Аймақтар • 27 Наурыз, 2018

Көкшетауда «Қасиетті домбыра» атты дәстүрлі облыстық байқау өтті

507 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көкшетаудың Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» дәстүрлі облыстық байқауы өтті. 

Көкшетауда «Қасиетті домбыра» атты дәстүрлі облыстық байқау өтті

Аталған шара облыстық білім басқармасы, өнерпаз және дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ма­қа­­­ласында ұлттық салт-дәс­түр­­ле­рімізді, тіліміз бен му­зы­ка­мыз­ды, әдебиетімізді, жо­рал­ғы­ла­ры­мызды, ең бастысы ұлт­тық ру­хымызды асқақтату ке­ректігі атап көрсетілген. Байқ­ау­­дың мақсаты да қазақтың өне­рін өскелең ұрпаққа жеткізу, оны өнер- сүйер жұртшылыққа ке­ңінен насихаттау. Аталған бай­қау­ға Ақкөл, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан және Степногор мен Көкшетау қалаларынан қырыққа жуық домбырашы қатысты. Оған «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония әртісі, домбырашы Құрмет Сейітов және Біржан сал атындағы музыкалық колледж директоры Саян Мұхамедияр қазылық жасады.

Қазылар алқасы жеңім­паз­дарды «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші» және «Үздік термеші» аталымдары бойынша анықтады. Соның нәтижесінде «Үздік күйші» аталымының жеңімпазы болып Есіл ауданынан Әрсен Аманжолов танылды. Әрсеннің жетекшісі Нағима Хасенова екендігін айта кеткен орынды. Ал «Үздік дәстүрлі әнші» аталымы бойынша Біржан сал ауданынан Әнәс Иманғазы алға озды. Оның жетекшісі Жеңіс Алжанов. Сонымен қатар «Үздік термеші» аталымында Ақкөл ауданынан Әлішер Назиев үздік деп танылды, жетекшісі Ақгүл Бөженқызы. Қатысушылардың барлығына Ақмола облысы білім басқармасының және Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің дипломдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар