Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Светлана Ананьева: Бес әлеуметтік бастама – ертеңге сенімділік

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Беларусь» мәдени орталығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған бес әлеуметтік бастамасын ыстық ықыласпен қабылдады. Олар шын мәнінде әлеуметтік мемлекеттің шынайы әрі сындарлы қазақстандық моделін, әлеуметтік бірлікті қалыптастыруға және ұлттың өркендеуіне бағытталған. 

Светлана Ананьева: Бес әлеуметтік бастама – ертеңге сенімділік

«Беларусь» мәдени орталығы кеңесі мүшелерінің көпшілігінің тіршілігі еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласымен біте қайнасып жатыр. Ал Президент бастамаларынан келер ұрпаққа, студент жастарға деген қамқорлығы байқалады.

Президенттің үшінші бастама­сы жоғарғы білімнің қолжетім­ділігі мен сапасына арналған. Бұл – әлемге ортақ тренд, адам құнды­лығына құйылған қазына.

Осы орайда жыл сайынғы 54 мың грантқа «төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайын­д­ағы жаңа экономикада зор сұраныс­қа ие болатын сан мың жаңа маман  даярлауға мүмкіндік бере­тін» қо­сымша 20 мың гранттың бө­лі­не­тін­дігі қанаттандырмай қоймайды.

Осы арқылы нанотехнология, робот-техника, ақпараттық технология салаларында мыңдаған мамандар, инженер кадрлар даяр­лауға мүмкіндік туады. Қазақ­стан Республикасының білім жүйесі әлемдік көшке қосылады.

Білім саласын өзінің инвести­циялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарау маңыз­ды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнер­­кәсіптік революция жағ­дайынд­ағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жол­дауын­дағы идеясы «Пре­зи­д­енттің бес әлеуметтік бастамасында» заңды жалғасын тапты. Көбейген тек грант емес. «Соны­мен бірге, техникалық және ауыл шаруа­шылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек», деді Елбасы.

Ертеңге сенімділік арман-мақсаттарының іс жүзінде жүзеге асуына себепкер. Жастар қам­қор­л­ықты, қолдауды ұдайы сезі­ніп келеді. Елбасы айтқандай, жаңадан салынатын студенттік жатақ­ханалар және басқа мүмкін­діктер мемлекеттің жас­тар­ды қол­дауға бағытталған қам­қо­р­лығының жалғасы болмақ.

Светлана АНАНЬЕВА,
Алматы қалалық ҚХА ғылыми-сараптама тобы төрағасының орынбасары, «Беларусь мәдени орталығы» РҚБ кеңесінің мүшесі