жылдан соң оралу

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Асқақтатам деп, аласартып алмайық

Бір әріптесіміз көгілдір экраннан «тақыр жерде тұрғызылған қала» туралы көсіліп сөйлеп тұр. Тақырып Астана туралы екен. Мерейтойы иек астына келіп қалған шаһарды мақтауға теңеу таппай қатты қиналса керек, тілінің ұшына оралған тіркестің түрі әлгіндей.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу