15 Наурыз, 2018

Өскеменде өзгеше акция өтеді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Өскемендегі драма театр актерлерінің бірлесуімен 22 наурыз күні шаһардағы Республика алаңында «Латын графикасы – өркениет жазуы» атты акция ұйымдастырылмақ.


Өскеменде өзгеше акция өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін шараның мақсаты – латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Ұлыстың ұлы күнінде таңғы сағат 10.00-де басталатын акция барысында жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде - қазақтың қара домбырасы», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, Өскемендегі Жастар театрының актері Едіге Ақылбеков.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН