Парламент • 20 Наурыз, 2018

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы өтті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы өтті

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Ха­лықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақ­стан мен АҚШ үкіметтері ара­сын­­дағы Ауғанстан Ислам Респуб­­ликасының тұрақтылығы және қал­­пына келтіру жөніндегі іс-қи­­мылға АҚШ-тың қатысуына байла­нысты Қазақстан аумағы ар­қы­лы арнайы жүктің коммер­ция­лық теміржол транзитін қам­та­­масыз ету туралы келісімге өзге­­ріс енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Тәжікстан үкі­­меттері арасындағы Дипло­ма­­тиялық өкілдіктердің ғи­ма­­раттарын салу үшін жер учас­ке­лерін өзара беру туралы келі­сімді; ТМД-ға қатысушы мемле­кеттердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын пысықтау және қорытынды әзірлеу жөнінде жауапты болып белгіленді.

Әлеуметтік-мәдени даму жә­не ғылым комитеті «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­малық актілерге архив ісі мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бюрода Палатаның 29 нау­рыз­да өтетін кезекті жалпы оты­ры­­сының күн тәртібі бойынша ұсы­ныстар да енгізілді.

Сенаторлар Қазақстан мен Бе­ла­русь арасындағы Табыс пен мүлікке қосарланған са­лық са­луды болдырмау туралы үкі­ме­таралық келісімге өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы; заң­намаға жер қатынас­тарын реттеу туралы; халықтың жұ­мыс­пен қам­тылуы және көші-қон мә­се­ле­лері бойынша түзетулер енгізу ту­ра­лы заң жобаларын қарайтын болды.

Бюро соңында Қ.Тоқаев Қазақстан Пре­зи­­дентінің бес әлеуметтік баста­ма­сын түсіндіру мақсатында сена­тор­лар 30 наурыз бен 4 сәуір ара­лығында аймақтарға аттанатынын айтты.