Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары (30.03.2018)

Егемен Қазақстан
30.03.2018 5476
2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2018 жылғы 16 наурыз                 №127                Астана, Үкімет Үйі 

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын және «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2018 жылғы 16 наурыздағы №127 қаулысымен бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар 213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады: 
1) 105 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);
2) 107 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама). 
5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді. 
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 
6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға; 
3) «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
4) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге; 
5) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 93-тармағында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға; 
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге (бұдан әрі – тізбені кеңейту) пайдаланылады. 
7. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып жүзеге асырылады:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 40 %-ы – республикалық бюджеттен, 60 %-ы жергілікті бюджеттен; 
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 10 %-ы – республикалық бюджеттен, 90 %-ы жергілікті бюджеттен.
8. Міндетті гигиеналық құралдарға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының артуы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен қарастырады.
9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
1) мынадай:
«Инватакси» қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін – 045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
«Инватакси» қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, тізбені кеңейтуге облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жос­парын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 263 «Облыстың ішкі саясат басқармасы» және 362 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 076 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 281 «Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
5) «Инватакси» қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­ты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге 045 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» және 395 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша; 
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 013 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 384 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолау­шылар көлігі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 385 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
8) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 013 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 348 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.
10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) «Инватакси» қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­ты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 801 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 059 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 485 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыс­тайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады. 
11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуы және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауы;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың «Инватакси» қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруы, қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) сатып алуы, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуы, тізбені кеңейтуі; 
3) жергілікті уәкілетті органдардың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

3-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын 
ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi
13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;
2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.
14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 053 «Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» және 395 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша көздейді.
15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2018 жылғы 16 наурыз             №131             Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы 

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы аудандарының шекаралары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Астана қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б.САҒЫНТАЕВ

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2018 жылғы 16 наурыздағы №131 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы  
аудандарының шекаралары
 1. «Алматы» ауданының шекарасы 15471 га құрайды және мынадай болып белгіленген: 
1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қиылысынан Ақбұлақ өзені бойымен солтүстік-шығысқа қарай Сауда және А184 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Сауда көшесі бойымен солтүстікке қарай Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылы бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, солтүстік-шығысқа қарай Ақбұлақ өзені бойымен қаланың қолданыстағы шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзені бойымен Ақбұлақ өзенімен қосылатын тұсқа дейін. 
2. «Байқоңыр» ауданының шекарасы 18129 га құрайды және мынадай болып белгіленген: 
Астана – Қостанай бағытындағы теміржолдан қаланың қолданыстағы шекарасымен солтүстікке қарай Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзені бойымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының жұп сандар жағымен Сауда көшесіне дейін, Сауда көшесі бойымен А184 (жобалық атауы) көшесіне дейін, одан әрі Ақбұлақ өзені бойымен Есіл және Ақбұлақ өзендерінің түйіскен жеріне дейін, Есіл өзені бойы­мен Қараөткел көпіріне дейін, А. Бараев көшесі бойымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылы және Алаш тас жолы бойымен теміржолға дейін, теміржол бойымен қаланың батыс шекарасына дейін. 
Аудан шекарасына қалалық зират аумағы (460 гектар) кіреді. 
3. «Есіл» ауданының шекарасы 39358 га құрайды және мынадай болып белгіленген: 
қаланың батыс бөлігіндегі Есіл өзені бойымен шығысқа қарай Есіл және Ақбұлақ өзендерінің түйіскен жеріне дейін, одан әрі өзеннің орта сызығы бойымен оңтүстікке қарай қаланың қолданыстағы шығыс шекарасына дейін, одан әрі қаланың оңтүстік шекарасымен Есіл өзеніне дейін. 
Аудан шакарасына Ұлттық пантеон аумағы (959 гектар) кіреді. 
4. «Сарыарқа» ауданының шекарасы 6775 га құрайды және мынадай болып белгіленген: 
қаланың батыс шекарасынан теміржол бойымен Алаш тас жолына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен Республика даңғылына дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Республика даңғылының тақ сандар жағымен А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесі бойымен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенінің оң жақ ағысы бойы­мен қаланың батыс шекарасына дейін.

 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы 26 наурыз               №136            Астана, Үкімет Үйі

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2008 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 
2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдалануын; 
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді қамтамасыз  етсін. 
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 
1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын аударуды; 
2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
Б.САҒЫНТАЕВ 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2018 жылғы 26 наурыздағы №136 қаулысымен бекітілген 

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансфертерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды. 
2. Нысаналы трансферттер облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 117 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша бөлінеді. 
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган; 
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органдар; 
3) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы – физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша ағылшын тілінде негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне төленетін қосымша ақы; 
4. Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады. 

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен 
мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі 
5. Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшердегі жұмыс берушінің жарналарын (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар) ескере отырып, қосымша ақы төлеуге пайдаланылады. Қосымша ақыны есептеу 2018 жылғы 1 қаңтардан бас­тап жүргізіледі. 
6. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен бөлінген тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары келесі қаржы жылының 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатады. 
8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары: 
1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады; 
2) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы тоқсан сайын есеп береді. 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2018 жылғы 27 наурыз          №139              Астана, Үкімет Үйі 

«Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы №906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы №906 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №52-53, 528-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б.САҒЫНТАЕВ
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында көп жақтылықты нығайтуға шақырды

13.11.2018

Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

13.11.2018

Қолтырауындар да жылайды

13.11.2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

13.11.2018

Шерағаң шерткен шер

13.11.2018

Бақыршық жармалықтарды жұмыспен қамтып отыр

13.11.2018

«Абай болмаса, «Мирас» болмас еді...»

13.11.2018

Барқытбел баурайында ұлттық парк құрылды

13.11.2018

Теңдесі жоқ жобаның тегеуріні импортты ығыстырады

13.11.2018

Түйе шаруашылықтары ортақ іске жұмылады

13.11.2018

Тоқсан жыл бұрын Семейде...

13.11.2018

Балдыр жесе, балық та бағалы

13.11.2018

Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп

13.11.2018

Төл теңгеміз – тәуелсіздік тірегі

13.11.2018

Қызылорда тұрғындарын электронды құжатпен қамту 95,6%-ға жетті

13.11.2018

VII «Бастау» фестивалі аяқталды

13.11.2018

Жарияланбаған автономияның ақыры

13.11.2018

Микроқаржы секторы макроэкономикалық міндеттерді шешеді

13.11.2018

Алматыда «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы есігін ашты

13.11.2018

Ар ілімін ардақтаған қойылым

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу