Өнер • 15 Наурыз, 2018

Атырауда бұрымды қыздар байқауы өтті

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық бұрымды қыздар байқауға қатысып, бақ сынады. Облыстық тарихи-өл­кетану музейінде өткен ша­раға қа­тысушылардың шаш­­та­ры­ның ұзындығы, қа­лың­дығы, кү­­тімі, сән­ді өрімдері мен сахна мә­де­ниеті, салт-дәстүрді мең­ге­руі сынға түсті.

Атырауда бұрымды қыздар байқауы өтті

Ұйымдастырылған бай­қау­дың бас жүлдесін Арайлым Сма­ғұлова жеңіп алды. Каспий өңі­рінің қазіргі заманғы колледжінде оқ­итын Арай­лымның шашының ұзындығы 100 см.

Бұрымды қыздар таныс­тыру, шаш өру үлгілерін көр­сету, музей қорындағы зергерлік бұйымдарды тағып, ерек­­шеліктерін айту, мақал-мәтел­ді жалғастыру секілді бай­қау та­лап­тарынан сүрінбеді. Олар­дың өнер­­лерін педагогика ғы­лым­да­­рының кандидаты, білім беру саласының ардагері Нұр­зи­ла Сәрсенқызы бастаған қа­зылар ал­қасы бағалады.

Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінің сту­денттері Роза Майранова, Ай­мекен Құрметқызы, Аружан Артур­қызы, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенті Нұрсәуле Қадыржанова, Бизнес және құқық колледжінің студенті Құралай Оразғалиева, Мұнай және газ университетінің студенті Гүлназ Ғасырбекқызы, Қ.Дүтбаева атындағы гума­ни­тарлық колледж студенті Жаңыл­сын Ерғалиқызы арнайы аталымдармен марапатталды.

– Қазақ қызының қашанда ақылы­на көркі сай болған. Ұлт­тық салт-дәстүрді танып, біліп, күн­делікті өмірде қолдануды на­си­хаттау осындай шаралардан бас­талады. Байқауға қатысқан ару қыздардың иба, ұят, иман се­кілді асыл қасиеттерді бойла­рына жинағандарын көріп, риза болдық, –дейді музей директорының орынбасары Сая Ғазимова.

 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ