Шекспир суреттеген Катарина қандай еді?

...Актрисаны бұрыннан танитынмын. Сахна арқылы. Таныстығымызға себеп – Катарина! Иә, Шекспир жазған «Асауға тұсау» комедиясындағы Петручио сүйген асау Катаринаның дәл өзі. Ол ойнады! Мен жаздым! Ойнаған рөлі жайындағы, дұрысы – Катарина жайлы, біраз сын-ескертпелерді газеттен оқығаннан кейін, материалды қалай қабылдағанын білмедім, бірақ сол күні бейресми түрде екеуміздің таныстығымыз басталған. 

Егемен Қазақстан
27.03.2018 2703
2

Міне, содан бері де 5 жылға жуық уақыт өтті. «Асауға тұсаудың» әр қойы­­лымы көз алдымда. Катарина осы уа­қыт аралығында керемет кемел­ден­ді. Сомдаған бейнесінің бояуын қалыңдатып, ешбір баламаға баланбайтын өзінің ғана Катаринасын өмірге әкелді. Көпшілік қауым кезіндегі 1943 жылы қойылған О.Пыжова мен Б.Бибиковтың «Асауға тұсауындағы» Шәкен Айманов ойнаған Петручио мен Хадиша Бөкееваның Катаринасын үнемі мысал ретінде әңгіме өзегіне айналдырады ғой. Ал мен бүгінгінің актрисасы – Айнұр Рахипованың Катаринасын айтқым келеді. Бұл – ак­терлік шеберліктен бөлек, шынайы маңдай тер, толассыз еңбектің Ка­таринасы! Петручиодай жігіт серісінің сүйгенін ойнау актрисадан ішкі те­реңдік, сан қатпарлы мінез бояуынан өзге, физикалық күш-жігер мен пластикалық органиканы талап етеді. Одан басқа, М.Әуезовтің құнарға бай поэзия тілімен аударылған тәржімасын қосып қойыңыз. Осының бәрінің басын қосып, шашауын шығармай сайрату – кез келген актрисаға қол емес. Катарина – мықтылардың үлесі!

Драматургия дүлдүлі Қалтай Мұха­мед­жановтың сөзімен айтсақ, Шекспир шығармасын сахнаға қою – әрбір өнер иесінің бұғанасы бекіп есеюіндегі ұлы емтихан. Айнұр үшін де Катарина, сөзсіз, сондай тағылым мен шеберлік мектебі болғаны анық!

...Әне, сахнаға қамшысын оңды-солды сілтеп, адуындығымен, тентектігімен талайды тайсалдырып асау да ерке Катарина шықты. Рөл жауапкершілігі Астана қалалық Жастар театрының талантты актрисасы Айнұр Рахиповаға жүктеліпті.

Шекспир суреттеген Катарина қандай еді? Пьеса желісі әу баста ак­три­саға тұрпайы, тілге өткір, бірбеткей болуды міндеттейді. Алайда ол кейіпкер Катаринаның табиғи болмысы емес еді. Бұл мінез оның өзі өмір сүрген надан да екіжүзді ортаға, маңын торуыл­даған тоғышар топқа көрсеткен іштей қарсылығы болатын. Бойжеткен бойын­да асаулық та, тентектік те, еркелік те бар. Оны көптен ерекшелейтін «ка­тариналық» қасиеті – жан, рух еркіндігі. Күйкі, бейшаралық өмір оған жат. Айнұр кейіптеген Катарина, міне, біз­ді осыған илантты. Кезінде аталған бей­нені бүтін образ биігіне көтерген Халық әртісі Хадиша Бөкеева жолын жалғаған Айнұрдың кейіпкер болмысын барынша бойына сіңіруге тырысқаны көрініп тұр. Есімі аңызға айналған Хадиша Бөкеевадай талант ойынынан кейін Шекспирдің «ақылды тентегін» тұп-тура 70 жылдан кейін Айнұр өзгеше жаңғыртты. Дұрысы, жарқыратты. Жай ғана ойнап қойған жоқ, ол – Катаринаны ғаламат бейне биігінде бедерледі!

Иә, кез келген рөлді бейне биігіне шығару – актерден тек сыртқы сұлу­лық­ты ғана талап етпейді, есепсіз маң­дай тер еңбек пен толассыз ізде­ністі де міндеттейді. Әсілінде, «сахна сұлулықты сүйеді» деп жатамыз. Әрине, әсемдік көз қуантады. Ал сол сұлу­лықпен қатар тұлға бойында қажы­мас қажыр, жанкешті еңбек егіз өрілгенде, міне, нағыз өнер сонда туады. Актер халқы үшін бұл жауапкершіліктің жүгі тіпті ауыр. Ізденіс, ізденіс және ізденіс болған кезде ғана бойдағы талант өз тұғырына қонады. Катарина рөлі арқылы Айнұр көрерменіне соны дәлелдеді. Бүгінде Шекспирдің «ақылды тентегі» актрисаның бойтұмарына айналды. Қалың көрермен Айнұрды бірауыздан Катарина деп танып үлгерді. Әрине оның да астарында өнерге деген жанкештілік жатыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, актрисаның Катарина бейнесіне келудегі осы еңбегі лайықты бағаланып, 2017 жылы Түркістан қаласында өткен қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі – 2017» Халықаралық фестивалінде Катарина рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» жүлдесін еншіледі. Бұл да өнердің өз деңгейінде мойындалуы деп білеміз.

Актриса Катаринаға дейін де талай рөлдерді кемеліне келтіре кейіптеді. Атап айтар болсақ: Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфса­насында – Гүрбелжің сұлу, «Жан азабында» – Бұғы-Ана, Н.Гогольдің «Ревизорында» – Шпекина, Д.Са­ла­маттың «Мәңгілік махаббат сазында» – Гүл, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баянында» – Баян, С.Раевтың «Меккеге қарай ұзақ жолында» – Ре­марка, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» – Нұргүл, Ә.Кекілбаевтың «Нар­тәуекелінде» – Топыш және тағы басқа бейнелер актриса сараптауында өзінше өрнек түзіп, бір-біріне ұқса­майтын кейіпкерлер галереясын түзді.

Мәселен, режиссер Нұрқанат Жақыпбай сахналаған Ш.Айтматовтың «Жан азабы» спектакліндегі Айнұр жасаған Бұғы-Ана бейнесі өзінің ішкі драмалық қуатымен көрерменін сан түрлі сезім сілеміне жетеледі. Жан дүниесінің ішкі талас-тартысына құрылған драмалық күй сахнагер ойынында сәтті сарапталады. Актриса бойындағы қуаты мықты ішкі рухани тереңдік көрерменнің жан дүниесін бір сәт те бейтарап қалдырмайды. Спектакль бойында Бұғы-Ана, Найман ана секілді психологиялық бояуы қалың ролдердің шашауын шығармай, бір өзі бірнеше кейіпкердің амплуасына еркін ауысып, шыңдалған шеберлік шыңында келісті бейне түзуі – өнер иесінің актерлік алапат қуат-күші мен кәсіби қарымын әйгілеп тұрғандай. Актриса кейіпкерінің көңіл күй қатпарларына тұнған ішкі трагедиялық күйді, ащы драмалық зарды қанын сорғалата отырып көрерменіне шынайы жеткізе білді. Оны көрермен де сөзсіз сезді. Шымылдық жабылған сәттегі толассыз қошемет – соның айғағы.

 Айнұрдың кейіптеуіндегі тағы бір шоқтықты бейне – қырғыз драматургі С.Раевтың «Меккеге қарай ұзақ жол» әфсанасындағы – Ремарка рөлі. Актриса өмір мен өнердің ара жігін ажыратудан қалған, қиялға шектен тыс беріліп кеткен шығармашылық адамның жан дүниесіндегі нәзік иірім, қияли мінездерді шебер жеткізеді. Өзінше кербез, өзінше сылаң. Әрекеті шынайы, қай қимылы да сөз мағынасына, кейіпкер табиғатына сай өзін ақтайды. Образдың шынайылығы сол, Ремарканы қойылым­ның алғашқы бөлімінде сахнаның па­ди­ша­сы деп қабыл­даған сіз, екін­ші бөлімде мүл­дем басқа қырынан танисыз. «Ерекше бір сахналық көріністі ешнәрсемен толтыра алмай қал­ған­да немесе немен тол­ты­ра­тынын білмеген сәтте, автор драмалық үзінділеріне мә­нерлік пен образдық теңеулерді таба алмай, өзінің әлсіздігін сезінгенде, мен шығамын. Шығармасының бос жер­ле­рін менімен тығын­дайды. Мен – Ремар­ка­мын. Сыншылар мені көбінесе – Штамп, Ескі­лік, Қарабайырлық – бір сөзбен айтқанда, Фальш (Жалғандық) деп атайды». Кейіпкердің өзі айтпақшы, ол – Ремарка, кәдімгі театр Ремаркасы. Ол ешуақытта сөзі бар рөл ойнаған емес, ол – сөзі жоқ рөл, яғни ишара, белгі, аллегория... Бір сөзбен айтқанда, көлеңке. Бұл жердегі театр да, Ремарка да – шартылық. Тағы да өз танымыңызға жүгінесіз. Сырттай өзін падишаһ көрсеткенімен, іштей қуыс, жай ғана кеңіс­тікті толтырып жүрген көлеңке бей­нелердің айналаңызда да толып жүр­генін есіңізге аласыз. Бұл актриса ойынының жеңісі!

Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, бірақ барлығын тек Айнұрға тән өжеттік пен өрлік, жанкешті еңбекқорлық бірік­тіре­­тін сан салалы, түрлі характерлі бей­нелер өнер иесінің шығармашылық био­гра­фиясында жетіп артылады. Және ол бейнелердің барлығы да Катарина рөліне бастар актриса ізденісінің алғаш­қы баспалдағы еді.

...Кезекті қойылым аяқталды. Режис­сер Нұрқанат Жақыпбайдың «Асауға тұ­сау» комедиясы. Шымылдықтың ар­ғы бетінде Катарина тұр. Айнұр жоқ. Кейіп­­кер бейнесінен әлі шыға қой­ма­ған... Жанына бардым.

Қолын алып, құттықтадым. Ол: – Әлі таңғалдыра алмадым ба? – деп әзіл­­­дей тіл қатты. ...Мен үнсіз ғана жы­ми­­дым. Ол жымиыста қандай мойын­дау­­дың жатқанын актриса сезбеді, бі­лем. Бірақ, дәл сол сәтте оның жа­на­­ры­нан Катаринаға ғана тән өжет өткір­лік­тің астарында жасырынған ға­ла­мат нәзіктікті аңдадым. Міне, нағыз АКТРИСА!

Назерке ЖҰМАБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу