15 Наурыз, 2018

ОҚО-да 7 жасар баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектепте болған 7 жасар баланың  жағдайы бойынша отырыс өтіп жатыр.

ОҚО-да 7 жасар баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

Облыс әкімі осы іске қатысты жоғары шенді шенеуніктер жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

"Сарыағаш аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиев қызметінен босатылды. ІІД басшысының бұйрығымен мектеп инспекторы Нариман Жұмабаев қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасалды. Сарыағаш ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Облыстық білім бөлімінің басшысы Исатай Сағындықовқа сөгіс жарияланды", - деді облыс әкімі.

«Аудандағы жағдайды дер кезінде назарға алып, тиісті шара қабылдамаған аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиевке қатаң сөгіс жариялаймын. Бұдан бөлек, сол салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаевқа шара қолдануды және Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов пен №73, №74 жалпы орта мектеп  директорларын тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетуді тапсырамын», - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ  әкім аталған мәселе бойынша эксперттік комиссия ауданда және облыста екі рет медициналық тексерулер жүргізіп, қорытынды бойынша баланың зорланғандығы расталмағанын мәлім етті.

Жиын барысында өңір басшысы алдағы уақытта бұл мәселе қатаң бақылауға алынып, өңірдегі барлық білім мекемелерінде профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін айтты.