Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Алматыда тегін донер таратылды

938 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алып шаһар Алматыда әз-Наурыз мере­кесін тойлау бірер күн бұрын бас­та­лды. Орны бөлек мейрамның ай­рық­ша өтуіне мемлекеттік мекеме­лер мен қоғамдық ұйымдар ғана емес жеке кәсіпкерлер де атсалысты. 

Алматыда тегін донер таратылды

«Қала тұр­ғын­дары мен қонақтарына екі күннен бері тегін донер таратылып жатыр» дегенді естіп Мұратбаев пен Гоголь көшесінің қиылысындағы шағын дәмханаға бас сұқтық. Барсақ, айтқандай-ақ тегін тағамнан дәм татсақ деп келгендердің санында есеп жоқ. Ұзын-сонар кезек. Күні кеше ғана ашылған «Дядя Донер» тамақтану орталығының қыз­меткерлерінің айтуларынша, бұл шара ең алдымен Наурыз мерекесінің құр­метіне, сондай-ақ орталықтың ашы­луына орай ұйымдастырылып отыр­ған көрінеді. Бірер күннің ішінде екі мың­ға тарта тұрғын тіл үйіретін түрік та­ғамымен тегін тамақтанған. Келуші­лердің басым бөлігі студент жастар.

«Тағамның дәмі ерекше. Осымен екін­­ші мәрте келіп тегін тамақтандым. На­­ғыз мереке екені сезіледі. Осындай ша­ра­­лар жиі ұйымдастырылып тұрса, әсі­­ре­се, біз сияқты студенттерге үлкен ол­­жа болар еді», дейді Еуразия техноло­гия­­­лық кол­лед­жінің студенті Асхат Үсенов.

 Орталықтың басшысы жас кәсіп­кер Альберт Ерназаров: «Бабалары­мыз­­дан келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінде алматылықтарға тосын сый жасауды ұйғардым. Өйт­кені Наурыз барлық береке мен мол­шы­лықтың бастауы. Науқан үш күн бойы жалғаспақ. Келем деуші кез келген жанға есігіміз ашық. Басты мақ­­­саты­мыз халықтың ризашылығын алып, төл мерекемізді әспеттеу» дейді.

 Бүгінгі таңда бір ғана Алматының өзінде бес мыңнан астам тамақтану орталығы бар. Олардың біразы Альберт сияқты кәсіпкерлерден үлгі алса қайы­рымдылық шаралары кеңге қанат жайып, Наурыз мейрамының даңқы одан бетер аспандай түсетін еді...

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ