Футбол • 16 Наурыз, 2018

«Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Gakku музыкалық арнасында «Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді. Өткен жылдың соңында танымал қазақстандық әншілер Қайрат Баекенов, Luina және Нұржан Керменбаев елордалық команданың жеткен жетістіктерінен жігер алып, клубтың «Бiрге» («Вместе») деп аталатын әнін орындап шыққан еді.

 

«Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді

Аздаған уақыттың ішінде аталмыш туынды отандық жанкүйерлер арасында ерекше танымалдылық жинап, артынша осы әнге бейнебаян түсірілген болатын. Бүгін осы бейнебаянның тұсауы Gakku арнасының эфирінде кесілді. Бейнебаянның бір қызығы әнді танымал әншілерден бөлек, «Астана» футбол клубының негізгі ойыншылары - Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Иван Маевский, Ненад Эрич, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси және Джуниор Кабанангалардың қосыла шырқағанында.

«Астана» футбол клубының құрылғанына небәрі 9 жыл ғана болғанына қарамастан, команда қысқа уақыт ішінде Еуропадағы бұрын-соңды болмаған керемет жетістіктерге қол жеткізді. Кәрі құрлықтың басты додаларында өнер көрсетіп келе жатқан 4 жылдың ішінде УЕФА рейтінгінде 452-ші орыннан 66-шы орынға көтерілді. Қазіргі таңда «Астана» еліміздің ең танымал футбол клубы. Ел футболы жанкүйерлерінің 55%-дан астамы осы клубтың жанкүйерлері.