Кенжебек Шайқақов: Адам бақыты – еркіндікте

Режиссер Кенжебек Шайқақовпен кино төңірегінде сұхбат құрған едік.

Егемен Қазақстан
15.03.2018 5035
2

– Кинодағы дебютіңіздің жолы ауыр, бірақ сәтті болды. Шетелдік бірнеше ки­но­фестивальда жылы қабылданды. Қазақстанда кино түсірудің қиындығы не­де? Жаңа туындыңызды қашан кө­ре­міз?

 – Бәлкім, біздің елде ғана солай шығар, де­бют түсіру үшін «дебют» сұрайды. Олай дейтін себебім, «Қазақфильмнің» ішінде «Дебют» деген арнайы бөлім бар. Оның міндеті кино түсіруге талаптанған жас режиссерлердің сценарийін қарап, көркемдік талқыдан өткізіп, өндіріске жіберу. Ал менің сценарийімді көркемдік кеңес мақұлдап, талқылап дұрыс деп танығанымен, өндіріске кетпеді. Себебін сұрағанымда «бұрын түсірген нең бар? Көрейік» дейді... Бұл жауабы жоқ талап еді... Бәлкім, қазір түзелген шығар...

 Кино түсіру біреуге оңай шығар... Ал маған қиын. Кино деген адамның өмір бойғы жиған, түйгенінің жемісі секілді. Мен біраз жылғы жиғанымды бірінші фильміме салып жібергендеймін. Енді сәл жиналу, көру, түю... зерттеу, зерделеу керек сияқты. Тақырыптар бар... Тіпті сценарийлер де... Бірақ оған жан бітіретін өзің ғой... Шынын айтсам, шалажансар боп қалмаса екен деймін... Шынжау, әлжуаз фильм түсіргім келмейді... Әліме қарамай... Сондықтан толысқанын күтіп отырмын. Құдай қаласа жақын қалды.

– «Үйімді сатып кино түсірсем бе деймін де, сосын үйімнің жоқ екенін ойлап кідіріп қалам» депсіз. Әуелі кино үшін осындай құрбандыққа баратындай сізге кино несімен қымбат? Екінші, қазір үйіңіз бар ма?

– Қазір үйім бар. Құрбандықсыз өнер болмайды екен. Бұл бірнеше тәжірибенің түйіні. «Кино құрбандыққа баратындай несімен қызықтырды» дейсіз ғой ... Шынын айтсам, білмеймін... Киноға деген махаббат шығар... Шын ынтызарың үшін құр­бандыққа барасың ғой... Тіпті болмаса ақымақтық болар. Шетелде мұндай тәжірибенің бар-жоғын естімеппін... Олар шын өнерге ақша табады ғой. Көші ілгері елдерде өнер өмірдің жетелеушісі емес пе...

– Қазақ киносы, комедиясы қазір көп түсіріліп, көрермендерге жол тартып келеді. Қазіргі қазақ фильмдерін көріп жүрсіз бе? Оларға қандай баға берер едіңіз?

– Қазақ киносы дедіңіз ғой. Мен осы қазақ киносы дегім келмей отыр оларды. Іштарлықтан емес... Себебі қазақ киносы деген не? Ол ұлттың болмысы, тілі, ділі емес пе? Әлде қазақ ұлт емес пе? Ал сіз соңғы түсіп жатқан кинолардың қайсысын ұлттық дер едіңіз? Меніңше, ұлт жоқ... Себебі тілі дүбәра... Мен ұлтымды ондай дүбәра санамаймын... Сондықтан оларды аса іш тартып қарамаймын... Бәлкім, отандық кинолар шығар... тіпті қазақстандық дегенді де қияйын... Ал қазақты қимаймын... Кешіріңіз!

– «Сталиннің өлімі» фильмі Қазақ­стан­да да (Алдында Ресейде тыйым са­лынған болатын) көрсетілмейтін бол­ды. Осыған байланысты әртүрлі пікір­лер айтылып жатыр. Сіз көрдіңіз бе ол фильмді? Көрсетілуі керек пе еді?

– Ол фильмді көрмедім. Біріншіден, естідім. Не туралы екенін білем... Екіншіден, өзге елдің фильм туралы ұстанымы мені аса қызықтырмады.

– Сіздің мамандығыңыз – кинодра­ма­тург. Әзіл-сықақ театрында да ой­на­­дыңыз. Киноға да түстіңіз. Өзіңіз де кино түсірдіңіз, киносценарий жаз­ды­ңыз. Егер сіздің алдыңызға қатал талап қойып, актер боласыз, әлде тек режиссер боласыз десе, сіз қайсысын таңдар едіңіз?

– Режиссер болар едім. Себебі режиссер тудырушы, жасаушы.

– Әзіл ойнауды қоюыңызға не себеп болды? Қазір қазақ әзіл-сықақ театрлары көбейіп келеді. Ал керісінше, драмалық театрлар олай көбейіп, ашылып жатқан жоқ. Осының әлеуметтік себебі бар ма?

– Әзілді қойғаным, қолымнан келмеді. Шыным. Қазіргі әзіл айтушылардың шаңына ілесе алмай қалдым. Қазір әзіл өте жылдам айтылады, көрермен жыл­­дам күледі... Тіпті кейде жылдам жы­лай­ды. Әзіл театрына барып жылап қайту қандай қиын... Мен әпендені жақ­сы көрем... Алаңғасарға күлем... Ал әуме­сер­ге жаным ашиды. Біз әпенде мен әу­ме­серді шатастырып алдық па деймін.. Осы біз әумесерге күліп жүрген жоқпыз ба? Ал драма театрларының ашылмай жатқаны, уақыты келмегендігінен шы­ғар... Болашақта жеке драма театрлары ашылады деп ойлаймын.

– «Күрке» фильмін жазуға бір қойшы жігіттің айтқан оқиғасы себеп бо­лыпты. Өмірде киноға бергісіз оқи­ға­лар өте көп болып жатады. Сондай бір тағы түсірсем деп жүрген сюжетіңіз бар ма? Болса, қысқаша оқиға желісін айта ала­сыз ба?

– Иә. Кино өмірдің айнасы сияқты... Тарковскийдің сөзі ғой. «Кино – уақыттың таңбалануы» дейді. Мен осыған сенемін. Маған айтып берген оқиға өмірдің бір көрінісін көз алдыма жайып салды. Кино секілді екен. Сосын оны өз өмірімдегі суреттермен қосып жасап шығуыма сеп болды. Ол жігіт әуелі бір әдемі ән айтып отыр еді. Тыңдасам әуені жақсы қырғыздың әні екен. «Бұл не ән?» деп едім... Әлгі оқиғаны айтып берді. Қырғызбен шекаралас ауылдың баласы еді. Ауылда нағашысының қойын бағып жүргенде арғы ауылдан қырғыздың қызы қой жайып
шығады екен. Ол да ең әуелі қыздың әнін естіпті. Қыз айғайлап бір ән ай­тып жүреді екен. Кейін жақын келіп, сөй­лесіп осы әнді жаттап алыпты. Ал күр­ке құру, қос тігу ол кейін қосылған кө­рі­ністер еді.

Менің сүйікті жазушым – Бейімбет Май­лин. Биағаңның шығармалары қазақ­тың боямасыз өмірі, әсіресіз сурет­тері ғой. Ал да түсіре бер. Келесі киноны сол жазушының шығармаларынан іздеп жүр­мін. Тек кейіпкердің бүгінгі бейнесін та­бу­ым керек. Мысалы, «Ел күйеуі» деген шығармасының желісі бойынша бір сценарийім жоспарда бар.

– Адам – жаратылыс. Адам – құ­бы­лыс. Жан – жұмбақ. Ал кино ше?

– Киноның түрлі жанры бар ғой. Әр жанр­дың мақсаты әр басқа. Ал менің кино­мдағы талғам, таным бөлек. Мүдде де өзгеше. Сондықтан кино – ол өнер. Ал фәлсафасы десеңіз... Жоғарыда Тар­ковскийдің айтқанын айттым ғой... Оған қоса, меніңше ол қайта көруге болатын жасанды өмір шығар. Әлгі адам деген жаратылыстың жұмбағын шешуге арналған зертханада жасалатын.

– Сонда режиссер кім?

– Қалыпты жауап берейін бірінші. Режиссер ол басқарушы, ұйымдастырушы. Ал сұрағыңыздың салмағына қарай жауап
берсем, онда өмірдің ішінде өмір жасаушы болар.... Жасанды өмір. Жалпы айтар едім, кез келген суреткердің, ол жазушы болсын, ақын болсын, режиссер болсын, ең басты міндеті адам жанының жаршысы болу керек сияқты. Жан ол сіз айтып отырған жұмбақ. Сол жұмбақты зерттейтін солар. «Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым. Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» демеді ме Төлеген ақын... Режиссер де қоғамның жарасына бейжай қарамайтын адам.

– Әдебиетті жақсы көресіз. Соңғы рет қолға алған кітабыңыз?

– Мұхтар Мағауинның «Жармақ» деген кітабын оқыдым.

– Не туралы екен?

– Адам туралы. Жан, құбылыс, жаратылыс жайлы.

– Ең үлкен бақытсыздық деп нені ойлайсыз?

– Ең үлкен бақытсыздық – тәуелділік шығар. Өмірің біреуге тәуелді болған қи­ын ғой. Кәрі шешем тілеп отыратын «Сен­дерге масыл боп, жатып қалмай өлсем арманым жоқ» дейтін. Өмірден ті­леуін беріп сап-сау отырған жерінде жү­регі тоқтап жүре берді. Бұл бір мысалы ғой. Адам қай жерде еркін, сол жерде бақытты.

– Ал бақыт деген не?

– Ең үлкен бақыт – тәуелсіздік.

 

Әңгімелескен Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі

19.11.2018

Байділда Жылқышиев: Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің түйткілді тұстары

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу