Футбол • 14 Наурыз, 2018

«Севилья» 60 жылдан кейін Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты (видео)

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Севилья» командасы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында сырт алаңда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен күш сынасып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Севилья» 60 жылдан кейін Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты (видео)

Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмады. Ал келесі 45 минутта испаниялық команда белсенділік танытып, небәрі төрт минуттың ішінде ойын тағдырын шешіп кетті. 74-минутта франциялық шабуылшы Виссам Бен Йеддер «Севильяны» алға шығарса, 78-минутта дубль иесі атанды.

Негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда «қызыл сойқандар» сапынан Ромелу Ллукаку есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ осыдан кейін жанұшыра алға ұмтылғанмен ағылшын командасы Серхио Риконың қақпасынан саңылау таба алмады.

Осылайша қос кездесудің қорытындысы бойынша андалусиялық команда 60 жылдан кейін Чемпиондар лигасының ширек финалына алғаш рет жолдама алды.

Ал Италияның «Рома» командасы өз алаңында Украинаның «Шахтер» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңісті голды 52-минутта Эдин Джеко салды. 

Айта кетерлігі, алғашқы кездесуде украиналық команда римдіктерді 2:1 есебімен ұтқанмен, екі ойынның қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Рома» клубы өтті.