Әлем • 15 Наурыз, 2018

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы: Ұстанымдар ұқсастығы ортақ мақсаттарға жетелейді

1519 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланғаны белгілі. Ал келесі жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аталып өтпек. Қос мемлекеттің ынтымақтастығы тәуелсіздік алған сәттен бастап жаңа сипатта дамып, нығая түсті.

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы: Ұстанымдар ұқсастығы ортақ мақсаттарға жетелейді

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылы тәуелсіз Қазақ­станның тарихында жаңа кезең басталды. Елдің ұлттық тарихында да үлкен бетбұрыстар жасалып, елеулі оқиғалар болды.

Қазақстан жолы – постке­ңестік мемлекеттердің ішінде аума­­ғы жағынан екінші орын алатын ірі жол. Мұнда 130-ға жуық эт­нос өкілдері тату-тәтті өмір сүр­уде. Мұның өзі жас мем­ле­кет­­тің тұ­рақ­тылық пен ор­нық­­ты дамуға қол жеткізіп келе жат­қа­нын аң­ғарт­са керек. Бүгінге де­йін мем­лекет­тіліктің берік негізі қа­ла­нып, экономика тұрақты түрде өр­кен­деді және барлық елмен жара­сымды қа­рым-қатынас қалыптасты.

Қазіргі таңда Қазақстанның алдында тұрған мақсат-міндет­тері мен алдағы жоспарлары бәріне айқын. Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы мен «Төртінші өнер­кә­сіп­тік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» атты биылғы Жол­дау қазақ­стандықтардың тың серп­іліс жолына түскендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің Жолдауы мен өткен жылы Өзбекстан Рес­пуб­­­ли­касының Президенті Ш.М.Мирзиёевтің ел парла­мен­ті­не, Олий мажлисіне арнаған Жол­дауы арасында бір үндестік бары сезіледі. Өзбекстан тарихында тұңғыш рет қабылданған бұл бағдарламалық құжатта Өзбек­стан Президенті бүгінгі жағдайға қазақ әріптесі тәрізді әділ бағ­а­сын беріп, болашақтағы міндет­тер­ді айқындап өтті.

Н.Назарбаев Жолдауын стра­тегиялық, яғни көкжиектен көзге шалынған межелерге жету стратегиясы және әлемдік ұлы көштен қалмау үшін дамудың сара жолын анықтайтын бағыт деп те қарауға болады.

Президент алға қойған 10 бас­ты міндетті жүзеге асыру Қазақ­стан­ның түпкі мақсатына жетуіне – дамыған 30 елдің қата­рына кіруіне даңғыл жол ашады.

Бұл арада маңыздылығы мен тиімділігі бойынша үш мәселенің бетін ашып алу қажет.

Алдымен модернизацияның негізі болып табылатын адам капи­талы екені рас. Барлық жас­тағы азаматтарды түгел қамти­тын алдыңғы қатарлы білім жү­йе­сін қалыптастыру міндеті ай­қын. Сапалы білімнің бастауын Президенттің өзі «Жалпыға қол­же­тім­ді кәсіби-техникалық тегін білім» есебінен межелеп берді. Мұның қатарында негізгі маман­­дық­тарға байланысты стан­дарт­тар­­ды жасақтау мен жаңа білім беру бағ­д­арламаларын құруды атап өтуге болады.

Екіншіден, қаржы секторында Президент банктер Үкіметпен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің нақты экономикалық мүмкін­дік­терін саралай келе, ұзақ мер­зімді несиелеу қажет екендігін қадап айтты.

Үшіншіден, мемлекеттік тиім­ді басқарусыз қазақстан­дық­тар­дың алдында тұрған өткір мәсе­ле­лерді түбірімен шешу мүм­кін емес деп есептеймін.

Қазақстан Президенті жол­да­ған бағ­дарламалық құжат шетелдік сарапшылар мен қо­ғам­дастық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Әлем Қазақ­станның тұрақ­ты, сенім­ді, төзімді мемлекет екен­дігін әлдеқашан мойындап қойған. Демек, Қазақстан тек пост­кеңес­тік аймақтағы ең ірі мемле­кет­тер­дің бірі ғана емес, алдымен бей­біт­шіл саясаты арқылы танымал ел екендігі талас тудырмайды.

Қазақстан мен Өзбекстан­ның бүгінгі саясаты 1991 жылы ірге­тасы қаланған мемлекеттік және қоғамдық реформалардың заңды жалғасы болып табылады. Енді міне, тәуелсіздік жыл­дарында дүниеге келген буын өсіп жетілді. Осыған бай­ланысты мемлекетті қалыптас­тырудағы тәжірибені енді қазіргі ұрпақтың талабы мен тәрбиесіне қатыстырып, мем­лекеттің әрі қарайғы тұрақты дамуына жұмсауымыз қажет.

Қос мемлекеттің байланысы мәдени-гуманитарлық, тарих ғылымы және білім салаларында да жалғасын табуы тиіс.

 

Алишер САБИРОВ,

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің докторанты, тарих ғылымдарының кандидаты