Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Айдос Сарым: Астананы газдандыру – ЭКСПО көрмесіне тең жоба

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастама – елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларға берілген, ең алдымен, әлеуметтік мазмұны бар кешенді жауап. 

Айдос Сарым: Астананы газдандыру – ЭКСПО көрмесіне тең жоба

Қазақстан жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі күрделі мемлекет. Осы жағдайда Ас­тананы газдандыру мен оны әрі қарай басқа өңірлерге ұзарту «ЭКСПО» көрмесінен салыстыруға болатындай жобалардың бірі болып табылады. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен жаңа инвестициялар. Газ құбырларының бағдарындағы көптеген тұрғылықты елді мекендер өзінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарта алады.

Газдандыру жобасы елорда тұрғындары мен Астананың жалпы экономикасы үшін ауқымды ілгерілеушілік болатынына сендіреді. Қолжетімді баспана туралы айтылудың маңызы одан кем емес. Ипотекалық бағалардың төмендеуі, олардың бір деңгейде белгіленуі, ұзартылуы – осы ұсыныс пакеттерінің ішіндегі ең маңызды қадам деп айтуға болады. Бұл айқындылыққа, жаңадан өмір бастап келе жатқан жас отбасыларға жоспарлай білуге жол ашады.

Президенттің бастамалары экономиканы сауықтыруға бағытталған. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Үкімет қаржыландырудың механизмдері мен қайнар көздері бо­йынша жұмысты айқындайтын болады. Сол кезде тереңірек айтуға болар. Бірақ жалпы бұл бастамалар жүзеге асырылса, келешекте ел экономикасының өсіміне оң серпін береді.

Соңғы жаңалықтар