Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Оралда іскер әйелдер форумы өтті

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдердің облыстық форумы өтті. Форумға кәсіпкерліктің әр саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.

Оралда іскер әйелдер форумы өтті

Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Сәкен Кариндер қонақ ретінде қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова форумда арнайы баяндама жасап, қыз-келіншектер қолға алған кәсіпкерлік істердің жетістігі мен қиындық тұстары жайлы айтып өтті. Ел дамуындағы әйелдердің рөлі, іскер әйелдерді қолдау, жалпы әйелдер қауымының экономикалық белсенділігін арттыру тақырыбы түрлі баяндамаларда көтеріліп, талқыға түсті.

Бұл күні «Балзия» кондитерлік цехы мен дүкендер желісінің қожайыны Балзия Евенеева, «Мария ханым» сән үйінің құрылтайшысы Мария Құспанова, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялар университетінің құрылтайшысы Ләззат Рысбекова, «Жайық Дент» стоматологиялық орталығының құрылтайшысы Меруерт Мусина және басқа да табыскер қыз-келіншектер Батыс Қазақстан облысының әкімінің мақтау қағазына ие болды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал