Кәсіпқой бокс • 01 Сәуір, 2018

Қазақстандық боксшы қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

Ол 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньеспен (18-5-1, 13 КО) жұдырықтасты. Бірінші орта салмақтағы 8 раундтық айқасты Жүкембаев небәрі алғашқы раундтың 35-секундында техникалық нокаутпен аяқтады.  

BoxRec басылымының редакторы Филипп Ст-Мартиннің айтуынша, Батырға жеңіс үшін небәрі екі соққысы жетіп жатқан. Бұл кәсіби бокстағы Батырдың 12-інші жеңісі, ал Нуньес кәсіби бокста осымен алтыншы рет қарсыласына есе жіберіп отыр.