Театр тектілікті сүйеді

...Спектакль аяқталып, шапа­лақ соғылды. Қалың көрер­мен сах­нагерлерге қошемет көр­сетісіп, шы­мыл­дық жабылды. Шымыл­дық­пен бір­ге әлгінде ғана 2 сағат бойы­на бір­тұтас әлемге айналып, бір­ге ты­ныстаған сахнадағы актер­лер мен залдағы көрермендер ара­сын­да­ғы шекара да, толассыз толағ­ай әсер­лер де шорт үзілді.

Егемен Қазақстан
15.03.2018 2483
2

Ендігі сәтте көрермен үшін актер әле­мі тылсымға айналып қалуы керек. Өнер­дің заңы сондай! Себебі сахна – киелі мекен. Оған тек құпиялылық қана жарасады.

Бірақ біздің көрерменнің спектакльден кейінгі «спектаклі» енді бас­талды. Тайлы тұяғы қалмай сахнаның ар­ғы бетіне ағылып жатыр. Суретке тү­суге... сөйтіп, әлеуметтік желі ар­қы­лы актермен жақсы қарым-қаты­на­сын жаһанға жария етіп мақтануға... Ал әлгінде ғана мағынасы күрделі, әрекеті ауыр қойылымды аяқтаған актер демін алып, қара терге малшынған кейпін енді қалпына келтіруге оқтала бергені сол еді, өнер иесін межелі жеріне жет­кіз­беді. Орта жолдан тоқтатып, қол­­тық­тап алып, жарқ-жұрқ суретке тү­су­шілердің қарасы да, кезегі де толас­тар емес. Амал жоқ, актер жылы ға­на жы­миып, көрерменнің тілегін үн­сіз орын­дауда. Себебі бұл – театр мә­де­ниеті.

Иә, мәдениет қай жерде де, кім-кім­ге де қажет. Ол, әсіресе, театр әле­мінде. Әйтсе де, бүгінгі шектен тыс жариялылық, өнерімен қоса жеке өмірін де күллі ғаламның талқысына ұсы­ну, әр басқан қадамын, қыдырған, дос­тарымен бас қосқан, түрлі кештерде көңіл көтерген суреттерін үздік­сіз әлеуметтік желіге жүктеу, той-тома­лақ­­тың төрін бермей, тойханаларда «хал­тура»деңгейінде өнер көрсету – мұның барлығы да актердің сыр мен сұлулыққа толы жұмбақ әлемін тым қадірсіздендіріп жібергендей әсер беретіні бар. Қала берді, қарапайым сөз саптауындағы жүйесіздік пен таяздық, дұрысы білімсіздік те әртіс адамның абыройын қарапайым көрерменнің алдында жығып беріп жатқандай ма?..

Олай деп кесіп пікір білдіруіміз себепсіз емес. Осыдан біраз бұрын заман­дас актермен сапарлас болу мүм­­кіндігі бұйырды. Жол қысқарту үшін өнер жайлы, істеп жүрген жұ­мысы, алдағы жоспарлары тура­лы әңгіме қозғадық. Жаңа рөлге дай­ындық үстінде екен. «Жақында премь­ера» деді. Рөл төл классикамыздан бұй­ы­рып­ты. Басты кейіпкердің бірі. Пікір ал­маса келе түсінгеніміз – әлгі сахнагер сомдамақ бейнесін, сол заманның дәу­ір тынысын зерттеп-зерделеу бы­лай тұрсын, өз кейіпкеріне тиесілі репликадан басқасын, яғни пьесаны толық оқымаған болып шықты. Әлгіндегі ғана қызықты әңгімеге құлшынып тұрған көңіліміз су сепкендей басылды.

Тағы да ойымызға естеліктерден оқып таңырқасқан, тәнті болысқан режиссер Асқар Тоқпановтың Абай бейнесін шығару барысындағы актер Қалибек Қуанышбаевпен дайындығы түсті. Абайдай алып бейнесін тудыру үшін Шыңғыстауға дейін барып, сол аймақтың тыныс-тіршілігімен, адамдарының мінез-құлқымен танысып, том-том кітапты жата-жас­тана оқы­ған актер еңбегі сонда аңыздай кө­рін­ді. Бірақ ол тіпті де қиял-ғажайып емес, өнер иесінің сомдамақ рөліне де­ген сүйіспеншілігі, күнді түнге, ап­таны айға жалғаған жанкешті еңбе­гінің жемісі еді. Нәтижесінде, сах­наланғанына 80 жылға жуық өт­се де, Қалибек Қуанышбаевтың кейіп­теу­індегі сол Абай күні бүгінге дейін сом­далып жатқан ақын бейнесінің эта­лонындай. Сапалы ізденіс, тың­ғы­лықты дайындық, кейіпкеріне деген шексіз махаббат пен жұмысына де­ген сүйіспеншілік актер есімін мәң­гілік етті. Абай бейнесі Қалибек Қуанышбаев ойыны арқылы қалың көрерменнің көңіліне берік бекіді. Сахнагер есімі аңызға айналды.

 Ал енді қазіргі актерлер жұмысын барлап көрейікші. Бас-аяғы бір-екі аптада көз ілеспес жылдамдықпен Гамлет сынды күрмеуі қиын күрделі рөл­дерге де көзсіз батырлықпен бара бе­ретін ғаламат жедел сахнагерлер ойы­ны неліктен Қалибек Қуаныш­ба­евтың орнын әлі баса алмай келе жатыр?..

Себеп – бүгінгі актерлердің ішкі дай­ындығынан бұрын, сыртқы әсер ету, жарқ-жұрқ жарнамаға, әлеу­мет­тік желі арқылы бар өмірін көп­ші­лік алдына жайып салуға деген қы­зы­ғу­шы­лығының өз кәсібіне деген махабба­тынан басым түсуі. Осының салдарынан көрермен үшін актер әлемі құ­пия­лылығын жойып, жалаңаштанды. Қо­ра-қопсы, үй-жайдың маңайындағы әң­гі­мені қаузаймыз деп жүріп, өнер өзі­не ғана тән тектілігінен айырылып қал­ғандай. Шектен тыс жариялылық пен қолжетімділіктің салдарынан қа­ра­­байыр күйге түскен ақсүйек өнер – театр кейбір сәтте өзінің төл пер­зе­нтт­еріне өкпелідей көрінеді...

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу