Аймановтың Танасы мен Тайлағы

Шәкен Аймановтардың шетел­ көрер­меніне ұнау деген ойдан ада, «халық­аралық конкурс» дегенді көздемей, пайдаға ғана келіп тірелетін прокат дегенге пысқырмай-ақ түсірген халықтық фильм­дерінің қартаймау сыры туралы ой­ланғанда, қапысыз бір шындықты тануға тура келеді. Оның туындыларын киноны биік өнер тұрғысынан ға­на бағалап, «массовый» фильмдерге мұрын шүйіре қарайтын талғампаз кино­сыншылардың өзі де мойындайды. «Біздің сүйікті дәрігер» экранда алпыс жылдан бері өмір сүріп келеді, «Атаманның ақы­ры», «Атамекен», «Алдар көсе» фильмдерінің жасы елуден әлде­қашан асып кеткен, тіпті жыл он екі айдың қай мезгілінде көрсетсе де, жалықтырмайтын «Тақиялы періштенің» түсіріл­геніне де биыл тұп-тура 50 жыл толып отыр. Тү­сірген фильм­дерінің өмірі 4-5 жыл­дан аса алмай, өз аудиториясын қалып­тастыруға не қабілеті, не ше­берлігі жетпейтін режиссерлер­мен Шәкенді салыстырып күпір болу­дан аулақпыз, дегенмен 56 жас қана жасаса да, дәуірмен құр­­дастығын үзбей, көрерменге ұсы­нып үлгерген жұ­мысының қай-қайсысы да уақыттың барлық сынына төтеп беріп келе жатқан Аймановтың ұлылығы осындайда тіпті жарқырай түсетініне баршамыз күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз.

Егемен Қазақстан
21.03.2018 5455
2

Бір ұртынан әзілі, бір ұрты­нан әні төгіліп, жүрген жерін той-туманға айналдырып өмір сүрген ұлы комеографтың талас­­сыз талантының айғағы іспет­­ті «Тақиялы періште» комедиясының түсірілу тарихы естіген адамның еріксіз езуін тартқызады. Таң ат­қаннан кеш батқанға дейін, тіпті түн қатып та табанын тоздырып келін іздеуден шаршамайтын Тана апа мен сойған түлкідей ыржиған, қызға ебі жоқ Тайлақтың бей­не­лерін Айманов аспаннан ала салмаған. Про­тотип әдебиетте ғана емес, кинода да болады екен. Та­на да, Тайлақ та өмірде болған, нақты адамдардың киноға түскен көшірмесі десек, сенер ме едіңіз? Иә, дәл солай – отызға келгенше үйленбей жүріп алған кенже ұлын ойлап, ертелі-кеш уайым жейтін ана Шәкен ағамыздың бөтені емес, өзінен кейінгі інісі Кәукеннің қайыненесі болатын. Нақтырақ айтқанда, келіні, Қазақстанның халық әртісі Шабал Бейсекованың анасы Айнакүл мен туған бауыры Сакко болып шықты. 

Қазынаның екі бөлмелі пә­терінің есігін қаққанымызда, Би­­хан апа екеуі қонақжай қо­жайындардың пейілін көрсетіп, төрге оздырғанымен, сөзге ұста бол­маған соң сөйлегенді жөн көр­мейтін сияқты ма, басына Тайлақ секілді оюлы тақия киген Сакко аға сөзден тартынып, жымиып тұ­ра берді. Көз қиығымызбен ұр­ла­на қарап қоямыз, тура фильм­дегі Тайлақтың өзі. Сырт келбеті де, сөзге сараңдығы да тал­дықор­ған­дық тракторшы Әбіл­ғазы Райымбеков кескіндеген фильм­дегі өз кейіпкерінің сойып-қап­­тап қойған көшірмесі. Тайлақ – Сакко Қаратаевтың жасы бү­гінде 80-де, Ал­матыда тұрады. Мінезі біртоға, көп сөзі жоқ, тым салмақты әрі қарапайым адам көрінді. Есесіне, қырық жылдан аса мектепте мұғалім болып, зейнетте отырған Бихан апамыз еті тірі, сөзшең адам болып шықты. 

– Ақмола облысының про­куро­ры­ болып тұрған әкесі 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталғанда, Сәкең әлі қырқынан шықпаған құн­дақтаулы бала екен. Сакко деген есім де оған бе­кер берілмеген. Сол жылда­ры тегі­ италиялық Ни­коло Сак­ко мен Бар­толомео Ван­цетти деген солтүстік­аме­рикалық жұ­мыс­шылардың сотын КСРО хал­қы қызу талқылап, зиялы әкелері екі ұлының біріне Ван­цетти, біріне Сакко деп ат қояды. Қайынатам Талғар түрмесінде атылғаннан кейін жалғыз қал­ған жесірі Айнакүл жеті баласын же­тектеп, Алматыны жағалап кө­шіп келеді. Төрт қыз, үш ұлды жан­кештілікпен жүріп жеткізеді. Балалары өсіп, жоғары білім алып, қыздары тұрмыс құрып, ұлдары үйленіп, өмірден өз орнын таба бастайды. Ішінде жоғары білім ала алмағаны да, үйленбегені де анасының қолтығында өскен ме­нің болашақ кү­йеуім болып шы­ғады.

Әкесі атылып кет­кен Сакконың бойында үрей қалады, кілең қыздың ішінде өскені бар, үйге ер адам кіріп келсе, қор­қып бөлменің түкпіріне қарай қашады екен. Басқа бауырларындай емес, мінезінде өзгешелігі бар Сакконың боз­балалықтан өтіп, жігіттіктен де асып бара жат­са да, қыздың бетіне қа­рап сөй­лей алмайтын жасықтығы жасы келген анасының жанына батады. Жесірлігіне қарамай жеті бірдей баламен сонау Арқадан Жетісудың төріне келіп орнығып жүрген енем расында да шаршауды білмейтін ширақ, мінезді адам еді. Шаруаға аса қыры жоқ, босбелбеу болып өскен кен­же­тайының аяқтанбай жүргеніне алаң­даған анасы алыс-жақын, ағайын-жегжат деместен «пысық қызы бар» деген хабар құлағына тисе болды, жауып тұрған қар, соғып тұрған боранға қарамай, басындағы орамалын шарт байлап, келін іздеп көшеге шығуды әдет қылады. Тура кинодағыдай, деп бастады әңгімесін Бихан апа.

Бұл кезде Бихан апаның Ал­матыдағы ЖенПИ-дің физика-математика факульте­тін бі­тіріп, Алматы облысының Іле ауда­нындағы бір колхозда мектепте мұ­ғалім болып жүрген кезі. Тө­бе­сіне түйген шашы тоқпақтай, жай­са, жауырынын тұтас жауып,­ тобығына түсіп, жер сызады. Сиыр­ды да сауады, майды шайқап, мал­ды да жайғайды, несін айтасыз, әйел-еркектің жұмысы деп бөліп-жармай, бір үйдің шаруасын дегелең қаққызатын майлық пен сулыққа бірдей пысық қыз Айнакүл апаның арманындағы келіннің нақ өзі еді. Бірде қаладан қы­дырып келген құрбысы Ғайша ер­телі-кеш етегіне сүрініп келін іздейтін Айнакүл апа мен аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен Сакко туралы аузының суы құрып әңгімелеп, мұны әбден еліктіреді. «Қашанғы сиыр сауып, сүт пісіріп ауылда жүре бер­мексің? Қарашы өзің, қаланың жігіті. Үй десе үйі бар, қалалық тіркеуі анау, ағалары мен әпке­лері шетінен мықты, қала­ның кез келген мектебінен жұ­мыс тауып аласың, шалқып өмір сүресің». 

Бір үйдің бірінші-екінші қаба­тында көрші болып тұратын Ай­на­күл апа мен Ғайша бір-бі­рінен сыр жасырмай, кей-кей­де Саккоға қалыңдықты бірге із­дей­тін еді. Сөйтіп Ғайшадан Ал­­матыдан жырақта, алыстағы бір ауылда сиыр сауып, трактор­ ай­дап, нан пісіретін Бихан тура­лы естігенде, екі көзі жарқ ете қал­ған Сакконың анасы мүлде естен танып, дегбірден айры­ла­ды. Дәл қазір келін ғып түсі­ретіндей: «Ойбай-ау, мынау ме­нің келінім ғой, таныстыр ме­ні тезірек құрбыңмен. Менің ізде­генім тап осындай қыз емес пе?»­ деп көршісін алды-артына қаратпай, құрбысының тамырын басып байқауға ауылға жібереді. Анасы қайтыс болып, әкесі қайта төсек жаңғыртып, өзі де әр-сәрі болып жүрген Бихан ыңғайы келіп тұрған істі көп созбұйдаға салмай-ақ ықыласымен шешкенді жөн санайды. Сакко болса, құрылыста істейді. Өзі жөндеп қазақша да білмейді. Соның салдары ма, өзіне ылғи орыс қыздары үйір. Үлкен-кішімен жұмыс істеп үйреніп қалған мектептің өжеттеу мұғалімі танысқан соң сөзге тартып көрсе, құ­рылыста «сварщик» болып істейтін ұяң жігіт «батарея жасаймыз», «ванна қоямыз» дегеннен арыға аяғын баса қоймайды. Екі иығына екі кісі мінгендей, батыр тұлғалы нар жігіттің ұялшақтығы қызға алғашында қызық көрінді. Бірақ жолы жіңішке болғанымен, заты сұңғылалау болып жаратылатын қыз емес пе, анасының бауырынан шықпаған «баланың» момындығынан гөрі жанының ар жағынан жылтыраған адалды­ғын, жанарына ұялап тұрған таза­лық­ты таныған Бихан бірер­ мәрте кездесіп, икемге келе­тінін байқаған соң, Сакконың сан­техниктігіне қарамастан «ерім» деп мойындап, етегінен ұстайды...

Биханы шынында да күндіз қолыңа шам алып іздесең де, тап­тырмайтын тың­ғылықты, бә­рін білетін байыпты келін болып­ жолықты. Қартайып қалған ене­сінің қас-қабағына қарап, таң елең-алаңнан жылы төсегінен тұ­рып, жұмсақтап құймағын пісіріп, қаймақтап шайын беріп, елпең қағып күтіп, алдынан қия бас­пады. Сакконың әпкелерімен, аға­ларымен, абысындарымен де тез тіл табысып, ойлағандары бір әулеттің абыройы мен аман­ды­ғы болғандықтан, қылау түсір­мей қалтқысыз қызмет етті. Ақ­жарқын, адал мінезімен үлкен-кі­шіге жағымды болды. Бағына қарай, шешесіне еркелегені бол­­маса, Сакко да ең алдымен от­басын ойлайтын, шаруақор шебердің өзі болып шықты. 95 жасап бақилық болған енесі жа­рықтық әулие екен. Сол жылдары таяғын тықылдатып, үй ма­ңынан ұзай алмай қалса да, аулада ойнап жүрген кішкентай екі немересіне, Марғұлан (Марғұлан Сейсенбаев – Шабалдан кейінгі қызы Раушаннан туған бүгінде аты елге мәлім белді кәсіпкер) мен Әлияға: «сен, Марғұлан – совхоз директоры боласың, ал сен, Әлия, оқу министрі боласың» дейді екен. Марғұланның совхоз директоры емес, билікте біраз қызмет атқаратынын, ал оқу министрі болмаса да, кейуана кәрі көкірегімен Әлия Саккоқызының профессор болатынын сезген сияқты. Бүгінде Әлия Балапанова – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. 

Осының бәрі Аймановтың көз алдында өтті. Дүние-дүр­мек тамырындағы әр дірілді жү­ре­гінен өткізетін режиссер өз-өзінен сұ­ранып тұрған дайын оқи­ғаны фильм­ге айналдырмауға әддісі жоқ еді. Көркемдік жа­ғынан байытып, жетілдіргені бол­маса, Тана мен Тайлақтың болмысын еш қоспасыз, қаз-қал­пында қалдырды.

1960 жылдары қазақ киносында музыкалық комедия жанры же­тілмей, ақсап жатқандықтан, сол кемшіліктің орнын толтыру мақсатында режиссер осы бағыт­та жұмыс істегенді жөн көріп, музыкалық фильмнің көрерменге әсерінің күшті болатынын білген­діктен өзіне осындай мақсат бел­гілеген сияқты. Ш.Айманов мақ­­сатын асқан шеберлікпен орын­дап шықты да. Әрине, замана ұраны – халықтар достығын көрсету идеясы да ұмыт қалмады. Фильм әр ұлттың ән-биімен көркемделіп, ерекше тартымды шықты. Мұнда халық әуендері де, классика да, джаз да, эстрада да, қысқасы, бәрі де де қамтылып, бір-бірімен әсем үндестік тапты. Актерлер көңілді, оқиға ойнақы, бір сөзбен айтқанда, мүлгіген қазақ киносы ұйқысынан оянып, бір серпілгендей болды. Осындай сазды, әуезді әндердің топтамасын жасаған «Тақиялы періштеде» айрықша бір ән бар. «Мама» деп аталады. Кейбір ән жинақтарында «Абзал ана», «Ана туралы ән» деп те аталады. Тайлақты қайтсем де үй­лендіремін деп, басын тауға да, тас­қа да соғып, табанынан тозып, қалыңдық іздеп жүрген анаға деген махаббат пен перзентінің пәк сезімі жүректің әрбір қы­лын шертеді. Ақ жаулығы желбі­реп, балаларының ортасында мар­қайып отырса да, кенже ұлы­ның сүрбойдақтығынан көңі­ліне қаяу түскен анасын құ­шақтап, осы әнімен жанына жы­лу сыйлағысы келген қызы – Би­бігүл Төлегенованың бейнесі ерек­ше есте қалады. 

Бірде Тайлақтың рөлінде ойна­ған Әлімғазы Райымбеков: «Не­ге екенін білмеймін, Шәкен аға осы рөлге Бибігүлді түсірге­ні­мен, әнді Бақыт Әшімоваға айтқызды» дегені бар еді. Әде­мі әннің жетегінде отырып бай­қа­майды екенбіз, шынында­ да, жіңішке бұлбұл үн емес, орын­даушы дауысының зор, барқыт екені білінеді. Ажар жағынан ай мен күндей актрисалардан асып түспесе, кем түспейтін Төле­генова, ең алдымен көмейінен ла­ғыл төгілген әнші еді ғой, «ана ­туралы әнді атағы дүрілдеп тұр­­ған бұлбұлдың өзіне неге шырқатпады екен?» деген әуестік әркімнің көмейін бүлкілдетіп тұрады. Фильмнің композиторы Александр Зацепин о бас­та бұл әнді орыстың белгілі әншісі Майя Кристаллинскаяға арнап жазғаны белгілі. Ш.Айманов Майя орын­даған «Мама» әнін фильм­ге пайдаланарда сол дауыс­ты «қуалап», үні, айту мәнері өте ұқсас болған соң Бақыт Әші­мованы таңдағаны байқалады.  

«Тақиялы періште» фильмінің та­ғы бір ерекшелігі және режис­сер­дің тапқырлығы – экраннан Әмина Өмір­зақова, Бикен Римова сияқты кәсі­би актерлер ғана емес, Әлімғазы Ра­йымбеков, Шолпан Алтайбаева сынды кино өнерінен сыртқары жүрген жастар, бел­гілі суретші Әубәкір Смайылов, оның қатарында Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Виктор Пұсыр­манов, Раушан Байсейітова (Кү­ләш Байсейітованың қызы), Мұ­рат Ахмадиев секілді жа­ңа таныла бас­таған өнер жұл­дыздары көрінеді. Олар салмақ­ты рөлдер сомдамаса да, фильм­нің салмағын арттыру үшін ша­ғын эпизодтар арқылы шоқ­жұлдыздардың тізбегін арттыра отырып, режиссердің «осыларды көріп көрермен көзайым болса, әдемі жастардың өнерінен эстетикалық ләззат алса» деген мақсатына қалтқысыз қызмет еткен. Әттең, кинодағы мұндай үрдіс, тәрбиелік мәні зор дәстүр бүгінде жоққа тән. Бұл – Шәкенге ғана тән шеберлік. 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

20.09.2018

Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу