Тегі өзгерген өнімнен қауіп қандай?

Әдетте, азық-түлік дүкеніне бас сұқсаңыз құтыдағы, пакеттегі немесе арнайы қағазбен оралған тамақ атаулыдағы «ГМА-сыз!!!» («Без ГМО!!!» «Non GMO») деп көрнекі жазылған ескертулерге еріксіз назар аударасыз. Сүт пен сұйық майға дейін, ет пен ерекше қатталған әртүрлі дақылға, көк-сөкке, тіпті күнде жеп жүрген дәмді наныңызға дейін сондай жазумен таңбаланған!.. Неге? 

Егемен Қазақстан
30.03.2018 164
2

Адамзаттың асқазанына ас-арқауымыздан шынымен-ақ қауіп-қатердің төніп қалғаны ма? Олай дейін десек, әлем ғалымдары тек соңғы 25 жылда ГМА-ға (генетикалық модификацияланған ағза) байланысты 130-дан астам ғылыми зерттеу жобаны жүзеге асырыпты. Оған биотехнология іліміне тікелей атсалысып жүрген 500-ден астам тәуелсіз зерттеуші топ араласқан. Қорытынды біреу: ГМА – кәдімгі өсімдіктерді дәстүрлі түрде селекциялаудан шыққан өнімдерден қауіпті емес! Ендеше күнделікті пайдаланып жүрген азық-түлікке «ГМА-сыз!» деп баттитып жазып, тұтынушыны сақтандырудың сыры неде? Осы ГМА-ға байланысты әңгіме туса, көз алдыма азуы ақсиған түз тағысы мен көшеде жол бермейтін қабаған ауыл итінің сұлбасы келе қалады. Гендік инженерия мен биотехнологияның бұған қандай қатысы бар дерсіз, әрине? 

...Атамның қорасына қасқыр түсіпті. Туған ауылымда ес білгелі мен естіген бірінші оқиға. Тау етегіндегі үлкен ауылдың төңірегін дүрілдетіп жүріп-тұрған бар техникасы тоқтаған, кеңшар тараған 90-ыншы жылдар еді. Түз тағысы биіктігі 2 метрлік темір тордан қарғып түсіп, 10 қойдың ішінен қоңдысын таңдап сыртқа лақтырып (!), сай табанында қарнын жарып, жылы-жұмсақты асқазанына толтырып, жортып кеткен. Есік алдындағы алма ағаштың түбіндегі нарда демалатын атам он-ақ метр аралықта болған арпалыстан бейхабар, беймарал ұйықтап жатқан. «Ақтөс қайда, азуымен құрыш шайнайтын Олимпия мен Мартин қайда... ауылдың күллі алыпсоғы қайда?» деймін аң-таң күйде. «Е, – деді атам сонда кейіп, – білмеушіме ең, жортқан қасқырдың иісі жеткен жерде ит атаулының қыңсылауы былай тұрсын, дыбыс шығара алмай үндері өшіп қалады. Күшігінен қасқырдың терісін тістелетіп баулыған бөрібасарлар құрыған...» 

Осы арада екінші әңгіменің желісін де ауыл өмірімен сабақтастыруға тура келіп тұр. Колорадо қоңызымен айқасқан жылдар есіңізде ме? Қолымызда сыпырғы, дәрі шашып, жапырақ кемірген қоңызды бір-бірлеп теріп, өртеп әуреге түстік емес пе. Азық-түлік тапшылығына ұрынған Кеңес одағына Польшадан вагон-вагон әкелінген картоппен бірге қара бұлттай ауып келген сондағы қоңыздар қайда қазір? Айтайын... Әбден зәрезап болған гендік инженерия зерттеушілері картоп тұқымына сарышаянның (Scorpio) жасушаларын ендірген ғой! Сол сол екен, ГМА-лық жаңа картоп тұқымына колорадо қоңызы жоламай, айналып ұшқан. Атам айтқандай, бейне жортқан қасқырдың иісі жеткен жерде иттің үні өшіп қалатыны секілді... 
«Қырғи-қабақ соғыс» тұсында колорадо қоңызы Батыстың КСРО-ға жасаған қастандық диверсиясы деген әңгіме де шыққан. Орталық барлау басқармасы (АҚШ) кеңестіктерді «екінші наны» – картоптан айырмақ екен. Алайда ол бүгінде нақты дерегі расталмаған ақпаратқа айналған секілді. Дегенмен колорадо қоңызының әлемді дүрліктіргені рас... 

Десе де ғалымдар әлі де ГМА-ның зиянсыз екендігін дәлелдеумен әуре. Дау көп. Таяуда италиялық ғалымдардың 20 жылға созылған зерттеу метаанализінің (сандық сараптама) нәтижесі – ғаламдық осы даудың ақырғы тарауы деген түйін жасалды. Іле-шала зиянкес жәндіктер үйіріле бермейтін жаңа өнімдердің адам ағзасына залалы жоқтығы туралы фермерлер мен ауыл шаруашылығы компаниялары құлаққағыс етілді. Мәселен, бір ғана сондай ГМА-жүгеріде микотоксиндердің (адам ағзасына зиянды химиялық заттар – канцерогендер) өте аз сақталатыны құжатталды. Кейде күн артынан күн өтсе де бастапқы қып-қызыл күйін сақтап тұратын кәдімгі қызанаққа «камбаланың жасушасы енгізілген» деген дерек еске түсіп, ойланып қалам... Молекулярлық биология мен биохимия саласындағы ғалымдарымыздың жетекшілігімен салмақсыздық жағдайында дәстүрлі селекциялаудан туған 1991 жылғы «Тоқтар», «Орбита», «Қоғалы» картоп сұрыптарының бүгінгі жай-күйі не болды екен? Тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің қол күшімен ғарышта шайқалған суспензия дүниеге жоғарыда аталған ерекше картоп тұқымдарын алып келіп еді. Ол өнімдердің ГМА-сыз екендігіне патент иесі Қазақстан кепілдік береді. Солай. Бірақ та, ауыл араласып, қой қораласып кетті ғой...

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

«Хат қоржын»

16.11.2018

Өмірге құштарлықтың ерен үлгісі

16.11.2018

Өңірлер ынтымағы нарықты кеңейтеді

16.11.2018

Esi ketken eskini alady

16.11.2018

Ұлттық терминология жайы толғандырады

16.11.2018

Бас редактор шырқаған «Үкілім-ай»

16.11.2018

Ақиқаттың алдаспаны

16.11.2018

Тариф көтерілді, сервис деңгейі ше?

16.11.2018

Экономикалық әріптестік жандана түспек

16.11.2018

Науқаншылдыққа бой алдырмасақ екен - Тимур Бектұр

16.11.2018

Оралмандар үміті – «Отандастар» қоры

16.11.2018

Ғылым саласында қолдау да, қиянат та бар - Әлімхан Жүнісбек

16.11.2018

Атадан туған аруақты ер

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз?

16.11.2018

Тариф көтерілді, сервис деңгейі ше?

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу