«Қасқырлар қоршауынан» «Жерұйыққа» дейін

Туған ауылынан 30 ша­қырым қашықтықта орна­ласқан мектеп-интернатта оқитын 13-14 жастағы жасөспірім бала жаңа жыл қар­саңында шаңғымен үйіне қарай жолға шығады. Кенет бас­талған алай-дүлей боран ен далада жалғыз қалған қаршадай баланы алған бағытынан адастырады да жібереді. 

Егемен Қазақстан
30.03.2018 7540
2 Режиссер С.Тәуекелдің "Жерұйық" фильмінен көрініс

Бір кезде аспан да, жер де көрінбейтін уілдеген ап­пақ әлемде ұлыған боран мен қасқырдың дауы­сы қосарлана шығады. Соңынан ерген екі-үш қасқырды бай­қаған бала алдынан шыға келген мая шөптің арасына ойлан­бастан күмп береді де ке­теді. Қасқырдың азуына ілінбеудің амалын жасамақ болған бала жаңағы мая шөптің ішіне қарай тере­ңірек барып тығылады. Сөйтіп мая шөптің маңайын торуылдаған қасқырдың, ішіндегі жан-жағын қау­малап, үсті-басын жыбырлатып, «ойнақ салған» ақ тышқанның қоршауында жаңа жылды қарсы алып, түні бойы сол жерде отырады. Осылайша қиын кез­де еш сасқалақтамай, ты­ғы­рықтан шыға білген жас­өспірім – бүгіндері қазақ өне­­рі мен мәдениетінің белді өкілдерінің біріне айналған белгілі кинорежиссер, продюсер, Қа­зақ­станның еңбек сіңір­ген қайраткері Сламбек Тәуе­кел еді. 

Жалпы, адам болмысын,­ тұл­ғалық қасиетін тану­да балалық шағына назар ауда­ру өте маңызды ғой. «Ка­­захстанская правда» га­зе­тінің 2009 жылғы қаң­тар айын­да жарияланған «В ком­пании волков» атты естелік мақалада баян­дал­ған жа­ңағы оқиға бүкіл са­налы ғұ­мыры қазақ киносымен біте қай­насып кет­кен Сламбек Тәуекелдің тұлғалық қасие­тінің ең бір маңызды кілті іспетті. 

Ұзақ жылдар кино саласында басшылық қызмет­тер­де болған Сламбек Тілеу­ғабылұлының бойында әрі ұйым­дастырушылық, әрі режиссерлік, продюсерлік қа­сиеттердің бірдей тоғы­суы да кездейсоқ емес. 

Ізденімпаздық пен ең­бек­­қорлық кейіпкеріміз үшін,­ шынында да, бала кезі­нен-ақ жат болмапты. 

Павлодар облысының Ми­хай­лов ауданы Жаңабет ауы­­лынд­а дүниеге келген Слам­­бек әкесінен ерте айырылады. Ағасы Ескен екеуі кезін­де Қаугөл деп аталған Железинка ауданының сол­­түс­тік-шығыс өңірі­нің болысы болған, ше­шен­­­дігімен, әділет сүйгіш­тігімен елге ке­ңінен таныл­ған нағашы атасы Мұқамет­жан Едігеұлы және әжесі Ырысалдының қо­лында тәрбиеленеді. Анасы Мағы­пира сырмақ сырып, алаша, кесте тоқу, киім тігу сияқ­ты он саусағынан өнер тамған қолөнерші болған екен. Ана­сының осы қасиеті дары­ған болуы керек, мектепте оқып жүргенде сурет салуға деген құмарлық пайда болады. Оған қоса, аудандық газет­ке тілші ретінде мақа­лалар жазып тұрады. Мәс­кеудегі Бүкілодақтық мем­­лекеттік кинематография инс­титутының экономика­ факультетін бітіріп кел­ген алғашқы жылдары-ақ «Кү­найна» мультфильмінің сце­­нарийін жазуы (1975, реж. Әмен Қайдаров), 1990 жыл­­дардың басында көр­кем­суретті және деректі фильм­дерді түсіруге бет бұ­руының өзі кездейсоқ емес екені осы­дан-ақ белгілі болса керек. 
23 жастағы жас жігітке институт бітіріп келе салы­сымен «Қазақфильм» ки­­­но­­студиясындағы муль­­ти­п­ликациялық бірлестіктің ди­ректоры деген жауапт­ы қызмет жүктеледі (1971).­ Бұл – қазақ муль­типлика­циялық киносының өмір­ге келгеніне үш-төрт-ақ­­ жыл ғана болған кез еді.­ Дүниеге жаңа келген өнер­­дің аяққа нық тұр­уы жо­лында атқарылар жұ­мыстың шаш етектен болары белгілі. Осынау қиын да күрделі әрі қызықты іске үлкен құлшыныспен бі­лек сыбана кірісіп кеткен жас маман ә дегеннен өзі­нің ұйым­дастырушылық-шы­ғар­машылық әлеуетін дәлелдеп үлгереді. 
Арада екі жыл өткенде (1973) Қазақ КСР-інің кинематография жөніндегі Мем­­лекеттік комитеттің ки­но­өндірісі бөлімінің басшысы бо­лып тағайындалады. Кино өндірісі мен шығар­машылық жұмыстарды ұйым­дастыруда біраз тәжі­рибе жинап үлгер­ген жас маман 1975-1980 жыл­­дары Ш.Айманов атын­дағы «Қа­зақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, бірінші орынбасары болады. 1980-1990 жылдар аралығында Мемлекеттік кинематография комитеті тө­рағасының орынбасары – ки­ностудияның директоры қызметін атқарады. Осы жылдары кино өнері бойын­ша көркемдік кеңестің тө­р­аға­сы қызметі де бірге ат­­қарылады. 

Қазақ киносының бағыт-бағ­дарын айқындауда, күн­діз-түні тынбай еңбек етуде ол жалғыз болған жоқ. Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов, Әмен Қай­дар, Мәжит Бегалин, Ораз Әбішев, Әзір­байжан Мәмбетов, т.б. сияқ­ты су­рет­керлер мен­ Өзбек­әлі Жәнібеков, Ми­хаил Есен­әлиевтей қо­ғам­ қайрат­керлері, Камал Сма­йылов, Лейлә Ғалым­жа­нова, Олжас Сүлейменов сияқ­ты кинокомитет төраға­лары – министрлер, Қалтай Мұ­қамет­жанов, Әбіш Кекіл­баев, Әкім Тарази, Тө­лен Әбдік, Мұрат Әуезов сын­ды қазақ әдебиеті мен өне­рінің ірі қайраткерлерімен бірге атқарылған істер кино өнерінің сан қырлы құпиясын мейлінше жетік меңгеруге, оның даму бағыттарын болжап, жүзеге асыруға көп әсер етті әрі тә­жірибе салмағы басым бола түседі. 
Жалпы, қазақ киносы үшін мамандар тапшылығы ылғи да сезілген ең бір өзекті мәселе болғаны белгілі. Бауыр­жан Нөгербек, Ораз Рымжанов, Серік Райбаев, Болат Омаров, Максим Смағұловтармен бірге инс­­титут бітіріп, киностудия жұмысына араласа бас­таған 1970 жылдардың басында да бұл мәселе күн тәртібінен түспеген еді.  Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықовтар бірінен кейін бірі өмірден өткен жыл­дары, қазақ киносы біраз уақыт тоқырау кезе­ңін басынан кешті. Қазақ кино­сының бола­шағы үшін өз мамандарын даяр­лау керектігі оны мазалаумен болады. Осы бір өзекті мәселенің ше­ші­мін табудың бір жолы ре­тінде республиканың сол кез­дегі кино басшылығына Мәс­кеудегі Бүкілодақтық мем­лекеттік кинематография институтына қазақ жастарын оқуға жіберуге ұсыныс жасайды. Киностудия жанынан арнайы курстың ашылып, оған келген талап­керлер арасынан талантты жастардың іріктеліп, оқуға аттануына ықпал етеді. Көп уақыт өт­пей-ақ бұл жастардың фильм­дері «жаңа толқын» деген атау­­мен қазақ киносының та­ри­хына енді. Осылайша Л.Ғалымжанова, О.Сүлей­менов, М.Әуезовтер­мен бір­ге «жа­ңа толқын» кино­­ның дүниеге келуіне себепкер бол­ды. 

Сламбек Тәуекелдің қа­зақ киносын насихат­тау­дағы та­ғы бір маңызды жобасы – 1996 жылы Тәуел­сіздігіміздің бес жыл­ды­ғына әрі кино өнерінің жүз жылдығына орай «Си­не­ма-100» халық­ара­лық киномарафонын ұйым­­­дастырды. Әлемнің 23 мем­лекетін аралап өт­кен кино­марафон, шынында да, Орталық Азия, ТМД, Еуропа елдерінің мә­дени өмірінде ерекше оқи­ға ретінде орын алғаны есі­мізде. Сондай-ақ, 1998 жы­лы тұңғыш рет өткен, бү­­гіндері Қазақстанның ғана емес, әлемдік кино өне­рі­нің кеңістігінде ма­ңыз­­­ды шаралардың біріне ай­налған «Еуразия» ха­лық­­ара­лық кино­фестивалін ұйым­дасты­ру­шылардың бі­рі болды. 

Жалпы, Сламбек Тәуе­кел­­ге суреткер ретінде тұл­ға және халық, тұлға және қоғам та­қырыптары аса жақын. Уақыттың, кейіп­кердің бей­несі тұтастықтан жеке-жеке бөлшектерге бө­лініп барып, сол тұтас­тық­қа қайта оралады. Мәселен, «Сәтбаев: ғасыр адамының толғауы» (2000) атты деректі фильмін ала­йық. Сламбек Тәуекел ұлы ғалым­ның бейнесін көр­сетуде шы­ғар­машылық ізденістерге толы қызықты жолды таң­дай­ды. Шынында да  бұл фильмнің жеке тұл­ғалардың өміріне арнал­ған біраз еңбек­термен са­лыс­­тырғанда ерек­шелігі көп. Архив материалдарын ұйымдастыру, кине­ма­то­­графиялық формасы­ жа­ғынан өте қызықты шық­­қан бұл фильмде тек кейіп­кердің ғана емес, ол өмір сүрген уа­қыттың, халық­тың бейнесі кезек­тесе оты­рып, алдыңғы қатарға бірі­нен кейін бірі шығады. Осы­лайша олар бір кезде тұтас бейнеге айналады. Нәти­жесінде уақыт, халық, Сәт­баев біртұтас бейне болып шыға келеді. 

Сламбек Тәуекелдің фильм­­дерінде кейіп­кер­леріне де­ген ғажап бір сүйіс­пеншілік, сый-құр­мет, ілтипат бар. Ол үшін әрбір кейіпкер – қай­та­ланбас, аяулы да нәзік әлем. Кинематографиялық қа­лып­­қа саларда оған өзі үшін баға жетпес аса бір құнды әлемдей назар аударады. Әсіресе белгілі театр және кино әртістері Та­мара Қосыбаева, Сағи Әшімов, Кененбай Қо­жа­бе­­ковтердің өмірі мен шы­ғармашылығына арнал­ған «Актриса апа» (2008), «Са­ғыныш» (2011) және «Төзім» (2013) деректі фильмдерін осындай шы­ғар­маларының қатары­нан еке­нін айтқымыз келеді. 

Тұлға және қоғам, уақыт және халық – Сламбек Тәуе­келдің «Батыр Баян» (1993), «Махамбет» (2008), «Жер­ұйық» (2010) атты көр­кемсуретті фильмдеріне де тән тақырыптар. Белгілі кино­­танушы Бауыржан Нөгер­бек «Істің адамы» деген мақаласында «Слам­бек Тәуекел режиссер ретін­де халықтық киноның дәс­түрлерін жалғастырып келеді» деп жазды («Кино­ман» журналы, №4, 2008, 13-бет). Шынында да Слам­бек Тәуекел – тек де­ректі шығармаларымен ғана емес, көркемсуретті фильм­­де­­рімен де халықтық кино тү­сіріп келе жатқан режиссер.

«Бұлақ көрсең кө­зін аш» дейді қазақ. Бүгін­дері Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінде бола­шақ режиссерлер мен продю­серлерді тәрбиелеп жүрген Сламбек Тәуекел жас кине­матографистердің шы­ғар­машылығын үнемі қол­даудан, ақыл-кеңесін беруден жалыққан емес. Олар түсірген бір жақсы фильмді көре қалса, шынайы қуанған сәттеріне талай куә болдық. «Ұстазы жақсының – ұстанымы мық­ты» дейді. Ертең қазақ киносына дәл өзіндей адал қызмет ететін жалынды, дарынды жастардың келіп қосылатынына, әрине, бек сенімдіміз. 
      
Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ,
кинотанушы, өнертану кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу