Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

Егемен Қазақстан
30.03.2018 4996
2

Ресми бөлім (30.03.2018)-жүктеп алу

2018 жылғы 16 ақпан            №49            Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрі 
Т.СҮЛЕЙМЕНОВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 
2018 жылғы 16 ақпандағы №49 бұйрығына 
қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 219-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 32 (28256) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларды әзірлеудің негізгі мақсаты ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді және басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттелiп көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргiзу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.»; 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтер түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргізу әдiстемесiн әзірлейді.».
2. «Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 221-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8690 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 14 (28238) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.». 
3. «Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8693 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 32 (28256) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу тәртібі мен негізгі қағидаттарын айқындайды.
2. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және өзге қызмет бойынша тұтас алғанда кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.»;
5-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірлескен шығындар – бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан уәкілетті органмен келісілген бөлу базаларының негізінде бөлінетін шығындар;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.».

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №16490 болып енгізілді.

 


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы 

2018 жылғы 22 ақпан               №68               Астана қаласы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

бұйырамын:
1. Мыналардың:
1) «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 310 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15703 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрі 
Т.СҮЛЕЙМЕНОВ

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 
__________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 22 ақпан

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №16472 болып енгізілді.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу