22 Наурыз, 2018

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығы.

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, дауыл болуы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында да жел күшейеді.

Сонымен қатар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай болып, жел күшейеді, түнде Жамбыл облысында тұман болуы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар