Қателік – үкім емес!

Өзінің қателігін, я болмаса кемшілігін мойындамайтын адамдар болады. Жаны ашитын жақындары айтса да ешқандай сынды қабылдамай, өздерін керемет мықты санайды. Бәлкім, жұрт алдында мойындаудан ұялатын шығар, айтылған ойдың дұрыс екендігін іштей болса да түсінер деп үміттенесің. Өкінішке қарай, жылдар өтсе де баяғы жартас сол жартас болып қала береді.

Егемен Қазақстан
27.03.2018 10019
2

«Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қазақтың қарғысы бар. Өзгенің пікіріне құлақ аспайтын, өзінікін ғана әрдайым дұрыс санап қателікке жиі бой алдыратындарға қарата айтылса керек.

Осыдан үш жыл бұрын бір танысым жұмысынан шығып қалып, ренішін білдірді. Айтуынша, ұжымда әділеттілік жоқтың қасы, өзінен басқаның бәрі өз жұмысын атқара алмайды, өзі болса қойылған міндеттерді еселеп орындайды. Оған дейінгі қызметтерінен де осыған ұқсас уәжбен кеткен. Алдыңғыда айтылған наздарына мән бермеген едім, сол жолы мұқият тыңдадым, өйткені оның соңғы кәсіби ұжымын жақсы білетінмін. Шын мәнісінде мәселе компанияда емес танысымның өзінде болатын. Жұмысты қырып-жойып жатқандай кейіп танытады, бірақ тапсырманың орындалуы ойдағыдай емес, қолынан келмейтін істі «қатырамын» деп мойнына алып, соңында дұрыс орындамайды. Ағаттық өзінен кеткенін ашық айтқанымда, сын-пікірімді қабылдамады.

Содан бері бірнеше жыл өтті. Осы күнге дейін араласып тұрамыз. Байқағаным, бұрынғы соқыр сенімділігінен әлі арылмаған. Менің қолымнан бәрі келеді, бірақ ешкім оны бағаламайды, дәл қазір үлкен мекеменің тізгінін ұстатса да алып кете аламын дейді. Егер кемшілігін мойындап, оны қалай түзеймін деген сұраққа жауап іздесе, әлгі танысым бүгінде қандай жетістікке жетер еді деп ойлаймын. Кемшілікті мойындау соншалықты қиын ба? Мұным дұрыс емес, мынауым қателік болды деуден қай адам зардап шегіп еді? Есесіне қателікті дер кезінде мойындау, оны жылдам түзетуге жол ашпай ма?

Адамның бойындағы кемшілікті дерт деп қабылдайтын болсақ, диагноздың дұрыс қойылуы емделудің алғышарты емес пе? Иә, кемшілікті мойындап, бірақ еш амал жасамайтындар аз емес. Он адамның тоғызы кінәраттың неден екенін біле тұра, оны жөндеуге ерік-жігер танытпауы мүмкін. Яғни мойындасам бәрі өз орнына келе қалады деу де жаңсақ тұжырым. Алайда белгілі бір ақауды түзету үшін кемі ол ақаудың бар екенін жоққа шығармау қажет. Тұмаумен, не гастритпен ауыратын адам менің денім сау деп жүре берсе ауру асқынып, салдары еселенетіні белгілі. Дәл сол секілді кемшілігін кемшілік деп қабылдамайтындар да жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

Даннинг-Крюгер эффектісі осы жағ­дайды жақсы түсіндіреді. Ол бойынша біліктілігі төмен адамдар сәтсіз шешімдер қабылдап, қате қорытынды жасайды және біліктілігінің төмен болуына байланысты өз қателіктерін аңғаруға қабілетсіз келеді. Керісінше, біліктілігі жоғары адамдар өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін төмен бағалап, өзгелерді мықтырақ санайды. Шынымен де, өзіне сыни көзбен қарау, мүмкіндіктеріне объективті баға беру көбіне парасатты адамдарға тән.

Егер қоғамды бүтін бір ағза деп қабылдар болсақ, қателікті мойындамау қоғам үшін де қауіпті. Біз қандай да бір мәселенің бар екенін саналы түрде қабылдамасақ, жағдай одан әрі нашарлай береді. Жасанды түсік біздің қоғамға жат деп жүргенде, аборт саны бойынша әлем елдерінің көшін бастауға шақ қалдық. Өзіне өзі қол жұмсау талқылайтын мәселе емес деп жүргенде, жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша дүние жүзінде бірінші орын алып отырмыз. Жастардың құндылықтары ерекше мәселе екенін мойын­дамай жүргенде, неке қию саны күрт азайып, ажырасу көрсеткіші жоғарылап келеді. Әйелдің көзін көгертіп, баланың басынан ұруды қалыпты жағдай деп қабылдайтын қоғамда зорлық-зомбылық өршиді. Осы секілді мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Түйін біреу. Мәселені мойындамау өздігінен оң шешімге әкелмейді.

Неліктен біз қателікті мойындаудан сонша қорқамыз? Бәлкім мұның сыры өркениетіміздің өзгешелігінде болар? Шығыс қоғамдарында қателіктің құны өте жоғары екені мәлім. Бізде шалыс қадам жасаған адамға екінші мүмкіндіктің берілуі қиын. Біз қателікке тәжірибеге апарар жол ретінде емес, үкім ретінде қараймыз. Жаңылмайтын жақ болмайды дейміз, бірақ жеме-жемге келгенде жаңылысқан адамды кешіре қоймаймыз. Мүмкін бізге қоғам болып өзгеру керек шығар? Әлгі танысым осы қоғамдық стереотиптің құрбаны болар? Солай екен деп ақтап алайын десең тағы болмайды. Сөз еркіндігіне кепілдік берілген ашық қоғамдарда да кемшілігін жасыратындар жоқ емес, дәл сол секілді қателікке қатал келетін біздің қоғамда да әлсіз тұсын мойындай алатын батыл адамдар көптеп кездеседі. Мүмкін қоғам да, адам да бірге өзгеру керек шығар. «Біз кімбіз?», «Біздің бұл өмірдегі орнымыз қандай?», «Істеріміздің біреуге зияны тиіп жатқан жоқ па?» деген секілді сұрақтарды өзімізге жиі қойсақ парасатты адам болуға, ашық қоғам құруға бір табан жақындай түсерміз.

Дархан ӨМІРБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу