Көлік мінген көбейді

Қазір автокөлік сатып алумен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Әлі атқа мініп көрмеген балалар мен жастарға дейін бір-бір жеңіл көліктің иесі атанып жатыр. Бұл жерде назар аударатын мәселе көлік сату ісінің жылдан-жылға қарқын­дай түсуі. Мұның өзі бірінші кезекте халық әл-ауқатының жақсара түскендігінің белгісі болса керек.

Егемен Қазақстан
20.03.2018 135
2

«ҚазАвтоПром» автокөлік кәсіп­орындары одағы баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, міне осымен 12 ай қатарынан еліміздегі автокөлік сату ісі өскен үстіне өсе түсуде. Мәсе­лен, үстіміздегі жылдың қаңтар, ақпан айларында ғана ресми дилер­лер 7 195 автокөлік сатып үл­герген. Бұл көр­сет­кіш өткен жыл­дың осы мерзі­міндегіден 48,2 пайыз­ға артық. Қазақ­стан­дықтар осы мерзім­де жеңіл көлік сатып алуға 170 млн доллар қар­жы­сын жұм­саған. Бұл көрсеткіш өткен жыл­дың осы мерзіміндегіден 49,3 пайызға көп.

Соның ішінде соңғы ақпан айының екпіні қатты болып отырған көрінеді. Бұл айда қазақстандықтар 4 066 көлік сатып алған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзіміндегіден 58,4 па­йызға артық. Қазақстандықтар ақпан айында көлік сатып алуға 96,1 млн доллар қаржысын жұмсаған.

Біздің ойымызша, Қазақстан­дағы көлік сатып алу мәселесінің әлеу­мет­тік-экономикалық мәнінен мента­литет­тік-психологиялық мәні де кем емес секілді. «Жылқы құлағының желігі болады» дейтін қазақ аттан ауысып, автокөлікке отырғалы бері де осы же­лік­тен арылмай келеді. Жалпы, той мен көлікті қазақтың стихиясы деп айтуға болады. Нақ осы екеуіне кел­генде қазақ ақшасын аямайды. Тіп­ті ақшасы жоқ болған жағдайдың өзін­де кредитке белшесінен кірсе де, нақ осы екі мәселені шешуде «ерекше батыл­дық» таныта алады.

Еліміздегі автокөлік сатып алу ісінің экономиканың өз даму қарқынынан бірнеше еселей асып түсе отырып қарыштап алға басуын осы жағдаймен де түсіндіруге болатындай. Иә, халық көңілінің дарқандығы, ертеңгі күнді ойлауда нақты есепке жүгінбейтіндігі, бір есептен алғанда, асабалар мен әншілердің, сондай-ақ жеңіл көлік сату дилерлерінің бағын басқаларға қарағанда басым етіп тұр-ақ. Әрине тойдың бола бергендігі, көліктердің сатып алына бергендігі жақсы. Бұл фактор да экономиканың қозғаушы күштерінің біріне айнала алады. Тек бір өкініштісі, үйленіп алып үйсіз жүргендер, көлік мініп алып күйсіз жүргендер де аз емес.

Әрине еліміздегі көлік сату ісінің соншама қарқынды алға басуының сырын басқа факторлар аясында да қарастыруға тиістіміз. Мәселен, Үкі­меттің еліміздегі автокөлік өнді­рісінің дамуына жасап жатқан қамқорлығы, жаңа көлік сатып алушыларды жеңіл­дікті кредиттермен қамтуы, жеңіл көлікке деген қажеттіліктің артуы, жанар-жағармай бағасының қол­жетім­ділігі деген мәселелерді де ұмы­туға болмайды. Дегенмен еліміз­де жеңіл көліктің көбеюінің ең бас­ты себебінің бірі ретінде халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарып келе жатқандығын тағы бір еске ала кеткеніміз жөн секілді.

Сонымен үстіміздегі жылдың қаң­тар-ақпан айларында ел рыногында сатылған автокөліктердің 4 084-ін (56,8 пайызын) шетелдік көліктер, 3 111-ін (43,2 пайызын) қазақстандық автозауыттардың өнімдері құраған. Енді көліктердің өтімділігі жағынан келсек, бірінші орында ресейлік Lada жеңіл автокөлігі тұр екен. Екі айдың ішінде 1 692 адам осы автокөлікті сатып алған. Мұнан кейінгі орын жапонның Toyota автокөлігінің еншісіне тиген. Оны 1 453 адам сатып алған. Үшінші орынға өзбектің Ravon жеңіл автокөлігі шыққан. Оны 1 003 адам қалаған. Мұның өзі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ын­ты­мақтастықтың арта түскендігінің жар­қын бір көрінісі болса керек.

Ал енді көлік сататын автодилер­лер мәселесіне келсек, бірінші орын­ды бұрынғыдай БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО холдингі иеленіп келеді. Қазақ­станның автокөлік сату рыно­гының 30 пайызы бір ғана осы холдингке тиесілі. Екінші орын рыноктың 18,7 пайызына иелік ететін КМК Astana Motors компаниясының еншісінде.

Мұнда өскемендік БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО холдингінің қара үзіп алға түсуінің себебі түсінікті. Ол әрі авто­көлік сатумен әрі автокөлік шы­ғару­мен айналысады. Осы ретте тәуелсіз еліміздің автокөлік нарығы қалыптаса бастаған кезден бері жұмыс істеп келе жатқан әрі нарығы ауқымды саналатын Алматыда пайда болған КМК Astana Motors компаниясының әлі күнге дейін дұрыс бір жеңіл автокөлік түрін құрастыра алмай, негізінен алыпсатарлықпен шектеліп қалғандығы өте өкінішті.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу