Қазақстан • 30 Наурыз, 2018

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауына қазылық етеді

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының әділ қазылар алқасының құрамына енетін болды. Бұл туралы ол Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауына қазылық етеді

«Бұл байқау менің өмірімде өте маңызды рөл атқарды. Халықаралық бірнеше байқауда топ жарып, әртүрлі концерттерге, Қазақстан мен шетелдегі бірқатар ТВ жобаларға қатысқаннан кейін, «Славян базарында» жеңіс тұғырына көтерілдім. Дәл сол Беларусьте өзімді танымал әнші ретінде сезінген едім. Мен осы байқауды үлкен сахнаға жол ашып, өз елімнің мәдениетін паш етуге мүмкіндік бергені үшін қатты жақсы көремін. Осы жылы мен «Славян базарына» мейман әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде барамын. Барлық dears-ты менімен бірге сол байқауға барып қайтуға шақырамын. Көріскенше, Беларусь! See you in July. See you dears in Belarus», - деп жазды Инстаграмдағы парақшасында әнші.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.