Парламент • 30 Наурыз, 2018

Сенатор Т. Мұқашев ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссиясы мен Сарапшылар кеңесінің жұмысына қатысты

482 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылы 29 наурызда Санкт-Петербургте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстары болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі. 



Сенатор Т. Мұқашев ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссиясы мен Сарапшылар кеңесінің жұмысына қатысты

Комиссия отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев пен Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі – ҰҚШҰ Жауапты хатшысының орынбасары Виктор Рогалев қатысты.

Отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, олардың бір бөлігі ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің биылғы сәуірдегі Кеңесінде талқылауға шығаралатын болады.

Сенатор Төлеубек Мұқашев Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық тұрақты комиссиясының мүшелері алдында «Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы 2018 жылғы төрағалық етуіндегі басымдықтары туралы» және «ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы қысқы сессиясының (Вена, 2018 жылғы 22-23 ақпан) қорытындылары туралы және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы жазғы сессиясының (Берлин, 2018 жылғы 7-11 шілде) алдын-ала күн тәртібі туралы» баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Виктор Рогалев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының 2018 жылы 18 наурызда өткен Ресей Федерациясындағы президент сайлауына халықаралық байқауға қатысуы жөніндегі қорытындылармен комиссия мүшелерін хабардар етті. Тұрақты комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Тұрақты комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін депутаттар мен шақырылғандар Кировск қаласына барып, Ленинградтың қоршаудан босатуға арналған шайқастар көріністерін көрді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше мемлекеттердің жоғары заң шығару органдарының өкілдері адамзатты фашистік қатерден азат ету үшін қаза тапқан батырлар ескерткішіне тағзым етті.