Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

Тараз­да Президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы дөңгелек үстел өтті

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялағаны белгілі. 

Тараз­да Президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы дөңгелек үстел өтті

Аталған Үндеуде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек­ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жо­ғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері қамтылған болатын.

Елбасы Үндеуін халыққа түсіндіру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Бір­ыңғай күні аясында Тараз қала­сын­дағы «Достық үйі» ғи­ма­ратында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүше­­лері, өңірдегі этномәдени бір­лес­тіктердің төрағалары мен өкіл­­дері, аналар, ақсақалдар және Қоғамдық келісім кеңес­терінің мүшелері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді Жам­был облысы Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы хатшылығының мең­­герушісі Маржан Қожаева ашып, жүргізіп отырды. Елбасы Үндеуінде көрсетілген бастамалар бойынша Қазақ­стан Рес­публика­сы Ұлттық банкі Жам­был облыс­тық филиалы экономикалық талдау және статистикалық бөлі­мінің басшысы К.Қырғызбаева және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Б.Құттыбаев «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы Қ.Нұр­манбетов «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» және «Жоғары білім алудың қол­же­тім­ділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жата­қ­­­ханадағы жағдайын жақ­сарту», «Асату» ЖШС-нің директоры Б.Жетпісбаев «Ша­ғын несие беруді көбейту», «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жам­был өндірістік филиалы өн­діріс­тік техникалық бөлімінің басшысы А.Юсупов «Елді газбен қам­тамасыз етуді жалғастыру» мәселелері бойынша баяндама­лар жасап, өз ойларын айтты. Сон­дай-ақ дөңгелек үстелге қа­тысу­шылар Елбасы Үндеуі бойынша өз пікірлерін білдірді.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы