Бес әлеуметтік бастама Іс-қимылдың нақты жоспары - Михаил Бортник

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы халықты жоғары деңгейде әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін, экономикалық қуатты мемлекет қалыптастыруды мақсат еткен сындарлы саясатының жалғасы болып табылады.

Егемен Қазақстан
14.03.2018 2296

Елбасының бастамалары Қазақстан халқының әл-ауқатына оң әсер ететін болады. «7 – 20 – 25» бағдарламасы көп­теген қазақстандықтардың тұр­ғын үйге қатысты өткір мәсе­лелерін шешуге арналып отыр. Еліміздегі мыңдаған адамдар қолайлы шарттар бойынша пәтер сатып алуға мүмкіндік алады. Одан басқа, мемлекеттік ин­вес­тициялық саясаттың басым-бағы­ты бола отырып, тұрғын үй на­ры­ғының басқа салаларға жанама әсері мол болады әрі аралас салаларда инвестициялық белсенділікті үдете түседі. Сон­дықтан қолжетімді ипотека тетік­терін жасаумен қоса, бұл бағ­дар­ла­ма отандық құрылыс саласы­на сер­пін береді, құрылыс материал­дары­ның өндірісі ұлғаяды, жұ­мыс орындары ашылады. 

Еліміздің орталық және сол­түстік өңірлеріне газ жет­кізу жоспары да еліміз үшін стра­те­­гиялық маңызға ие жоба. Бірін­ші­ден, көптеген қазақ­стан­дық отбасылар сенімді әрі техно­­­ло­гиялық тұрғыда өңделген отынмен қамтамасыз етіледі. Ол, әсіресе ауыл тұрғындарының тұр­­­­­мысын жеңілдетеді, үй шаруа­шылығы бойынша атқарылатын жұмыстарды анағұрлым оңай­латады. 

Екіншіден, газ құбырының бойындағы барлық шағын және орта бизнес кәсіпорындары арзан әрі қолайлы энергия көзі­не қол жеткізеді және ол өн­дірі­летін өнімнің бәсекеге қабі­лет­тілігіне оң әсер етуі тиіс. Одан кейін қалалардың ұлғаюы мен автомобильдердің көбеюіне байланысты күрт өзгерген экологияны сақтау мәселелері де шешіле бастайды. Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – экологиялық қауіпсіздік мәселелері де жүзеге асады.

Президент өз сөзінде адам капи­талына, оның ішінде студент жастардың білім алуы мен дамуына ерекше назар аударды. Бүгінгі студенттер – елі­міздің, мемлекетіміздің бола­шағы. Сондықтан олардың қол­жетім­ді әрі сапалы білім алуына жағдай жасау керек. Қосымша берілетін 20 мың білім гранты еңбек нарығында сұранысқа ие қосымша ондаған мың білік­ті маманның пайда болуына, жастардың өмірден өз орнын табуына мүмкіндік береді. Одан басқа, 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орындық қазіргі заманғы студенттік жатақхана құрылысын салу – ұзақмерзімді дамуға бет алған мемлекеттің ілкімді шарасы болып табылады. Ең алдымен, жатақхана тап­шы­лығын кешенді түрде шешу қазақстандық студенттерге шетелдік жоғары оқу орын­дарынан гөрі отандық оқу мекемелерін таңдауға мүмкін­дік береді. Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі, стипендия мен жатақханадағы қо­лай­лы бөлмелер оқу орындарын таңдауда маңызды рөл ат­қа­ратына белгілі. Өз ақыл-ойы мен санасын Қазақстан игілігіне ар­на­­ғысы келетін дарынды жастар үшін қосымша әлеуметтік сатылар пайда болады. 

Елбасының бес әлеуметтік бас­тамасы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әрі терең ойластырылған іс-қимыл жоспары деп білеміз.

Михаил БОРТНИК,
Парламент Сенатының депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу